Ауылға таза ауыз су келді PDF Печать E-mail
Мақтарал ауданындағы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Әлімбетов ауылының тұрғындары Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында үлкен қуанышқа кенелді. Қырық жылдан бері кермек су ішіп келген ауылға Елбасының «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес 19 млн. 797 мың теңге қаржы бөлініп, жаңа ауызсу нысаны іске қосылды.
Құрылысты биыл сәуір айында бастаған «Бекмаржан» ЖШС (М.Абжанов) құрылысшыларына дән риза болған ауыл тұрғындарында шек жоқ. Жаңа нысаның ашылу рәсімінде лента қиған аудан әкімінің орынбасыры Ә,Әбжанов көпшілікті шын жүректен құттықтады.
Мұнда мембранды технология бойынша «Эйкас» фирмасының жаңа су тазарту қондырғысы орнатылған. Қондырғы тәулігіне 10 текше метр су тазартады.
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!