«Жемқорлыққа жол жоқ» атты кіші футболдан жарыс өтті PDF Печать E-mail

23 маусым  - «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай  «Жемқорлыққа жол жоқ»  ұранымен Мақтарал ауданының  мемлекеттік қызметшілері арасында  2015 жылғы 20 маусым  күні Атакент кентіндегі Алпамыс Батыр   стадионында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысты аудан әкімінің орынбасары  Ә.Әбжанов ашып, қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады. Аталған шара Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылып өткізілді.           Іс-шараның мақсаты ауданда дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту, ҚР Президенттің «ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту 2011 – 2015 жылдарғы арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №1113 жарлығын жүзеге асыру, ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру, ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметкерлерді облыстық жарыстарға іріктеуге бағытталды.       
Өз ұжымынан құрылған командаларына қамқор болып, қолдау көрсетіп келген басшылар, ұжым мүшелері іс-шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысты.         Сонымен жарысқа қатысушылар өздерінің бақтарын сынап, ауа райының аптап ыстығына қарамастан, «спорт десе – ішкен асын жерге қоярдай» бірнеше сағаттар бойы алаңда өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың әділ өтуіне Атакент БЖСМ жаттықтырушылары Б.Назарбеков, А.Ахметов, З.Фардиевтер төрешілік етті.                                                            Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды  аудан әкімі аппараты және дене шынықтыру және спорт  бөлімдерінен құралған команда иеленді, ІІ-орынды  Жетісай қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен  Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінен құралған командаға бұйырса, ІІІ-орын аудандық ішкі саясат, білім бөлімдерінен құралған командалары иеленіп, оларға диплом және заттай сыйлықтармен марапатталды.

 

Г.Сұлтанова

«Жастар орталығы» КММ – нің қызметкері
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!