Новости района
Жетісай өңірі бойынша мектеп аралық финал ойындары өтті. PDF Печать E-mail
26.05.2015 18:00

Бүгінде  «Жайдарман» ойыны  талантты  жастардың  басын  қосатын  және  жастардың  жақсы  көріп, сүйсіне  ойнайтын   сайысына  айналды. Сахна  мәдениеті  мен  шеберлік, сөйлеу  мәнері, ой  ұшқырлығы  сияқты  қасиеттерді  жастардың  бойына  сіңіру, өнерге  деген  шығармашылық  ізденістерін  дамыту  мақсатында   «Жастар орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  ұйымдастыруымен  Ұлы Жеңістің  70 жылдығына орай  Жетісай өңірі  бойынша мектеп  аралық  «Жайдарман» финал  ойындары  болып  өтті.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен «Өткен күн тарих»  тақырыбындағы  сайыс  - сәлемдесу, бес  жаналық, үй тапсырмасы сынды шарттардан тұрды. Сайысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  П.Есенбеков ашып берді. Әзілқойлар  мен  тапқырлардың  сайысын  «Жастар орталығы» КММ  директоры  М.Нұрымбетов, аудан әкімінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы А.Бахтиярова,  «Жас  Отан» жастар  қанатының  атқарушы  хатшысы  М.Бейсенбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбаева, «Қазақстан КВН Одағы» Мақтарал аудандық филиалы директоры С.Кенжебаев  бағалап  отырды.    

Жалғасы...
 
Мақтарал аудан әкімі түлектерді құттықтады PDF Печать E-mail
25.05.2015 18:00

           Бүгін Мақтарал ауданының барлық  мектептерінде  «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы болып өтті. Б.Момышұлы мектеп-гимназиясы мен Мырзакент кентіндегі Абылайхан атындағы жалпы орта мектептерінде өткен кезекті іс-шараларға аудан әкімі Серік Тұрбеков қатысты. Аудан басшысы оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды атаулы оқиғамен құттықтап, түлектерді Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас буынға ақ жол тіледі.
 Биыл ауданымызда 4476 түлек  11 сыныпты бітірді.Олардың 109 «Алтын белгіге» , 44 –і үздік аттестатқа үміткер.
Аудан бойынша 3917 бала қазақ , 252 –сі орыс, 221-і тәжік,  95-сі өзбек тілдерінде білім алған. Биылғы жылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 2635 бала  қатыспақ.
Ал, 9 сынып бойынша жалпы саны 551 бала бітірсе, олардың 413-і үздік аттестатқа үміткерлер.

Жалғасы...
 
«Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты бокстан облыстық жарыс өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:17

Жуырда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Мақтарал  ауданында  20 – 24 сәуір аралығында аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Дені сау жастар - еліміздің болашағы» атты Асықата кентіндегі №121 жалпы орта мектебінде спорттың бокс түрінен облыстық турнир болып өтті. Бұл шараның өтуіне аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы да ұйытқы болды.
Жарысқа Мақтарал ауданы, Тараз қаласы, Төлеби ауданы, Арыс қаласы, Шымкент қаласының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2002 – 2003 жылдары  туылған  32кг, 34кг, 38кг, 40кг, 44кг, 46кг, 50кг, 54кг, 57кг, 60кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 
Іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында

Жалғасы...
 
«Жеңіске тағзым» автошеруі PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:15

Жетісай  қаласындағы орталық алаңда Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық  Жастар орталығының  ұйымдастыруымен «Жеңіске тағзым» атты автошеру болып өтті.   Бұл  іс – шараға ауданымыздың еңбек ардагерлері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мекеме қызметкерлері, «Сырдария» университеті мен колледждердің студент жастары қатысты. Қаз-қатар тізілген автокөліктер ең алдымен «Қарақай» ауылдық округіндегі «Кетебай» ауылындағы жаңадан ашылған Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова  апамыздың ескерткішіне, содан кейін «Ынтымақ», Ш.Ділдабеков, А.Қалыбеков, Бірлік, Ж.Нұрлыбаев  ауылдық округтеріндегі, Асықата, Атакент, Мырзакент кенттеріндегі үлкен ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан боздақтардың рухы мен ерлігін еске алып, тағзым етті, құран бағыштады.

Жалғасы...
 
Дала жаттығуы өтті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:14

Жыл сайынғы дәстүр бойынша  сәуір айының  14 – 25 жұлдызы аралығында Мақтарал ауданы  мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында далалық әскери оқу – жаттығу жиындары болып өтті. Онда оқушылар әскери өмірдің қызығы мен қиыншылықтарын көріп, ысылып, шыңдалады. Осылайша өздерінің азамат болғанын сезінеді. Іс – шара үш кезең бойынша өтті.    
Осы жиынға Мақтаарал аудандық Жастар орталығының арнайы өкілдері барып, әскери оқу-жаттығуын өтеп жатқан жастармен кездесті. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Жас әскер» атты әскери эстафета ұйымдастырды. Сарыағаш ауданының әскери жаттығу алаңында өткен бұл шараға дала жиынында 1850–ге жуық жастар тартылды. 5 күн бойы өткен жарыста қатысушылар қашықтыққа жүгіру, пневматикалық  мылтықтан нысананы көздеп ату,  жаралы болған адамды қауіпсіз жерге жеткізу, азимутты анықтау, қол гранатын дәлдікке лақтыру, турникке тартылу бойынша сайысқа түсті.

Жалғасы...
 
Жас туристтер сынға түсті PDF Печать E-mail
13.05.2015 15:12

Жуырда  Жетісай  қаласындағы  «Жастар»  саябағында  аудандық   Жастар  орталығы  және   Балалар   мен   жасөспірімдер  шығармашылық   орталығының   ұйымдастыруымен   жастар  арасында   туристік   көпсайыстан  «Көктем  найзағайы»  атты   жарысы   болып   өтті. Аудан көлемінде әр өңірлерде өткізіліп, 12 команда іріктеліп алынды. Жарыстың   басты   мақсаты – жастар  арасында  спорттық бағдарлауды,  спорттық  туризм  тәсілдерін   насихаттау, жаяу  жүру  арқылы денсаулықты нығайтуға ықпал ету, жас  туристердің  ептіліктері  мен  дағдыларын  шыңдау, «Ең  үздік туристік топты»  анықтау  және  іс- тәжірибе  алмасу  болатын. «Көктем   найзағайы»  жарысын «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Нұрымбетов  пен қала әкімінің орынбасары Б.Базарбаев  ашып  беріп, жас  туристерге   сәттілік   тіледі.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!