Ауданда І Ұлттық Дельфийлік ойындар өтті PDF Печать E-mail

Жуырда аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мақтарал» мәдениет үйінде Аудандық І Ұлттық Дельфийлік ойындарын өткізді
Бұл ойын әлемдегі ең ерекше, барлық мәдениет, ұлттық және халықаралық жанрды қамтитын жарыс болып табылады.
Дарынды жастарды қолдау, жас буынның патриоттық санасын және өз еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген жарысқа ауыл клубтары  мен оқу орындарынан келген 30-дан астам өнерпаздар қатысып, бақ сынады.
Қатысушылар ұлттық аспаптар домбыра тарту, поэзия, халық биі, эстрадалық ән салу  жанрлары бойынша сайысқа түсті.       
Әр номинация бойынша ауданымызға танымал өнер қайраткерлері енген қазылар алқасы құрылып, сайысты әділ бағалап отырды.       
Жарыс қорытындысында ұлттық аспаптар домбыра тарту жанры бойынша І-орынды Жасұзақ Алмас, ІІ-орынды Әбдішайых Мұхаммед, ІІІ-орынды Әнәпияев Бақытжандар иеленді. Поэзия бойынша І-орынды Шарап Ізет, ІІ-орынды Файызханов Әлихан иеленсе,ІІІ-орын Жайсаңбаев Жандосқа бұйырды. Халық биі жанрында  І- орынды  «Ерке» би тобы иемденіп, ІІ-орынды Қойжігітова Айжан еншіледі. Эстрадалық ән салуда Дүйсебеков Саят І-орын иеленіп, Ақмырзаева         Ләззатқа ІІ-орын бұйырды. Өскенбай Әбдіхамит ІІІ-орынды еншіледі.
Жүлделі орын  алған өнерпаздар арнайы дайындалған дипломдар мен бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!