Мемлекеттiк қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенiм PDF Печать E-mail

         Мемлекеттік қызметтің кәсібилігі мен оң имиджін қалыптастыру тұрғысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, сондай-ақ, үлкен жиындар мен форумдарда мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, т.б сияқты өзекті мәселелерді көтеріп, осы бағытта жұмысты жандандыруды үнемі қадағалап, тапсырмалар береді. Мәселен, Тұңғыш Президентіміз «Нұр Отан» партиясының республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережені басшылыққа алуы міндетті екендігін айтып өткен болатын.  Олар - ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек; мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек; шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек; заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды; кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек;  қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек; ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек; егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.
Елбасы 8 ережені айта келе, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып табылатындығын тілге тиек етті.          Сондай-ақ, Тұңғыш  Президентіміз елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім және де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
Кәсіби мемлекет құру Елбасымыздың 5 инстуционалды реформаны іске асырудың 100 қадам Ұлт жоспарында да айқын көрініс тапты. Аталған Жоспардың алғашқы 15 қадамы түгелдей кәсіби мемлекеттік аппарат құруды іске асыруға арналды. 100 қадамды біз бөлім қызметкерлері арасында оқып танысып, үгіт-насихат жиындарын өткіздік.
100 қадам Ұлт жоспарының 13-қадамында сыбайлас жемқорлықпен жұмысты жүйелі жүргізу жөнінде айтылған. Бүгінгі таңда ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмай, оған қарсы күресті күшейту өзекті мәселеге айналып отырғандығы жасырын емес. Бұл әрине, мемлекеттік қызметтің имиджін түсіріп, халықтың барлық мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін жоғалтатындығына ықпал ететіндігі сөзсіз.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процессі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Бұл сөздерден мемлекеттік қызметкер қоғамға, жалпы халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс екендігін ұғынамыз. Әрине, халыққа қызмет ету басты борышымыз екендігін біз әрдайым терең сезіне жүріп, мемлекеттік қызмет атқару - баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі жадымыздан шыққан емес.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруды сапалы шешу — біз үнемі жұмыс істейтін күрделі мәселе екенін біз жақсы түсінеміз.

 

Н.Қалисаев
Мақтарал ауданының құрылыс бөлімінің басшысы                              

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!