Абай ескерткіші ашылды PDF Печать E-mail

Ғұлама ойшыл, хакім Абайдың еңселі ескерткіші Жетісай қаласының төрінен бой көтерді. Мұның 1 Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні ашылуының өзінде де терең бір мән-мағына жатқандай.
Абай ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі С.Тұрбеков, филология ғылымдарының докторы, академик, саналы ғұмырын абайтануға арнап келе жатқан белгілі ғалым М.Мырзахметов, Алматыдан арнайы ат арылтып келген белгілі ақын А.Нысаналин, еңбек ардагері Ж.Абибуллаев, тағы басқалар ұлы ақын  шығармаларының мән-мазмұны, өміршеңдігі, рухани қазына екендегі туралы салиқалы ой өрбітті. Кемеңгер ақынның шығармаларын шабыттана оқыған Бекпатша Бексұлтан мен Исмайыл Мерейдің, Хан Станислав пен Шарап Ізеттің, Артықбай Нұрдәулеттің, сондай-ақ «Абаймен сырласу» деген төл туындысын арнаған жас ақын Тұрсын Әлішердің өлең оқу мәнерлері де көпшіліктің көңілінен шықты. Өн бойы лирикаға толы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін де «Мереке» ұлт-аспаптар ансамблі нәшіне келтіре орындады.
Жетісайдың төрінде қолына кітабын ұстаған ұлы Абайдың ескерткіші ашылды. Демек, ақын рухы Мырзашөлді де шарлап жүр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай-ақ «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды, қазақ халқын әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қаладағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда жалғасын тапты.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!