Новости района
Қуанышты жаңалығымыз бар! PDF Печать E-mail
10.12.2015 00:00

Жайдарман ойындарында облысымыздың намысын қорғап жүрген "Сырдария" құрамасы 27 қараша күні  Астана  қаласында  өткен  жоғарғы лига финалында чемпиондыққа лайық өнер көрсетіп, жүлделі  III - орынға ие болды. Сондай-ақ маусымның «Үздік ойыншысы» команда капитаны Марат Сарсенбаев лайық деп табылды. Сырдария құрамасына  құтты болсын айта отырып, алдағы уақытта да сәттілік серік болсын деп білеміз!

Г.Сұлтанова
Мақтарал аудандық Жастар орталығының әдіскері

 
Жарайсыңдар! «Жайдарман» әзіл-сықақ жастар ойындары PDF Печать E-mail
10.12.2015 00:00

Ауданымыздың намысын қорғап  жүрген  Жетісай құрамасы командасы жүлделі  оралды.  Тараз  қаласында өткен   Республикалық «Әулие ата» орталық лигасының финалында  «Жетісай құрамасы»  жүлделі  II – орынмен оралды  және «Үздік әзіл» номинациясы бойынша  марапатталды. Құттықтаймыз!

Г.Сұлтанова
Мақтарал аудандық Жастар орталығының әдіскері

 
Елбасы Жолдауын еңбегімізбен қуаттайық! PDF Печать E-mail
09.12.2015 00:00

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалының ұйымдастыруымен кестеге сәйкес, барлық бастауыш партия ұйымдарында Жолдауды насихаттау бойынша жиындар өтіп, оған Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлері бойынша құрылған төрт үгіт-насихат топтары жиналыстарға қатысып, халықпен кездесіп, Жолдау ясында талқылау жұмыстарын жүргізіп, қолдау білдіруде.

«Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық
филиалының Саяси кеңесі

 
Жаңашыл жастар PDF Печать E-mail
30.11.2015 00:38

Ауданымызда алғаш рет ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен студент жастар арасында «Жаңашыл  жастар» атты жас инноваторлар байқауы болып өтті. Байқауды өткізудегі мақсат - Мақтарал ауданының студент жастары арасында ғылыми-зерттеу және оқу- танымдық жұмыстарын ынталандыру, жастардың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру, талантты және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталды. Аталған шара «Сырдария» университетінің биология корпусында ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға қатысқан жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарынан жалпы 26 құнды ғылыми және экономикалық идеясы бар жұмыстар ұсынылды. Жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылар олардың ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтыды.

Жалғасы...
 
Жастарға арналған семинар-тренинг PDF Печать E-mail
30.11.2015 00:00

Жуырда Мақтарал ауданы жастары арасында «Жастар орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» жастар қанатының   ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастарды пікірталас сайысына дайындауға бағытталған семинар–тренинг болып өтті.
Ауданымызда   мемлекеттік   жастар   саясатын    жүзеге   асыру аясында жастардың тіл байлығын және пікірталас сайыстарын дамыту, жастардың бойында шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді   қалыптастыру, өз ойын еркін әрі әсерлі жеткізе білетін азаматтар даярлау, ұйымдастыру қабілетін дамыту мақсатында өткізілген семинар-тренингке Жетісай медициналық колледжінің пікір-талас сайыстарына белсенді қатысушы жастары,

Жалғасы...
 
Мақтарал ауданында «Алтын күз» және «Қала күні» мерекесі аталып өтті PDF Печать E-mail
18.11.2015 00:00

14.11.2015 жылы орталық «Жеңіс» алаңында «Алтын күз»  және қала күні мерекесі аталып өтті.
Биылғы атаулы мерекелер: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараны белгілі күйші-сазгер Б.Исаның жетекшілігімен 550 адамнан құралған оркестр Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», Д.Нұрпейісованың «Жеңіс» күйімен бастады.
Жүрегімізде тұмардай қастерлі орын алған-Мақтаралдай мекеніміздің төрінде болған «Алтын күз» және қала күні мерекесінде аудандық «Мәңгілік ел-мерейім» атты өңірлік өнер фестивалінде үздік өнерімен ерекшеленген 4 өңірдің өнерпаздары өнер көрсетті.
Алғашқы сөзді сөйлеген аудан әкімі Ж.Бейсенбаев  аудан халқын аталмыш мерекемен құттықтап, биылғы жетістіктер мен кемшіліктер туралы мағлұмат беріп өткен соң, өңірлік өнер фестивалі өнерпаздарын арнайы номинациямен және жүлделі орындармен марапаттады. Сондай-ақ, озат аудан еңбеккерлеріне алғыс хаттар мен заттай сыйлықтар табыс етілді.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!