Новости района
«Мен және менің полициям!» атты апталық акциясы PDF Печать E-mail
10.11.2015 00:00

Ағымдағы жылдың қазан – қараша айларында Асықата кентінде  «Мен және менің полициям !» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш іс–шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық прокуратура, «Жас Отан» Жастар қанаты, білім бөлімінің әдіскерлері, Асықата кентіндегі Ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткізілді. Мектеп оқушыларына Титов, Гагарин, Қастеев мектептерінде   акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Акцияның негізгі мақсаты жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге дүкендерде темекі мен алкоголь өнімдерін сатпауын ескерту, кәмелет жасқа толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі сағат 22.00 – ден 6.00 – ге дейін ойын – сауық мекемелерінде болуына жол бермеуін ескерту, көлік жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзбауға шақыру, жастардың түрлі құмар ойындарынан аулақ болуына үндеу, жастарымызды ұсақ қылмыстармен күреске жұмылдыра отырып, тәртіпке, мәдениеттілікке шақыру,  тазалық сақтап, құрмет көрсетуі керек екендігін түсіндіру, қоғамды тәртіпсіздікке қарсы тұруға шақыру.

Жалғасы...
 
Жетісай қаласы әкімінің кубогы PDF Печать E-mail
10.11.2015 00:00

Жуырда Жетісай қаласы әкімінің кубогы үшін аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар  орталығы»  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Жетісай қаласы күні мерекесіне орай  «Туылған күніңмен Жетісай!»  атты    қала   әкімінің   кубогы   үшін     жайдарман   ойыны   болып   өтті.         Жастардың   бойындағы   мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті дамыту, өнерге білімге деген шығармашылық ізденістерін шыңдау, жастардың танымдық қызығушылығын шығармашылық қабілетін сахна мәдениетін өзін–өзі тану қабілетін қалыптастыру, жастар арасында қазақ тілінің дамуына және жандануына үлес қосу, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында  қаламыздағы   мәдениет үйінде  өткен   ойынға   қала   мектептері   мен   арнаулы   орта   оқу   орындарынан   11 команда   қатысып  өнер   көрсетті. Бүгінгі   таңда   еліміздің   жастары   үшін   маңызға   ие  болған   жайдарман   ойынын   тамашалауға   көрермендер    көп   жиналды. Намысты   қолдан   бермеуге   тырысқан    әр   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр сөзбен  сайысты   қызықты   өткізе   білді. Әділ қазылар алқасының құрамында аудандық «Жастар орталығы» КММ – нің   директоры   М.Бейсенбаев,

Жалғасы...
 
«STOP –Қылмыс» партиялық жобасы аясында өткен шара PDF Печать E-mail
02.11.2015 13:07
Өздеріңізге белгілі биыл «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 2015 жылғы 30 маусымдағы №15 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің бастауыш партия ұйымы туралы Ережесі шықты.
Ережеде көрсетілгендей БПҰ мақсаты – партияның жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын халық арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия құрылымдарының арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету.
Біздің бастауыш партия ұйымы мүшелері «Нұр Отан» партиясының жүргізіп отырған салиқалы саясатын жүзеге асыруға барынша атсалысуда.
Жалғасы...
 
Спорт бізді біріктіреді ! PDF Печать E-mail
30.10.2015 00:00

2015 жылдың 29 – қазан күні Атакент кентіндегі № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жастар мен ардагерлер арасындағы «Спорт бізді біріктіреді» атты аудандық воллейбол турнирі болып өтті. Ардагерлер мен жастар арасында дене шынықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ардагер ойыншылардың жас ойыншыларға волейбол ойынының қыр – сырын үйрету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткізілген жарысқа Мақтарал ауданы әкімдігіне қарасты қала, кент, ауыл округтерінен 15 команда қатысты. Іс – шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Бейсенбаев ашып, командаларға сәттілік тіледі. Турнир ұжымдық түрде 4 + 2 жүйесімен өткізіліп, команда құрамы төрт жас және екі ардагер ойыншымен жасақталды. Ойын жалпы стандартты ережесіне сай олимпиадалық тәсілмен өткізілді. Алғашқы ойын жұптары жеребе тәсілімен анықталып, әр матч үш кезеңнен өтіп, әр матчке ұйымдастырушылар тарапынан бір төреші тағайындалды.

Жалғасы...
 
«Қызды қырық үйден тыю» PDF Печать E-mail
30.10.2015 00:00

Жуырда  аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Шаңырақ» отбасы клубы «Қызды қырық үйден тыю» атты  тәрбиелік–тағылымдық іс–шарасын өткізу жөнінде бастаманы қолға алып, аталған іс-шара ағымдағы жылдың 12–21 қазан аралығында 1 жоғары және 7 орта арнаулы оқу орындарында ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл іс–шараның мақсаты қазіргі таңдағы жастарымыз – қыз балаларының бойындағы мінез–құлық, жүріс-тұрыс, үлкендер алдында өз–өзін ұстауы, сөз сөйлеу мәнері секілді қыз балалардың бойында қазақы болмысымызға тән қасиеттердің болуын  талдау–талқылау, имандылыққа баулу, жастардың өркениетті еліміздің даму талабына сай жан–жақты азамат болып қалыптасуына ықпал ету, ғылым–білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Аталмыш шара Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық–техникалық колледжінен бастау алды. Кездесу алдында жастарға тақырып төңірегінде сауалнама парақшалары таратылды. Шараға тек қыз балалар ғана қатысып  қоймай, сондай–ақ, нәзік жандылар жайында  өз ой–пікірлерін білдіруге ниет білдірген ер балалар да қатысты.

Жалғасы...
 
Спорт бізді біріктіреді ! PDF Печать E-mail
26.10.2015 00:00

Жуырда  Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен  мемлекеттік  қызметкерлер  мен  жастарды  бұқаралық  спорт  арқылы  біріктіру  мақсатында аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, адал еңбек етуді насихаттауға, ауданда  мемлекеттік  жастар  саясатын  жүзеге  асыру, спорт  түрлерін  өскелең  ұрпаққа  дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және  салауатты  өмір  салтын  насихаттауға  бағытталған  «Адал жол – Честный путь!»  атты  велошеру  болып  өтті. Велошеруді  аудан  әкімінің орынбасары А.Есенбеков  ашып берді. Облыстан келген қонақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің консультанты Б.Қаратаев та өзінің құттықтау лебізін білдірді.    
Велосипедтерін қомдап, жүруге  дайын  тұрған  қатысушылардың  көздегені  жүлде  емес, салауатты  өмір  салтын  насихаттауға, әрдайым ұстанып жүруге, ауданымызда  велоспорттың  кеңінен  дамуына  деген құлшынысы айқын аңғарылып тұрды.   

Жалғасы...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!