Новости района
Ерте тұрғанның ырысы артық PDF Печать E-mail

Ауданның әкімі Тұрбеков Серік Ордабекұлы өзінің алғашқы жұмысын аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауыл әкімдері, аумақтық басқармалар, құқық қорғау органдарының және де басқа түрлі мекеме-ұйым басшыларымен танысудан бастады. Онда әкім өзіне көрсетілген жоғары сенімді, жүктелген міндеттерді бірлесе отырып шешуге шақырды. Сөйтіп алда тұрған кезек күтпес міндеттерді айтып өтті. Әсіресе қаланың өзінде тазалық нашар дегенді баса көрсетті. Көшелерді шөп басқан, тіпті кейбір жерлерде мал жайылып жүр. Қала өзгелерге үлгі болуы тиіс екендігін тілге тиек еткен аудан әкімі қала әкіміне көшелерді тазарту, тәртіп орнату үшін бір ай мерзім берді. Өз жұмысына салғырт қараған жергілікті әкімдерге түрлі жазалармен бірге айыппұл салынатынын да ескертті. Жаңа әкім өз сөзінде аудан бойынша «Менің үйім, менің көшем, менің ауылым» атты бағдарламасын жасап, оның орындалуын ұдайы жария етіп отыратынын жеткізді. Сондай-ақ, ауылдық жерде де үйіргесіндегі жерді толық пайдалану керек, ол үшін ағын су жеткізу, басқа да жағдайлар жасау қажеттігін айтты. Ауданда өндіріс орындарын ашып, жұмыссыздықты жою, жылыжай салу, шаруа қожалықтарын ірілендіру, оларды әртараптандыру жұмыстарын жандандыру, денсаулық сақтау, білім беру, жастар арасындағы тәртіптік келеңсіздіктерді жою жұмыстарын пәрменді жүргізу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ орта және шағын бизнесті дамытып, аудан қоржынын толтыруға үлес қосу, ауылдық жерлерде клуб, кітапхана жұмыстарын, демалыс орындарының тиімділігін арттыру қажет екенін айтты. Сөйтіп бір кісідей жұмыла отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.

Жалғасы...
 
Таныстық қатаң талап қоюдан басталды PDF Печать E-mail

Жаңадан тағайындалған Мақтарал ауданының әкімі С.О.Тұрбеков өзінің алғашқы жұмыс күнін аудандағы мекеме қызметкерлері басшыларымен танысудан бастады. Ол өз сөзінде әр салаға байланысты шешуін жедел күтіп тұрған маңызды мәселелерге тоқталды. Мақталық жерлерді ауыспалы егіске айналдырудың тиімді жолдарын атап көрсетті. Мектептерде білім беру сапасын арттыру, балабақшаларды көптеп ашу, елді мекендерді ағынсумен қамтамасыз етіп аулаларда көкөніс өндіру, жылыжайлар салу, Мақтаралды жасыл аймаққа айналдыру, аурухана жұмыстарын жақсарту, әсіресе, аудан орталығы Жетісай қаласындағы бейберекет құрылыстарды ретке келтіру мәселелері жайлы нақты ұсыныстар айтты. Қаладағы келеңсіз көріністерді реттеу үшін қала әкіміне бір ай мерзім уақыт берді. Сонымен қатар, ауылдық округтердің әкімдеріне өз жұмыстарын ширату жөнінде қатаң ескертті. Тапсырманы орындамаған мекеме басшылары қызмет орнында қалмайтындықтарын естеріне салды.

 
Аудан активінің жиналысы PDF Печать E-mail

2010 жылдың 2 тамызы күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активінің жиналысы болып өтті. Оны облыс әкімі А.Мырзахметов ашып, сөз сөйледі. Облыс әкімі өз сөзінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қ.Хаметовті Мақтарал ауданы әкімінің қызметінен босату туралы өтініші бойынша мәселе қаралғанын, депутаттар оны бірауыздан қанағаттандырғанын айтты.
Облыс әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары С.Тұрбековті аудан әкімі қызметіне тағайындауға бірауыздан келісімін бергенін атап өтті. Бұдан соң А.Мырзахметов С.Тұрбековты Мақтарал ауданына әкім етіп тағайындау туралы өзінің өкімін оқып, көпшілікті оның өмірбаянымен таныстырды.
Актив жиналысында Қ.Хаметов сөз сөйлеп, өзінің бір жарым жылдан астам уақыт ішінде ауданның экономикасын жақсартуға байланысты күш-жігерін аямай жұмсағанын, алайда соңғы кездері денсаулығының сыр беруіне байланысты қызметтен босату жөнінде өзі өтініш бергенін айтты. Бірге қызмет істегендерге өзінің шынайы алғысын жеткізіп, алдағы уақытта да басқа салада аянбай қызмет ететіндігіне уәде берді.

Жалғасы...
 
Тағзым саған, Жеңіс сарбазы! PDF Печать E-mail

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл толды. Бұл мереке мерекелердің ішіндегі ең ұлығы, қуаныш ішіндегі ерекше қуанышы екені сөзсіз. Бұл ағаларымыздың қасық қанымен, қажырлы күресімен, қайтпас қайсарлығымен келген мерекеміз ғой. Сондықтан да оның жөні де бөлек, жолы да ерек дейміз. Бұл күн қан майданда белуардан қан кешіп, ұрпақ бақыты үшін күрескендердің күні, соларға құрмет көрсететін, тағзым ететін күн екені рас.
Биылғы мерекені, Жеңіс күнін тойлау біздің ауданда да ерте басталды, әрі тартымды өтті деуге болады. Аудан әкімдігі 65 жылдыққа – 65 іс-шара деп арнайы қаулы қабылдады, соған сай ардагерлермен түрлі деңгейдегі кездесулер, солардың құрметіне спорттық іс-шаралар өткізілді. Мереке қарсаңында ауданнан үш ардагеріміз республика Президентінің Жарлығына сай мемлекеттік наградалар алды.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 31 32 33 34 35 36 37 38 39 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!