Насихаттық топ ауданымызда PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданындағы «Сырдария» университетінің «Жастар сарайында» аудан жұртшылығының өкілдері, студент жастары, еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын талқылауға, насихаттауға келген облыстық насихат тобымен кездесті.
Жолдауды насихаттауға арналған бұл бас қосуда Оңтүсті Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясының қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы М.Төлентаев, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Б.Көмекбаева, ОҚО бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы Ө.Панзарбек, ОҚО салық департаментінің қызыметкері Ә.Сағынбековтар Жодауда алдымызға жаңа мақсаттар мен биік асулар қойылып отырғанына кеңінен тоқталып, алдағы жаңа тарихи кезеңде оны дамытудың міндеттерін орындауға бір кісідей атсалысуға шақырды.
Жиын басырсында Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жолдыбаев, аудандық «Жастар ортаығы» КММ-інің директоры Н.Бахтияров және басқада азаматтар сөз алып, өз ойларымен бөлісті.
Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Құдайберген Ержан сөз сөйледі.
Жиынды аудан әкімі С.Тұрбеков жүргізіп отырды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!