Мақтаралда жаңа ивестициялық жоба іске қосылды PDF Печать E-mail

Елбасының тапсырмасымен қабылданған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал ауданында  бір жоба мақұлданып,  Жетісай қаласында  «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-і мақта қозапаясынан құрылыс-жиһаз тақташаларын (ДСП) өндіретін зауыт 2012 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Президентінің басшылығында өтеткен телекөпірде ашылу салтанаты өткізіліп,   іске қосылды.
Бұл –өндірісте отандық шикізат үлесін арттыру бойынша берілген Мемлекет басшысы тапсырмасының нәтижелері.   
Жобаның жалпы құны 450,0 млн.теңгенің 249,1 млн.теңгесі қаржы лизингі арқылы АИО «Максимум» ЖШС-і қаражаты есебінен, қалған 200,9 млн.теңгесі кәсіпкердің өз қаражаты. Жылдық қуаты 30,0-50,0 мың куб/м құрылыс плиталарын /ДСП/ өндіру.  Сонымен қатар іске қосылатын өндіріс цехымен біргелікте цехтың  жанынан құрылыс клей цехын да іске қосу жоспарланған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 1 бағыты аясында өндірістік инфрақұрылымды (газ және су құбырлары, электр желілері, жол ) жетілдіру  мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Соңғы жылдары кәсіпкерлік салада қандай да бір жобаны іске асыру алында оның тиімділігін, дамыған елдердің жаңа технологиялары мен тәжірибелері зерттеледі. Бұл жол да «Сапа Инвест Плюс» ЖШС аталған жобаны іске асыру алдында қозапаядан құрылыс-жиһаз тақташаларын шығаратын бірнеше мемлекеттердің жұмысымен, тәжірибелерімен танысып, нәтижесінде Қытай мемлекетінің технологиясы бойынша,  барлық стандарттары сақтала отырып жаңа зауыт салынды.
-Зауыт іске қосылып, жұмыс жасағанан кейін,- дейді «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-інің директоры Мұзарапұлы Нұрмұрат,- алдағы уақытта әртүрлі бағыт бойынша 9 жобаны іске асыруды көзеп отырғанын, бұрынғы уақытта  мақта қозапаясы пайдаға аспай тек қана отын ретінде пайдаланып келгенін, одан қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында құрылыс тақтайшаларын тағы басқа да түрлі заттар  жасап, шығаруға болатынын   айтты.
Зауыт толық іске қосылған уақытта 80 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылу көзделуде. Шикізат көзі мол. Аудан көлемінде 136 мың гектарға жуық егістік алқаптары бар, оның ішінде 95 мыңнан астамы мақта алқаптары.
Бүгінгі таңда серіктестік басшылары шаруалармен арнайы келісім-шартқа тұрып, мақта қозапаясын сатып алып, жылдық қуаттылықа қажетті қозапая шикізатын жинау жұмыстарын жүргізуде.
Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары көптеп ашылса, мұның бәрі осы саладан түсетін бюджет кірісінің ұлғайуына әкелетіні сөзсіз айдан анық.
Ауылдық елді мекендерді дамытуға мемлекет ерекше назар аударып отырғанын әр бір мақтаралдықтар жақысы біледі.
Аудан әкімі Серік Тұрбеков «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-і заутының ашылу салтанатына жиналған көпшілікті ауданда жүзеге асырылып жатқан ивестициялық жобаға ризашылығын білдірді және жақсы жаңалықтарымен құттықтады.

                                                                                                  Дәулет Ерімбет

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!