Новости района
«Нұр Отан» партиясы «Асықата» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен партиялық жобалар аясында өткен іс-шаралары PDF Печать E-mail
15.10.2015 12:54

Адам баласы дүние есігін ашып, жарыққа шыққан соң үйі мен бауырларын, түгел айналаны ақырындап тани бастайды. Оның таңда атқан күні мен батқан түніне дейін еске сақтап, жүрегінің ең сенімді жеріне сақтайды. Өсе келе оның тұнық ауасын аңсайтын күйге жетеді. Міне, осындай жанға жылы, жүрекке жақын тұрған жерді әр адам баласы өзінің туған жері , атамекені, алтын бесігім деп біледі. "Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды", "Ауылым-алтын бесігім" деген сәулелі, жылы сөздің мағынасы біз үшін одан да тереңдей түскендей. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Біздің ауыл» партиялық жобасы бойынша Асықата кентінде санитарлық тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіледі

«Бақытты балалық» партиялық жобасы бойынша «Спорт денсаулық кепілі» атты жарыстар ұйымдастырылды.

Жалғасы...
 
Қызылқұм БПҰ ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елінің өткені, бүгіні мен ертеңі» тақырыбында алаңға сурет салудан жас суретшілер байқауы өтті PDF Печать E-mail
07.10.2015 00:00

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр. Осыған орай Қызылқұм ауылдық округгі аумағында Қызылқұм БПҰ-ның ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елінің өткені, бүгіні мен ертеңі» тақырыбында алаңға сурет салудан жас суретшілер  байқауы өтті.

Жалғасы...
 
«Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасына сәйкес «Ардагерлерді ардақтайық» және «Біздің ауыл» партиялық жобасы PDF Печать E-mail
25.09.2015 00:00

«Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасына сәйкес «Біздің ауыл» партиялық жобасы бойынша Қызылқұм БПҰ-нан  құрылған топтық бекет құрамының атқаратын іс-шараларына сәйкес Қызылқұм елді мекенінде санитарлық тазалау жұмыстары  ұдайы жүргізіліп тұрады.
«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық»  партиялық  жобасы бойынша да Қызылқұм БПҰ ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Атап айтар болсақ округ бойынша 3 ҰОС  ардагерларіне Республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттан бөлек
ҰОС ардагері Начинка Александр Григоревичке демеушілер есебінен өзінің ескі ұйінің жанынан жаңа үй тұрғызылып берілді. Жақбаев Изан ақсақалға Жетісай қаласынан салынған 3 қабатты жаңа үйден пәтерге ие болды.
Қызылқұм өңірінен сайланған ОҚО  маслихат депутаты Нұралы Абишевтің және ауыл азаматтарының демеушілігімен «Ер есімі – ел есінде» атты ескерткіш 1 100 000 тенгеге күрделі жөндеуден өтті.
Наурыз мерекесінде «Бақытты балалық»  партиялық жобасы бойынша «Қазақстан балалары спортты таңдайды»  грек-рим күресінен спорттық сайыс өткізілді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар  және  алғыс хаттармен марапатталды.

Жалғасы...
 
Ана тілімізді қадірлейік PDF Печать E-mail
25.09.2015 00:00

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

Жалғасы...
 
Татулық - тұрақтылық кепілі PDF Печать E-mail
25.09.2015 00:00

Кең байтақ қазақ елі – құшағына 140 ұлттар мен ұлыстарды сыйдырған әлемдегі көп ұлтты бірегей мемлекет. Олар мұнда кеңес дәуірінде тағдырдың тәлкегімен келіп қоныстанып, жергілікті негізгі мемлекет құрушы – қазақ халқымен сіңісіп, ата-бабамыз оларды жатсынбай, бауырындай көріп, төрінен орын берген болатын. Бүгінде түрлі ұлттар арасында татулық берік орнаған. Бұл ретте Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблея институтының  да  алар орны ерекше. Бірнеше жылғы тарихында бұл мекеме өз жемісін беріп келеді.

Ауданымызда да 60-тан астам ұлт өкілдері өзара келісім мен тұрақтылықта ғұмыр кешуде. Қазргі таңда 5 ұлттық мәдени орталықтар мен олардың құрамында түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Бұл ұйымдар Атакент қалашығындағы Халықтар Достығы үйінде орналасып, онда барлық жағдайлар жасалған.

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жергілікті жерде үйлестіру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанынан «Қоғамдық келісім» мекемесі құрылып, оның біздің ауданымыздағы филиалына 3 маман бөлінді. Мінекей,  аталған мекеме қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудандағы Жастар орталығының ұйымдастыруымен аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында бірнеше семинарлар ұйымдастырылып өткізілді. Шараны ұйымдастырудағы мақсат - студент жастарға Елбасының 5 иституционалды реформа 100 нақты қадам Ұлт жоспарының мән–мазмұнын жан–жақты түсіндіру, өзге ұлт жастары арасында достық қарым–қатынасты нығайту, жастардың керағар діни ағымдарға, қылмысқа бой алдырмауын насихаттауға бағытталды.

Жалғасы...
 
«Сырдария» КВН құрамасы ерледі PDF Печать E-mail
11.09.2015 00:00

  Облысымыздың табиғаты тамаша, курортты жері  - Төле би ауданының «Тау самалы» лагерінде өткен іріктеу ойындарына республикамыздың түкпір – түкпірінен 15 команда қатысып, өлкенің табиғатымен танысты. Мұндай жастар бас қосқанда жайдарман ойындары Солтүстік өңірінің Жасыбай жерінде де бірнеше рет өткізілген болатын.   Мінеки, бұл шара да сонын жалғасына іспеттес болды. Аталған демалыс аймағында іріктеу сайысынан кейін суырылып шыққан жастар топтары Шымкент қаласындағы «Достық» мәдениет  үйінде облыс әкімінің кубогына таласты. Жас әзіл сықақшылар барын салып, сайыс көрермендеріне жоғары көңіл күй сыйлады. Жайдарман ойындарының қортындысы бойынша әділ қазылар  бас жүлде кубогын мақталы ауданының «Сырдария» командасына лайықты деп шешті. Бұл команда «Жайдарман» сайыстарының республикалық телевизиялық ойындарында  бірнеше рет өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айнала білген.

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!