Аудан әкіміне жүктелген қызметтер мен міндеттердің 2012 жылдың 6 айында іске асырылуы жөніндегі есебі PDF Печать E-mail
Өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласы

Аудандағы 35 өнеркәсіп орындары 2012 жылдың 6 айында жоспардағы   2 млрд. 500 млн. теңгенің орнына 2 млрд 512,7 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, орта мерзімдік даму жоспары 100,5 %-ға орындалды. 2011 жылдың 6 айында 1 млрд 905,8 млн теңгені құраған. (2011 жылы 12 ай-  4 млрд. 753,6 млн. теңге)
Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2011 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы – 12 566 тоннаға артып отыр. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,7 % пайызды құрап отыр.
Ауданда шағын кәсіпкерлік саласының 2012 жылғы 1-шілдедегі жағдайы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22040-ты, одан нақты белсенді жұмыс істеп тұрған тұлғалар саны 20185-ті құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады,  оларда 32,9 мың адам жұмыс істейді. Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім (жұмыс,қызмет) көлемі 901,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға жетті, бюджетке жалпы 67,9 млн. теңге салықтық төлемдер құйылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады.
«Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Мақтарал ауданы өнеркәсібін дамыту үшін 2012 жылы іске асырылуы жоспарланған 2  жоба енгізіліп, («Сапа Инвест Плюс» ЖШС, «Атамекен МК» ЖШС) іске қосу үшін жұмыстар атқарылуда.Сонымен бірге 2012 жылдың II жарты жылдығының өзектендіру кезеңінде 2 жоба (өсімдік майын өндіру, кун сәулесінен қуат алатын панельдер өндірісі) картаға қосымша ұсынылады.
«АтамекенМК» ЖШС-і бойынша қазіргі таңда бизнес жоспары жасалынып, құрал-жабдықтар алынып, монтажы жүргізілді.
«СапаИнвестПлюс» ЖШС-і бойынша қазіргі таңда ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылған.
«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы
Есепті кезеңде пайыздық ставкаларын субсидиялауға 1жоба сомасы 15 млн.тенгеге (ЖК Жайлымшиев М-заманауй нан цехы) енгізіліп және 8 жобаны енгізу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде:
банк кредиттерін субсидиялау 4 жоба - (ЖК Исмадияров А- тігін фабрикасы, Жеңіс ЛТД ЖШС – қызмет көрсету, ЖК Мырзабекова Р құрғақ тағам цехы, «Шапағат нұры» ЖШС ойын сауық кешені);
инфрақұрылымды жеткізу бойынша 4 жоба («Қыш зауыты» ЖШС, «Ақ май» ЖШС, «Сапа Инвест Плюс» ЖШС, ЖК Жумабаев Х. агрокешен).
Индустриалды аймақ құру бойынша қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, индустриалды аймақтың меншік құқығын анықтау жұмыстары, ақпараттық – анықтамалық жұмыстар, өндірістік инфрақұрылымы жеткізілген жер телімін іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Локомотивті жобалар бойынша ауданға басым бағыттағы 5 жобаның қаржыландыру көздері анықталып, оларды іске асыру бойынша іс-шара жоспарлары бекітіліп  тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Айбек» құрама жем дайындау цехы, «Ак алтын Береке» сүт зауытын модернизациялау,  «Жер ана» ШҚ томат пастасы цехын ашу,  «Атамекен» ЖШС мед вата цехын модернизациялау, «Ак май» ЖШС май шығару зауытын қосымша жабдықтау.
2012 жылдың 6 айында Жетісай қаласынан жеке кәсіпкер С.Абдрайымов 1 ет өңдеу (фарш дайындау) цехы, Мырзакент кентінде жеке кәсіпкер М. Тутанов 1 көкөніс өңдеу (томат пастасын шығару) цехы іске қосылды.
2011 жылы түрлі қаржы институттары тарапынан берілген қаржы көлемі 4 млрд. 379 млн. 100 мың тенгені құраса, 2012 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 2 млрд. 954 млн. тенгені құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы және жер мәселелері
2012 жылдың І жарты жылдығы бойынша тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4 млрд. 260 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 5 млрд 486,4 млн теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 709,8 млн. теңгеге артып отыр. Нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 114,8 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштерге дихандардың қажырлы еңбегі мен мемлекеттің тұрақты қолдауының арқасында жетті.
Ауданда ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жер көлемдерін әртараптандыру мақсатында, 136,0 мың га егістік жердің 95820 га жеріне мақта (2011 ж -101261,9 га), 21461 га жерге бақша (2011 ж – 14571,8 га), 137 га жерге бидай (2011 ж – 132,3 га), 1530 га жерге жаңа жоңышқа, 3332 га жерге дәндік жүгері (2011 ж – 3776 га), 2345 га жерге күріш (2011 ж – 1634,6 га), 2759 га жерге түрлі көкөністер (2011 ж-3657,2), 488 га жерге маш (2011 ж – 772,2 га), 2254 га жерге сүрлемдік жүгері, 182 га жерге күнбағыс (2011 ж-228 га) егілді. Көп жылдық екпелердің үлесі 4201 га жерді құрап отыр.
2012 жылдың 6 айында 70308 тонна бақша дақылдары, 32261 тонна көкөніс, 32592 тонна жоңышқа дақылдары өндірілді.
Ауданда жалпы 21675 дана түрлі ауыл шаруашылық техникалар, құрал-жабдықтар мен агрегаттар бар. 2011 жылы 156 дана түрлі ауылшаруашылық техникалары мен агрегаттар алынды.
2012 жылы 126 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу тапсырмасы берілген болса, 6 айда 93 дана түрлі техника мен құрал-жабдықтар алынып, тапсырма 73,8 пайызға орындалды.
2012 жылы ауданда сиымдылығы 2 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын салу тапсырмасы берілген. Есепті мерзімге Жаңа ауыл және Бірлік ауылдық округтерінде сиымдылығы жалпы 1 мың тонна болатын 2 дана қоймалар салынды (орындалуы 50%).
2012 жылдың көктем айларына (ақпан-мамыр) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген бағамен 6070,0 тонна ЖЖМ бөлінген. Аталған көлемнің 5700,0 тоннасы көктем айларында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге босатылды (Бас оператор - «ОРК Саби» ЖШС).
2012 жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне облыстық бюджет есебінен 14712,4 тонна аммиактік селитраға 408,2 млн.тенге, 1480,48 тонна суперфосфатқа 348,2 млн.тенге, 211,7 тонна аммофосқа 8,9 млн.тенге, 52 литр МЭРС-ке 0,55 млн.тенге, 15763,5 тонна гербицидке 14,2 млн.тенге, барлығы 16404,61 тоннаға 466,6 млн.тенге қаржы бөлінді. Аталған қаржы көлемін игеру жоспар бойынша жүргізілуде.
2012 жылдың 6 айында отандық тауар өндіруші «КазАзот» ЖШС-гі тарапынан субсидияланатын бағамен 12600,0 тонна аммиактік селитрасы ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жолданып, нақты алынды. Бөлінгені 14712,4 тонна. (Сұраныс 39 мың тонна)
Биылғы жылы суармалы егістік жердің мелиоративтік және ирригациялық жағдайын жақсарту мақсатында, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің коммуналдық меншігіне алынған Қызылқұм ауылдық округіндегі ұзындығы 2,8 шақырым К-30-32А каналы күрделі жөндеуден және 7 ауылдық округіне қарасты 148 дана жалпы ұзындығы 371,5 шақырым қашыртқылар ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жанынан құрылған «Табиғат қорғау» МКҚК арқылы механикалық тазалаудан өткізілуде.
2012 жылдың 1 қаңтарына барлық агроқұрылымдар саны 13533 дана. Биылғы жылы 4540 дана ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру тапсырмасы берілген. 2012 жылдың 6 айында 2501 ұсақ шаруа қожалықтары 9 іріленген  агроқұрылымдарға бірігіп, тапсырма 55,1 пайызға орындалып отыр.
Ауданда 2012 жылдың 1 қаңтарына жылыжайлар көлемі 33,02 га құраған. 2012 жылы жылыжайлар көлемін 14 га ұлғайту тапсырмасы берілген болса, бүгінгі таңға 10,1 га жылыжайлар салынды (орындалуы 72,1 пайыз).
2011 жылы аудан көлемінде тамшылатып суару технологиясы енгізілген жер көлемі – 467,2 га құрады. 2012 жылы қосымша 500 га жерге тамшылатып суару техноллогиясын ендіру бойынша тапсырма берілген болса, бүгінгі таңға 87,0 га енгізіліп (орындалуы 17,4 %), аудан бойынша барлығы 554,2 га құрап отыр.
Жалпы аудандағы 12 дана мақта тұқым шаруашылықтары мен «Қаз Мақта ҒЗИ» ЖШС-нің жер көлемін қоса алғанда мақта тұқым шаруашылықтарының жер көлемі 2807 гектар. 
Аталған тұқым шаруашылықтары, «Қаз Мақта ҒЗИ» ЖШС-гі мен мақта тұқым зауыты 2012 жылы барлығы 1369,2 тонна сапалы шит тұқымын дайындады (оның ішінде: 30 тонна элита, 388,7 тонна R-1, 950,5 тонна R-2). Қалған қажетті 1500 тонна тұқымдық шитті мақта зауыттары техникалық шит есебінен дайындаған.
Аудан бойынша 2012 жылдың 1 маусымына 102273 бас ірі қара мал (оның ішінде 37545 бас сиыр), 261357 бас қой, 5553 бас ешкі, 13144 бас жылқы, 1253 бас түйе, 2518 бас шошқа, 127190 бас құс есепте тұр.
Биылғы жылы асыл тұқымды ірі қара мал басын 2012 данаға арттыру тапсырмасы берілген. Орындалуы 3740 бас (185,9%).
Ауданымызда 2012 жылдың 6 айында сүт 43090,0 тонна (2011 ж 40876,2 тонна), ет 6762,0 тонна (2011 ж 6419,6 тонна) өндіріліп, жұмыртқа 7115,0 мың дана (2011 ж 6754,0 тонна) және 244,8 тонна жүн (2011 ж 412,4 тонна) алынып отыр. Орташа бір сиырдан сауылған сүт көлемі 1174 кг (2011 ж 1272 кг), бір мекиен-тауықтан алынған жұмыртқа 91 дана (2011 ж 91 дана), бір қойдан қырқылған жүн 2,3 кг (2011 ж 2,8 кг) құрады.
Ауданда 25 дана қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс істейді. Оның 1 типтік үлгідегі бекет («Ақ-Алтын Береке» АҚ), 24 бейімделген ғимараттарда орналасқан. Биылғы жылы 12300 бас ірі қара малды қолдан ұрықтандыру тапсырмасы берілсе, 6 айда 6835 бас қолдан ұрықтандырылды.
«Ірі қара мал әлеуетін арттыру» бағдарламасы шеңберінде («Сыбаға» бағдарламасы) 285 бас аналық ІҚМ алу тапсырмасы бойынша, 6 айда 31,8 млн. тенгеге 164 бас сатып алынды (орындалуы 57,5 %).
6 айда Қарақай а/о-не қарасты «Өнер» ш/қ-да жем цехы жұмыс істеп 47 тонна құрама жем дайындалды.
Құс шаруашылығын дамыту мақсатында, Нұрлыбаев а/о жеке кәсіпкер Кан Владелан бір қойылымда 6,0 мың жұмыртқа қойып, балапан шығаратын инкубатор орнатып жұмыс жүргізуде.
Ауданда 12 шаруа қожалығы мал тұқымын асылдандырумен айналысуда. Оның ішінде: 3 қаракөл, 7 қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын өсірумен, 1 қарабайыр жылқысын және 1 ірі қара мал өсірумен айналысуда.
Қосымша 5 шаруашылық субъектілері асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алуға ниет білдіріп, тиісті құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырылды.
Ауылшаруашылық дақылдарын өндіруде жаңа үрдістерді, бәсекелестікті енгізу мақсатында ауданда мақта өндірушілер ассоциациясы, «50 центнер» клубы құрылды, 3 шағын мақта өңдеу зауыттары ашылды, заманауи трактор тіркемелері жинақталуда.

Бюджеттік-салықтық саясат

Аудан әкімдігі, ауданның салық комитеті, қала, кент, ауыл әкімдерінің аппараттары бюджеттің кіріс бөлігін орындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізді. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2012 жылдың 1-жарты жылдығында салық контингенті бойынша болжамдағы 1 млрд. 184,5 млн теңгенің  орнына      1 млрд 247,6 теңге яғни жоспар 105,3 % пайызға (+63,1 млн. теңге) орындалды. 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 201,1 млн теңгеге артық орындалды. Ал, жергілікті салық бойынша 683,0 млн теңгенің орнына 732,9 млн теңге (+49,9 млн теңге) көлемінде салық пен міндетті төлемдер жиналды. Жоспар 107,3% пайызға артығымен орындалды. Былтырғы жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 103,4 млн теңге артық жиналды.
2012 жылға арналған аудандық бюджеттің 1-ші шілдедегі жағдайы бойынша бюджеттің шығысының жоспары 11 млрд 481 млн 314 мың теңге, ал кассалық орындалғаны 11 млрд 276  млн 702 мың теңгені құрап 98,2 пайызға немесе 204 млн 612 мың теңгеге кем игерілген. Оның ішінде:  трансферттер сомасы 69 млн 435,1 мың теңге жергілікті бюджет 135 млн 176,9 мың теңге.
Жалпы 2012 жылға аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 21 млрд 612 млн теңгені құрайды.

 

Құрылыс, сәулет, тұрғын үй шаруашылығы, газбен,
ауыз сумен және жылумен қамту, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі

Аталған мерзімде негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 3 млрд 533,7 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1 млрд 037,7 млн теңгеге кеміген. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың құрылымында 1 млрд 529,6 млн теңгесі республикалық бюджеттен, 791,6 млн теңгесі жергілікті бюджеттен, 1 млр 112,2 млн теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты, ал шетел инвестициясы қазірге тартылған жоқ. 
Негізгі капталға бағытталған инвестициялардың құрылымында 43,3 пайызы республикалық бюджеттен, 22,4 пайызы жергілікті бюджеттен 34,3 пайызы кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты.
2011 жылы  құрылысы басталып, 2012 жылға ауыспалы болған 1150 орынды құрайтын 4 мектеп құрылыс жүргізілуде. Оның ішінде Жамбыл ауылындағы 300 орындық Байзақов атындағы мектеп 29-маусымда  мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға тапсырылды.  2012 жылы 1300 орынды құрайтын 5 білім беру мекемелерінің құрылысы жүргізілуде.
2012 жылға 9 ауыз су нысаны құрылысына облыстық және республикалық бюджеттен қаржылар бөлініп тиісті жұмыстар атқарылуда. Ынтымақ  ауылдық округі Ақниет ауылы, Ділдәбеков  ауылдық округі Ленинабад ауылы, Қарақай  ауылдық округі  Қарақай ауылы, Ералиев ауылдық округі Арай, Көктөбе, Әлімбетов ауылдары, Асықата кентіндегі сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы, Мырзакент кентіндегі сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы, Жетісай қаласын сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  
Сонымен қатар құны 1 млрд 197 млн 775 мың теңгеге. «Мырзакент кентіне магистральды газ құбырын тарту» нысанының құрылыс жүргізілуде.  Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылуда, нысан 2013 жылға ауыспалы.
Жетісай қаласының иригациялық науалардың құрылысына  республикалық бюджеттен 515 млн теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде. Бұған қоса Жетісай қаласы «Достық» каналынан «Ирригаторлар аллеясы» және  Қожанов көшесіндегі 3 балалар басейндерінің құрылыс басталмақ.
«Мақтарал ауданы 19 коммуналдық (арендалық) тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфраструктураларының (сумен қамамасыз ету, электрмен қамтамасыз ету, телефонизацияландыру) құрылысы» нысаны бойынша облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижелері бойынша «Асыл-Кенес» ЖШС жеңімпаз атанды. 2012 жылға қаралған қаржы – 40588 мың теңге. Мердігерге аударылған қаражат (аванс) – 6030 мың теңгені құрайды. 
«ОҚО Мақтарал ауданы Атамекен ауылындағы стадионды қайта құру (бірінші кезек)» нысаны бойынша» мердігер «Маржан» ӨК танылды. 2012 жылға қаралған қаржы – 112 355 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда игерілген қаржы – 73894 мың теңгені құрап отыр.
Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша 2012 жылдың 1-жарты жылдығында 68 жер учаскесі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылдың 1-жарты жылдығында жалпы көлемі 5643,84 шаршы метр 47 тұрғын үй пайдалануға қабылданды.
Тұрғын үй шаруашылығы. 2011 жылға аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 16 үй салуға тапсырыс беріліп, Қазіргі таңда 16 тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пайдалануына берілген. Тұрғын үй кезегі тізімінің 4 санаты бойынша 307 адам кезекке тіркелген. Ауданда тұрғын үйге мұқтаждықты азайту мақсатында Мақтарал ауылдық округі Атамекен ауылындағы оқу кварталы аумағындағы №2 жатахананы қайта жаңғыртып коммуналдық тұрғын үйге өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ауыз су. Аудандағы 1 қала, 3 кент және 20 ауылдық округте жалпы 182 елді мекенде 300 мыңға жуық халық тұрады. Оның ішінде 157 елді мекеннің халқы (298500 адам) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 99,53%. Сонымен қатар 8 елді мекенде тұратын 0,47% немесе 1389 адам құдық су көздерін пайдалануда (Орысқұдық, Серікбай, Жорабек, Пірәлі, Қалпақсай, Әлімбетов, Тамды Батырхан).   Аудан бойынша 182 елді мекенде ұзындығы 1451,82 шақырым қолданыстағы су құбыры бар. Бұл су құбырларында 225 дана ауыз су ұңғысы, 163 су мұнарасы, 2 су сақтағыш, қолданыстағы санитарлық қорғау аймақтары жұмыс істеп тұр.
2012 жылы 6 айда аудан көлеміндегі 13 елді мекендерінің ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 192 млн 426 теңге бөлінген теңге қарастырылған, бүгінгі таңда 136 млн. 152 мың теңгесі игерілген. Жергілікті бюджеттен «Омега» су тазартқыш қондырғыларын күтіп ұстауға 27 млн теңге бөлінген, оның 11 млн 880 мың теңгесі игерілген. Электр куатының шығындарына 5 млн теңге қаралған, оның 1 млн теңгесі игерілген.
Газ. Ауданда 17560 отбасы тұрақты газбен қамтамасыз етліген. Бұл 39 пайызды құрайды.
Аудан тұрғындарын толық табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында  2011 жылы Қазыбек би ауылдық округінің Ә.Оспанов,Жамбыл, Қазыбек би елді мекендерін, Ділдабеков ауылдық округінің Жеңіс, Достық, Байдала, Сайлау, Қызылтаң, Сұлубұлақ, Сырабад, Жамбыл, Зерделі және Кемер елді мекендерін, Мақтарал ауылдық округі Есентаев елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету  мақсатында жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, толығымен аяқталған. 2012 жылы. Қазыбек би ауылдық округінің Жамбыл, Қазыбек би елді мекендеріне ЖСҚ құжаттамалары дайындалып, ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 27 млн 817 мың теңге бөлінген. Ә.Оспанов ауылының сметалық құны 219,209 млн теңге, және Мақтарал ауылдық округінің Есентаев ауылының сметалық құны 143,091 млн теңге жоба-сметалық құжаттамалары дайындалған. 2012 жылға газдандыру құрылыс жұмыстарына бюджеттен  қаржы бөлдіру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылған.
Қазіргі таңда, Мақтарал ауданының Абай, Қарақай, Жылысу, Ынтымақ ауылдық округтерінің елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 24 елді мекенге сәулет-жоспарлау тапсырмалары (СЖТ, АПЗ) жасалынып, толығымен аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттары «ҚазТрансГаз-Аймақ» ОҚО ӨФ тарапынан өз қаржыларының есебінен жасалынуда.
Ал, Атамекен ауылдық округінің елді мекендеріне жоғарғы қысымды газ құбырларын тарту жобасына да ЖСҚ құжаттары облыстық маслихат депутаты Н.Абишев тарапынан жасалынып, мемлекетік сараптамадан өтуде. Және де Ералиев, Қалыбеков ауылдық округтерін табиғи газбен қамту мақсатында СЖТ құжаттары әзірленуде.
Қазіргі таңда Мырзакент кентіне магистральды газ құбырын тарту құрылыс жұмыстары жүргізілуде, 2013 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда, магистрал бойындағы Мырзакент кенті мен Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Нұрлыбаев, Еңбекші, Жаңа жол ауылдық округтерінің елді мекендерін табиғи газбен қамтамасы етуге мүмкіншілік пайда болады.
Жоғарыдағы атқарылатын жұмыстар өз нәтижесін берген жағдайда 2014 жылдың соңына дейін 40 563 отбасы табиғи газбен қамтылады. Бұл жалпы отбасылардың 91 пайызын құрайды. 
Жылумен қамту. Аудандағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерге 13944 тонна қатты отын дайындау жоспарланған. Оның ішінде білім бөлімі 12000 тонна, мәдениет саласына 600 тонна, денсаулық сақтау саласы бойынша 1344 тонна қатты отын.
Аудандық білім бөлімі мекемелеріне жоспарланған қатты отынмен қамтамасыз етумен мемлекеттік сатып алу конкурс жеңімпазы (1тонна қатты отының құны 8650 теңге) «Сигрост» ЖШС-гі айналысады. Қазіргі таңға білім беру мекемелеріне жоспарланған 12000 тоннаның 20,7 % пайызы яғни 2485 тоннасы тасмалданып,  тарқатылды. Келісім шартқа сәйкес қатты отынды тасымалдауды аяқтау мерзімі  31-ші тамыз.
Жолдар. Ауданның барлық жолдарының жалпы тізбесі 2214,23 шақырымды, ауданның көлік жолдарының ұзындығы 716,7 шақырымды құрайды, оның ішінде: 108 шақырым - жол республикалық маңызы бар, 450,3 шақырым – облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар 158,4 шақырым және ауданда 1497,53 шақырым елді мекен көшелері құрайды.
2012 жылы облыстық бюджеттен аудан көлеміндегі 2 елді мекендегі жалпы ұзындығы 2,3 шақырым құрайтын кіре беріс жолдарға  сондай-ақ 33,6 шақырымды құрайтын 37 ішкі шаруашылықтағы көшелерге облыстық бюджеттен  280 млн 204 мың теңге қаржы бөлінген, бөлінген қаржылардың 222 млн 252 мың теңгесі игерілген.
Жергілікті бюджеттен 99 млн. 834 мың  теңге бөлініп, бөлінген қаржыларға Жетісай қаласындағы жалпы ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын 6 көшені орта жөндеу жоспарлануда. Бөлінген қаржының 47 млн теңгесі игерілді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша Республикалық бюджеттен Бірлік, Қазыбек би, Мақтарал, Мақталы ауылдық округтері мен Атакент кентіндегі көшелерді орта жөндеуге 58 млн 937 мың теңге қаралған, оның 11 млн 997 мың теңгесі игерілген.
Байланыс. Аудандық телекоммуникация торабы 2012 жылдың 1-ші жарты жылдығында абоненттерге 31 млн. 754 мың теңгенің қызметін көрсетті, телефон нүктелерінің саны 20147-ге жетті. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда телефон нүктелердің саны 584-ке өскен. Ауданда ескі телефон станцияларын біртіндеп жаңа сандық станцияларға ауыстыру, телефон байланысының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Мұндай жұмыстар алдағы уақыттарда да  жалғасын табатын болады.

Білім, әлеуметтік сала, мәдениет, спорт және қоғамдық-саяси ахуал мәселелері

Білім. Аудандағы 1-жоғары оқу орны, 5 арнаулы оқу орындары, 2 кәсіптік лицейді есептемегенде 122 жалпы білім беретін мектепте 75 мыңан астам оқушылар білім, тәрбие алуда.
ҰБТ 2011 жылдың 1, 3, 5, 7 маусым күндері төрт лек бойынша болып өтті. Тестілеуге өтініш берген оқушылардың 2981-і қатысты. Биылғы жылғы өткізілген ұлтық бірыңғай тестілеудің нәтижесін өткен жылғымен салыстырғанда 12,62 баллға төмендеп отыр. Яғни 2011 жылы 78,92 баллды құраса, 2012 жылы 66,3 балл, ал, «Алтын белгі» иегерлерінің саны 18, «Үздік аттестат» иегерлері 17 оқушы болды.
Балабақша. 2011 жылы аудан бойынша 9170 баланы қамтыған мектептер жанынан ашылған шағын орталықтарды, балабақшаларды және «мемлекеттік – жекеменшік серіктестік» негізінде ашылған балабақшаларды ұстауға барлығы 838 млн. 266 мың теңге қаржыны құрайтын балса, республикалық трансферт есебінен жылдың соңына дейін 673 млн. 266 мың теңге қаржы келіп, оған қосымша жергілікті бюджет қаржысы есебінен 165 млн теңге қаржы қосымша жоспарланған. 2011 жылдың  қорытындысымен  аудандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтудың мөлшері 51 пайызға орындалып, 9170 бала қамтылған. 2012 жылдың І-ші жарты жылдығы бойынша ауданда мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 3-6 жас аралығындағы  31 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында 3365 бала, 70 «мемлекеттік – жекеменшік серіктестік» негізінде ашылған балақшада 4927 бала, 107 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 3463 бала, барлығы 11755 бала  мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 62,1 пайызды құрап отыр.

Әлеуметтік қамсыздандыру. 2012 жылдың І жарты жылында 2638 адам жұмыс іздеп келіп (2011 ж 1042),  2391 адам тұрақты жұмысқа орналасты (2011 ж 1026). Ақылы қоғамдық жұмыстарға 346 жұмыссыз тартылды (2011 ж 303). Кәсіби оқуға 60 адам тартылды (2011 ж 105) және жаңадан 654 жұмыс орындары ашылды (2011 ж 1348).
2011 жылдың І жарты жылында 698 отбасы немесе 4356 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленді. 18 жасқа дейінгі балалары бар 7502 отбасына немесе 30953 балаларға жәрдемақы және де 2000 аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі төленді.2012 жылдың І жарты жылында 352 отбасы немесе 2375 адамға атаулы әлеуметтік көмек төленді. 18 жасқа дейінгі балалары бар 8497 отбасына немесе 35277 балаларға жәрдемақы және де 1707 аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі төленді.
2012 жылы І жарты жылында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына 1545 қатысуға ниет білдірген. Бағдарламаның І бағыты бойынша кадрларды қайта даярлау курстарына 175 және біліктілігін арттыруға 10 жұмыссыздар жолданды. 81 жұмыс берушімен түзілген келісім шарт негізінде 626 әлеуметтік жұмыс орындары және 151 жұмыс берушімен түзілген келісім шарт негізінде 524 жас маманға «Жастар практикасы» ұйымдастырылды. Бағдарламаның ІІ бағыты бойынша 125 адамға несие беру көзделіп, оның ішінде 18 адамға өз ісін ашу үшін шағын несиелер берілді.
Мәдениет. Аудан халқына  мәдени қызмет көрсету бағытында 30 мәдениет үйлері мен клубтар және 38 кітапхана, жалпы 68 мәдени ошақтары жұмыс атқарады.  2012 жылға жергілікті бюджеттен жалпы мәдениет саласына 179 млн 598 мың теңге қаржы бөлінді.
Сонымен қатар аудандық бюджеттен мәдениет мекемелеріне ағымдағы  жөндеу жұмыстарын жүргізуге 77 млн 500 мың теңге, «Ақ алтын» кинотеатрын күрделі жөндеу жұмыстарына 63 млн теңге қаржы бөлінді. 2012 жылдың І жарты жылдығында жалпы 991 мәдени іс шаралар өткізіліп, 205 мың 835 тұрғын қамтылды.
Спорт. Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда аудан көлемінде 719  спорттық нысандар қызмет көрсетеді. Оның ішінде: мектеп базасында - 46 ату орны (тир), 78 спорт зал (оның ішінде - 5 бейімделген спорт зал) және 430 спорт алаңдары, 141 қарапайым спорт алаңдары қала, кенттер, ауылдық округінің аумағында (оның ішінде - 34 футбол алаңы), 15  спорт зал орта арнаулы оқу орындары мен кәсіптік лицейлерде және мекемелерде орналасқан. Спорттық нысандар бір мезетте 31315 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 1 футбол клубы жұмыс істейді.
2012 жылдың І-ші жарты жылдығында аудан көлемінде  салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту бағытында 111 көпшілік спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып оған 41171  адам қатыстырылды. Жалпы ауданда 35237 адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, ол аудан халқының 12,12 пайызын құрайды. (2011 ж 34987 адам 12,03 пайызды құраған).
Ауданда жаппай спортты дәріптеу мақсатында мектеп оқушыларының футбол лигасы құрылды, өз кезегінде лиганы ауданның төрт өңірінен төрт конференция толықтырып барлығы 60 команда қатысуда.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан тұрғындарына 4 аудандық аурухана, 1 туберкулез диспансері, 5 аудандық емхана, 31 дәрігерлік амбулатория,  73 ФАП, 19 МП  медицналық мекемесі қызмет көрсетеді.  2011-2012 жылдар аралығында 23 жас маман дәрігерлер «Ауылға дипломмен» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылды. Оның ішінде ауылдық емханаларда жұмыс жасап жатқан 16 жас маман әлеуметтік жәрдемақымен және 2 маман пәтермен қамтамсыз етілген. Бұдан бөлек 20 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы, үй сатып алу үшін 6 маманға бюджеттік кредит берілді.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында құрылыс жұмыстарына 2012 жылы облыстық бюджеттен 147795,7 қаржы бөлініп 5 нысан жаңадан салынуда, күрделі жөндеу жұмыстарына 399 241,0 қаржы бөлініп, 3 медициналық нысан жөнделуде.
Ауданда 2012 жылдың 6 айында 58612 адам флюрографиялық және туберкулезге қарсы диагностикалық тексеруден өткізіліп, ауруларын анықтап, емдеу шаралары көрілді.
Әйелдердің туу көрсеткіші бойынша биылғы жылдың 6 айында 4020-13,8% (2011 ж – 4148-14,9%) абсолют нәресте өмірге келді. Табиғи өсуі 2012 жылдың 6 айында 11,0 пайыз болса, 2011 жылдың  6 айында 12,0 пайызды құраған. Нәрестелер өлімі көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда  0,3 % артқан.
Халықтың 100 мың адамына шаққанда туберкулезбен науқастанушылық көрсеткіші 2011 жылы 37,3 тен 2012 жылы 36,1-ге дейін төмендеген.

 Ішкі саясат. Елбасының биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру, насихаттауды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданып, жоспарға сәйкес құрамы 100 адамнан тұратын                 24 аудандық ақпараттық-насихат топтары құрылып, елді мекендерде, мекеме ұжымдарында 149 кездесу өткізіп, 25 мыңға жуық адамға Жолдау түсіндірілді. БАҚ-та Жолдау тақырыбында 87 мақала жарық көрді.
Жолдаудың негізгі идеяларын жол бойларындағы көзшолымды көрнекі үгіт құралдары арқылы насихаттауды ұйымдастыру мақсатында 21 билборд шығарылып, қала, кент, ауылдық округтерде орнатылды. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында 170 стенд-бұрыштары, 26 кермелер жазылып ілінген.
Діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу және теріс бағыттағы діни ағымдарға жол бермеу жөнінде үгіт-насихат кездесулерінің кестесі бекітілді. Қаңтар – маусым айы аралығында елді мекендерде -39, жоғары оқу орнында -4, орта арнаулы оқу орындарында-11, мектептерде-153, жалпы 207 рет өткізілген кездесулерде 21544 адам қамтылды. Арнайы кесте бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қылмыс
2012 жылдың 1-жарты жылдығында ауданда жалпы 378 қылмыс тіркелген. 2011жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 қылмысқа артқан. Қылмыстың 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тонау 7 қылмысқа, кісі өлтіру 2, ұрлық 51 қылмысқа өскен. Қалған қылмыстың түрлері бойынша қылмыстың кемігені байқалады.
2012 жылы 51 жол көлік оқиғалары тіркелген. Оларда 49 адам дене жарақатын алса, 22 адам қаза болған. Өткен 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 31 артқан. Оның ішінде жарақат алғандар 27 адамға, қаза болғандар 11адамға өскен.

Құжат айналым
Қолданыстағы заңнамалармен аудан әкіміне көптеген міндеттер жүктелген. 2012 жылдың І-ші жарты жылдығында оларды орындау үшін аудан әкімдігінің 1150 (2011 ж 1636) қаулысы, аудан әкімінің 27 шешімі (2011 ж 33) мен 300 өкімі (2011 ж 336) қабылданды. Аудан әкімі аппаратынан жоғарғы органдардан, ауданның мекемелерінен 2646 хат (2011 ж 2509), азаматтардан 1525 (2011 ж-2188) арыз-шағым мен өтініш түсті. Олар бойынша заң талаптарына және нұсқаулықтарға сәйкес іс-әрекеттер жасалуда.  

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!