Новости района
Салауатты өмір салтын насихаттаған шара PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

«Денсаулық – зор байлық» деп бекер айтпаған. Денсаулық  - табиғаттың адамға сыйлаған теңгесіз сыйлығы. Әйтпесе де, денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген. Сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне,  өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.                      «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген Елбасымыздың өзі жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында еліміздегі денсаулық сақтау саласында ерекше назар аударып, қолдау көрсетіп келеді.    

   Халықаралық денсаулық күніне орай Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімі  «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  денсаулық фестивали өтті. Салауатты  өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға ауданның дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен  мектептер, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының  шәкірттері мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 4 мыңға тарта адам қатысты.  

Жалғасы...
 
Қаламызда «Асар!» атты акциясы болып өтті. PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

«Қартқа  құрмет  -  балаға  міндет»  деп   текке   айтылмаса   керек. Қартың   болса, жазып қойған  хатпен  тең   дегендей, өмірлері   өнегеге, көкіректері   шежіреге   толы    қарттарымыз    қашанда    тәлім-тәрбиенің, көрегендіктің   қамқоршысы. Жалпы    қазақ    табиғатынан    үлкенді   қадір   тұтып, құрметтеген  халық. Сондықтан да   қоғамымызда   қарияларға   деген    қамқорлық   қашанда   ерекше    болған. Аталмыш іс – шара арқылы жастардың бойында отансүйгіштікті дәріптеу, адамгершілік, имандылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді рухани құндылықтарды қалыптастыру, Ұлы отан соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, өзгенің көмегіне мұқтаж жандарға көмек көрсету, жастарға патриоттық тәрбие беру мен  ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарды еңбек етуге және еңбекті ұйымдастыруға шақыру, ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру     мақсатында  Мақтарал    аудандық   ішкі саясат  бөлімі  «Жастар    орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    мен    «Жас   Отан»   жастар    қанатының     бастамасымен     «Асар»   акциясы    болып    өтті. Көмекке    мұқтаж  жалғызбасты    аналарымызға    көмек    көрсету    акциясына    жоғары    және   арнаулы    орта   оқу   орындарының   белсенді   студенттері мен  жастар комитеті төрағалары, әлеуметтік қызметкерлер,

Жалғасы...
 
Аудан жастары арасында сурет салу байқауы болып өтті PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

Жуырда  30 – тамыз  Қазақстан  Республикасы   Конституциясы  күніне орай  Мақтарал аудандық ішкі саясат бөлімі  «Жастар   орталығы»   коммуналдық    мемлекеттік   мекемесі, аудандық білім бөлімі және   «Жас  Отан»   жастар   қанатының    ұйымдастыруымен      «Менің Қазақстаным! Менің Астанам!»   тақырыбында   асфальтқа  сурет    салу   байқауы   болып   өтті.     
   Ауданымызда   мемлекеттік   жастар    саясатын    жүзеге   асыруға, жас   ұрпақты    тарихи – мәдени   және   рухани    құндылықтарды    бағалауға, жастар    арасында    дарынды    суретшілерді    анықтауға, жас    суретшілердің    кәсіби    шеберлігін    арттыруға, жас    ұрпақтың    ой - өрісін    кеңейтуге     бағытталған    іс – шара  Жетісай қаласы Жеңіс алаңында   өтті. Іс – шараға қала, кенттер мен  ауылдық   округ  мектептеріндегі  оқушылар  қатысты. 
Конституция    күніне     арналған     бұл    іс – шараны    аудандық    ішкі   саясат   бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы  ОмарЕсенбеков және білім бөлімінің  әдіскері Шыңғысхан Тілеуқабылов жарысты ашып   беріп, көпшілікті 30 – тамыз  Қазақстан Республикасы Конституция    күнімен    құттықтап, байқауға қатысушы жастарға сәттілік тіледі.  
   Үш    сағатқа    созылған    байқауды    ұйымдастырушылар    бекіткен   әділ   қазылар    бағалап, қорытындылады. Нәтижесінде   І – орынды   «Ә.Молдағұлова»   жалпы    орта    мектебінің    оқушысы    Ердәулет Гүлназ иеленсе, ІІ – орын   «Сарыарқа»   мектебінің    оқушысы   Керімқұл Ардаққа     бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ – орынды   «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебінен  Игілік Бегзат   иеленді. «Жас суретші» номинациясы  «Қайнар» мектеп – гимназиясының оқушысы   Рустем Меруертке берілді.  Жеңімпаздар  дипломдар мен бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды

Жастар орталығының қызметкері   

Гүлнұр Сұлтанова
 
Ұлы Абайға 170 жыл PDF Печать E-mail
13.08.2015 00:00

Қазақтың ұлы ақыны Абай құнанбайұлының туылғанына биыл 170 жыл толуына орай жақында Жетiсай қаласындағы Абай ескерткiшi алдына жиналған жұртшылық ақынның рухына тағзым етiлiп, ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.
Iс-шараға еңбек ардагерлерi, зиялы қауым өкiлдерi, аудандық бiлiм бөлiмi, аудандық кiтапхана, мектеп ұжымдары, қаладағы мекеме қызметкерлерi, т.б. қатысты. Жиынды ашқан аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы П. Есенбеков дүниеге сан ғасырда бiр келетiн Абайдай ғұлама ақындардың әрбiр сөзi халқы үшiн баға жетпес құнды дүние екенiне тоқталып, мұндай iс-шара жиi ұйымдастырылып, келешек жас ұрпаққа ұлы ақынды ұлықтауды үйретуiмiз керек дедi.
Онан соң сөзге шыққан Сырдария университетiнiң  профессоры, жазушы Нұрғали қадырбаев, аудандық «әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы Айжамал қоңырбаевалар ақынның өлеңдерi мен қара сөздерiнде  мағанасы терең ой жатқанын  айтып,  Абайдың «қараңғы түнде тау қалғып» атты өлеңiн шырқады.

Келесi кезекте аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйi қызметкерлерi ұйымдастырған «Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн» атты әдеби-сазды кешке ұласты. Онда Ғ. Мүсiрепов мектебiнiң оқушылары Ж. Бердалиева, Б. Шахабай, Д. Саттарова, Титов мектебiнiң оқушылары С. Асқанова, Б. Сапақұл, А. қуанышбайлар   Абайдың өлеңдерiн оқыса, Б. Тағантұрды, А. Жақсылықова, М. Смайловалар әндерiн шырқады.
 
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛIСIМ КЕҢЕСI PDF Печать E-mail
13.08.2015 00:00

Осы таяуда ғана аудан әкiмдiгiнiң үлкен мәжiлiс залында ауданымыздың әкiмi Ж.Бейсенбаев мырза қатысқан маңызды басқосу болып өттi. Бұған жер-жерлердегi ауылдық округтердiң әкiмдерi, мекеме, ұйымдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкiлдерi  қатысып отырды.
Кiрiспе сөзiнде ауданымыздың әкiмi Ж. Бейсенбаев тәуелсiз елiмiздiң мұнан да өсiп өркендеуi ұйымшылдық пен бiрлiкте, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықта, келiсiмде екенiне жан-жақты тоқталды.  
- Сондықтан да,- дедi аудан әкiмi,- жоғарыда атап өткен игi қасиеттердiң тамырын тереңге жiберу үшiн де ауданымызда қоғамдық келiсiм кеңесiн құрсақ деген пiкiрдемiн.
Аудан әкiмiнiң бұл маңызды ұсынысы көпшiлiктiң қызу қолдауына ие болды. Нәтижесiнде 31 адамнан құралған аудандық қоғамдық келiсiм кеңесi құрылды. Бұл мәселеге орай еңбек ардагерi Ж. Әбибуллаев, Сырдария университетiнiң профессорлары-Б. Серiков пен Н.қадырбаев, тағы басқа да азаматтар сөз сөйледi, өзiндiк ойларын ортаға салды. қоғамдық келiсiм кеңесінiң төрағалығына бiрнеше азаматтардың кандидатуралары аталғанымен де ақыр соңында кезiнде партия, кеңес жұмыстарында үлкен лауазымды қызметтердi атқарған елге сыйлы еңбек ардагерi Тойым Жүнiсов көпшiлiктiң қолдауымен аталған кеңестiң төрағасы болып сайланды.
- құрылғалы отырған кеңес атауының өзi айтып тұрғандай-ақ,-дедi Т.Жүнiсов,- халықтар арасындағы бiрлiк пен келiсiмдi сақтау, оны дамыту арқылы Елбасымыздың саясатына өзiмiздiң үлесiмiздi қосатын боламыз.

Жалғасы...
 
Қазақстан-байтақ елiм PDF Печать E-mail
13.08.2015 00:00

Иiржар ауыл округi ауданымыздың ең шалғай жатқан өңiрлерiнiң бiрi. Бұл округте бiрыңғай өзбек ұлты қоныстанған «Дихан» ауылы бар. Жақында «Дихан» ауылдық клубынының директоры Алима Сайфатованың ұйымдастыруымен қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесiне орай «қазақстан-байтақ елiм!» атты аудандық көшпелi семинар-кеңестiң жалғасы болып өттi. Оған ауылдық округтiң мәдениет клубының директорлары, аудандық мәдениет үйiнiң қызметкерлерi, ауыл тұрғындары, т.б. қатысып, қонақ болды.  Қос қабатты ескi ғимараттың жоғары қабатын жөнге келтiрiп, мәдениет клубын ашқан Сайфатова жақында ғана аудандық мәдениет қызметкерлерiнен алынған қазақ тiлi бойынша тесттен топ жарып 119 балл жинап, ең жоғары көрсеткiшке қол жеткiзiптi. Бұған тiптi, әрiптестерi арасында сенер-сенбестерiн бiлмей, абдырап қалғандары да байқалды. қуанышты хабарды жиын үстiнде естiген әлима апай «қазақ жерiнде тұрып, қазақ тiлiн сыйламау кiмге болса да үлкен сын.  Осы елдiң топырағынан жаралып, ауасын жұтқан соң қазақ тiлi бәрiмiзге де ортақ» дедi.
Семинарға жиналған қауым алдымен өзбек ұлтының ұлттық нақыштағы үй жи¿аздары, ыдыс-аяқтары, қолдан тоқылған бұйымдары, тағамдары қойылған көрменi тамашалады.
Жиынды ашқан Жамбыл ауылäûқ округiнiң Кеңесшiл ауылдық мәдениет үйiнiң директоры Т. қасымбеков, Иiржар ауыл округiнiң әкiмi И. Тұршаев және ауыл мектебiнiң директоры М. Бабамұратовалар көпшiлiктi биылғы жылдың айтулы мерекелерiмен құттықтап, жүрекжарды тiлектерiн бiлдiрдi. Бұдан соң аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйiнiң әдiскерi А. Агибаева «Ассамблея-татулық темiрқазығы» атты баяндамасын жасады.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!