Жолдауды талқылады PDF Печать E-mail

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің  ұстаздарынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ Мақтарал ауданда кездесу өткізді.
Елбасымыз ауылды, ауыл шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөліп, қамқорлықтан қақпай, жанашырлықпен қолдап келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты  жолдауында  ауыл мәселесіне ерекше тоқталып, алдағы жаңа тарихи кезеңде оны дамытудың міндеттерін айқындап берді.
Жолдаудың білім берудің заманауи жүйесі мен кадр дайындауды айқындап бергенінін тілге тиек еткен  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші проректоры, ҚР ҰҒА корр. мүшесі Қ.М.Тіреуов өзінің сөзінде  «Қазақстан қарқынды экономикасымен, өте сауатты саясатымен, әрине, халықаралық жоғары беделімен мықты мемлекет болып қалыптасты. «Қазақстан-2030» Стратегиясында қойылған негізгі бағыттар мен көрсеткіштер мерзімінен бұрын абыроймен орындалды. Осыған байланысты Жодауда алдымызға жаңа мақсаттар, биік асулар қойылып отыр.  Еліміздегі білім саласының ілгері дамуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жан-жақты қолдауының және оның бастамаларының арқасында жүзеге асуда. «Аграрлық сектордың даму деңгейі әр кезде де қоғамымыздың әлеуметтік экономикалық әл-ауқатының айқындаушы факторы болады» – деген тұжырым арқылы Елбасы сала басшыларының алдына нақты талаптар қойып отыр. Қойылған биік талапты жүзеге асыруда аграрлық салаға арнап дайындалатын маманның алатын орны ерекше.» деді.
Ел болашағы білімді, іскер жастар екенін ерекше атап өткен Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында білім мен ғылым саласында жаңаша даму бағытын міндет етіп отыр. Мысалы, мектепке дейінгі дайындықпен 100% қамтамасыз ету. Мұндай көрсеткіш біздің тарихымызда болып көрмеген. Кәсіптік техникалық және жоғары білім беру Қазақстан экономикасының нақты талаптарына сай даярлануы қажет. Бұл міндет еңбек нарығының талаптарына сай жаңа деңгейде жоғары мамандарын даярлап, оқу жоспары мен бағдарламаларды түпкілікті қайта қарауға міндеттейді. Стратегияда қойылған жаңа мақсаттар мен көрсеткіштерге орай мемлекеттік тапсырыстар құрылымын қайта құру керек. Еңбек нарығындағы барлық құрылымдарды мүлдем жаңаша құрып, ел азаматтарын, білім және бизнесті, мемлекеттік – жекеше әріптестіктің тиімді түрлерін табу қажет екендігіне Қазақ ұлттық аграрлық университеті студенттер контингентін қалыптсатыру орталығының директоры М.Қ.Қамысбаев,  университет профессоры Т.Атақұлов және басқада ұстаздардың  жасаған баяндамасында жан-жақты айтылғанына  көз жеткізуге болады.
Оңтүстік Қазақстанның ең ірі өндірістік-аграрлық аймағы Мақтаарал ауданы. Онда қазіргі нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланған. 300 мыңнан астам халқы бар аймақтың жері де өте құнарлы, мақта, көкөніс-бақша өсіруге қолайлы. Аймақ Қазақстандағы негізгі ең ірі мақта шаруашылығы дамыған өңір екендігіне  кеңінен тоқталған аудан әкімі С.Тұрбеков, жиынды қорытындылап, Жолдауда белгіленген тапсырмаларды орындауға бір кісідей атсалысуға шақырып, мақтаралдықтар Мемлекет басшысының  Жолдауын бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Жиында басқа да азаматтар сөз  алып, «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатқа қатысты өз ойларымен бөлісті.
Дәулет ЕРІМБЕТ

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!