Басейннің тұсауы кесілді PDF Печать E-mail

Сәрсенбі күні Жетісай қаласында аудан тұрғындарының көптен күткен бассейннің ашылу салтанаты болып, тұсауы кесілді. Қалаға кіре беріс жерден орын алған «Акварай» ЖШС «Лауия» жазғы демалыс орнының құрылысы қыста басталған болатын. Бұл демалыс орны заманауи үлгіде барлық талаптарға сай. Ересектерге арналған үлкен хауыздың жанынан кішкентай балаларға да жағдай жасалған. Балаларға арналған бассейннің көлемі 5х10 ш/м болса, ересектердікі 30х10 ш/м. Суының сыйымдылығы 730 тонна. Бассейннің суы көпшіліктің ойлап жүргеніндейжанындағы каналдан емес, ауданымыз бойынша суы тұщы деп саналатын Достық ауыл округіндегі Абай ауылынан тасып толтырылады екен. Су әр жарты сағат сайын фильтмен тазартылып тұрады. Бассейнге түспес алдын қабылдайтын дущы да заманауи үлгіде дайындалыпты. Сондай-ақ, суға түсуге келген көпшіліктің демалып, тамақтануына барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Түрлі сусындар мен ас мәзірі тәбетіңді ашады. Әрі ауданымыздың 30-дам астам жұмыссыздары жұмыспен қамтылуда.
Жобаның құрылтайшысы жиырма жыл ұстаз болып, бүгінде зейнетке шыққан ауданымызға танымал кәсіпкер Ұлту Бердібайқызы Тәжібаева:

  • Балаларға арнап қаламыздың бір шетінен болса да бассейн салайын деген ой түйдім. Бұл ойымды балаларым да қуана қолдады. Жетісай қаласының басшыларына көп рахмет, қолдарынан келгенше жәрдемдерін аямады,-деді ағынан жарыла.

    «Акварай» жазғы демалыс орнының ашылу салтанатында Ж. Бейсенбаев, О. Дәндібаев, И. Үмбетаев, Ә. Байдуллаев, Б. Сыздықовтар көпшілікті бүгінгі қуаныштарымен құттықтап, кәсіпкер Ұлту Бердібайқызына алғыстарын білдірді.
Э. Өсербекова.  

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!