Ауданда жаңа білім ордасы ашылды PDF Печать E-mail
Мақтарал ауданының Абай ауылдық округіндегі Бейбітшілік ауылында 200 орынды Титов атындағы жалпы орта мектептің жаңа ғимараты есігін айқара ашты. Сонау 1960 жылы 4 сыныптық болып ашылған бұл білім ұясы 1962 жылы сегізжылдық 1972 жылдан онжылдық болып қалыптасты. Мектепке Кеңес Одағының басытыры, ұшықыш, ғарышкер Герман Степанович Титовтың есімі берілген. Елу жылдан бері ыңғайласытырлған ескі жайда оқып келе жатқан балалар мініе, Елбасының «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында жаңа мектепке ие болып отыр. Қазір мұнда 1000-нан астам оқушы білім алуда. Оларға 90-ға жуық ұстаз дәріс береді.
Жаңа білім ордасының ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі С.Тұрбеков осындай сапалы да көркем ғимаратты небәрі 10 айда пайдалануға берген «Нұркен-Проект» ЖШС (басшысы Қ.Досаев) құрылысшыларына, аудандық құрылыс бөліміне (Н.Қалисев) алығысын айтты. Мектеп директоры М.Спархановтың білікті ұйымдастырушылығына, ұстаздар қауымына ризалығын білдіріп, 2 компьютерді сыйға тартты.
«Нұркен-Проект» ЖШС атқарушы директоры С.Пыхлев мектеп басшысына символикалық кілтті салттанатты түрде тапсырды.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!