Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті PDF Печать E-mail

Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлық белең алып, ХХІ-ғасырдың қауіпті дертіне айналып отырғандығы жасырын емес. Ел бұқаралық ақпарат құралдарынан сыбайластықпен қаржы жымқыру, пара алумен ұсталу деген секілді оқиғаларды көзіміз жиі шалып жатады. Сондай-ақ, ресми ақпараттардан бөлек ел арасында да қаңқу әңгімелер аз емес.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың парызы. Бұл індетті жою - қоғамның әрбір мүшесінің белсенді азаматтық көзқарасымен тікелей байланысты десек артық айтпағандығымыз болар.

Осындай мақсатпен жуырда Мақтарал ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті!» атты «дөңгелек үстелі» болып өтті. Аталған іс-шарада еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы заңнамалар бойынша жалпы мағлұмат беру мақсатында баяндамалар жасалып, заңға сәйкес азаматтардың жауапкершілігі, осындай фактілер орын алған жағдайда қандай іс-әрекет жасау қажеттігі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Дөңгелек үстелге» аудан прокуроры, аудандық ішкі істер басқармасы, аудандық мәслихат, әділет, мемлекеттік кірістер, қазынашылық басқармалары, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудан әкімі аппаратының заң бөлімі, аудан әкімдігіне қарасты білім, ішкі саясат, жұмыспен қамту бөлімдері, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен белсенді жастар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, «дөңгелек үстелде» іргелі ауданымыздағы бірден бір жоғары оқу орны – «Сырдария» университетінің жастары өз белсенділігін таныта білді. Жиында аудандық мәслихат аппаратының қызметкері Е.Салиев, аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы Б.Мүсірепов және «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры М.Бейсенбаев баяндама жасады.
Іс-шараға төрағалық еткен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков осындай жиындарға еліміздің ертеңі – жастарды, жалпы тұрғындарды тарта отырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруда үлесі зор екендігін алға тартты.
Г.Сұлтанова.

Мақтарал ауданы «Жастар орталығы»
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!