Жемқорлықпен күресу – баршаның парызы PDF Печать E-mail

     Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігінде құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жылдық іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар өз деңгейінде атқарылып келеді. Атап айтқанда ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, ауыл билері, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, жастардың қатысуымен әр тоқсанда бір рет, атап айтқанда 2015 жылдың қаңтар айының 6-жұлдызында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру», 2015 жылдың наурыз айының 31-жұлдызында «Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықты болдырмау шаралары» деген тақырыптарда құқықтық оқулар өткізілді.
Елбасымыздың Қазақстан Халқына 2007 жылы 6 сәуірдегі Жолдауы бойынша және №310 Жарлығына сәйкес, Елбасы құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларына халықты, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарды тарту, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу қажеттігін атап өткен болатын.
Аталған бағытқа сай Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 08.09.2009 жылғы №5/246-2809 санды нұсқауына сәйкес ішкі істер министрлігі жұртшылықты қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту бойынша ауыл билерінен қоғамдық кеңес құрылып, әрбір отбасында, мәдени ошақтарда қоғамдық тәртіптің сақталуын, әрбір азаматтың құқығының қорғалуын қоғамдық кеңесте шешіп отырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3мамырдағы № 1567 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін бекіту туралы» Жарлығына және 1998 жылдың 2-шілдедегі №267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігінде сыбайлас жемқорлық  бойынша заң бұзушылықтар туралы ақпаратты жасырын түрлде хабарлауға арнылған 37-5-15, 37-3-61 сенім телефондары қондырылған.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігінде азаматтардың ұсыныс пікірлерін жинақтау жәшігі орнатылған.
Аулдық округі әкімдігінде ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау өз деңгейінде жүргізілуде және жеке қабылдау тақтасы ілініп, әр аптаның сейсенбі, жұма күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жеке қабылдау жүргізіліп келеді.
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және нақтылау мақсатында қызметкерлер арасында үнемі құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру жолға қойылған. Ауыл әкімі аппаратында мемлекеттік қызметші өз уақтысында 2015 жылдың сәуір айына дейін Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасына декларацияларын уақтылы тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің жеке іс қағаздарына енгізілген.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты түскен арыз-шағымдар осы кезге дейін болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа тартылған (азаматтар) мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.   

М.Ешанкулов

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!