Мақтарал ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы PDF Печать E-mail

Мақтарал ауданы әкімдігінің
ҚАУЛЫСЫ

 

              22.07.2015 жыл                                                                                          №833

 

Мақтарал ауданы бойынша Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясын іске асыру және
көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспарын бекіту  туралы

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысына және «Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарғңа арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс- қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар туралы» облыс әкімдігнің  09.07.2015 жылғы №213 санды қаулысын іске асыру мақсатында Мақтарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Мақтарал ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қала, кенттер және ауылдық округі әкімдері және дербес бөлім басшылары заңнамамен белгіленген тәртіпте Өңірлік іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Абжановқа жүктелсін.

 

                      Аудан әкімі                                            Ж.Бейсенбаев


                                                                                                                                                        Мақтарал ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «      »__________
______қаулысымен бекітілген  
№1 қосымшасы

     Мақтарал ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға
     арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі
экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары

р/с

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Орындау үшін
жауаптылар

Орындау
мерзімі

Қаржыландыру көздері

1

Мемлекеттік органдарда қолданыстағы заңнама талаптарының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға жауапты басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес мемлекеттік қызметшіні бекіту

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

1 жартыжылдық
2015жыл

 

2

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзуышылыққа төзбеушілікті    қалыптастыру мақсатындағы орнатылған «сенім» телефонын
БАҚ-та жариялау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

1 жартыжылдық
2015жыл

 

3

Жемқорлыққа  қарсы күресте жаңадан қабылданған заң нормаларын ескере отырып, жемқорлыққа қарсы іс- қимылды профилактикаға бағыттау шараларын іске асыру. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, салалар бойынша жиналыстар өткізу

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

Тұрақты

 

4

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпараттар мен БАҚ-та жарияланған сын мақалалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу және расталған мәліметтерді жоққа шығару шарасын жүзеге асыру

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

Тұрақты

 

5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық қорғау органдарының қызметі жөніндегі жұмыстары туралы материалдардың жариялануын қамтамассыз ету, деректі фильмдер мен бейнероликтер дайындап жариялануын жүзеге асыру
«Жемқорлыққа жол жоқ» атты аудан жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы асясында сурет салу байқауы

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Мамыр айы 2015 жыл

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы аясында 125000 мын теңге

6

Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. Жергілікті БАҚ-тарда Мақтарал ауданы әкімінің орынбасарлары мен бас инспекторларды қатысуымен қал, кенттер, ауылдық округтерде  айына бір рет азаматтарды қабылдау кестесін жариялап, қабылдау өткізу.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Қыркүйек айы 2015 жыл

 

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы аясында  75000 мын теңге

7

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша тұрғындардың көзқарасын зерттеу, талдау, анықтау бағытында жұмыстар жүргізу.
Мемлекеттік мекемелерде жасырын сұрақ-жауап сауалнамасын өткізу.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Қазан айы
2015 жыл

 

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы аясында  50000 мын теңге

8

Жергілікті мемлекеттік органдардың  интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Мақтарал ауданының ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары,

ІҮ-тоқсан 2015-2017 ж.ж

 

9

Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсында құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру мәселесін пысықтау.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының білім бөлімі, мәдениет бөлімі, ішкі саясат бөлімі , жастар орталығы, Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Тоқсан сайын 2015 жыл

 

10

Кәсіпкерлерге  жануарлардан алынған өнімдердің (ет және ет өнімдері, сүт сүт өнімдері , балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері) қауіпсіздігін растайтын құжатты (өнімнің түрін, санын, иесінің Т.А.Ә межелі объектісін көрсете отырып,сараптама актісінің төлқұжаты) базарларда жұмыс істейтін ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханаларынан тікелей алуға мүмкіндік беру арқылы жеке және коммуналдық базарлардың қызметіндегі әкімшілік  кедергілерді алып тастау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Тоқсан сайын 2015 жыл

 

11

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың тізімдеріне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық бөлімі,

ІҮ-тоқсан 2015-2017 ж.ж

 

12

Дала жұмыстарын жүргізу үшін облыс  бойынша жанар-жағар май көлемі мен оны жеткізудің біріңғай операторын айқындау.
Агроқұрылымдарға субсидияларды «Қазпошта» арқылы электронды нұсқада төлеуді жетілдіру

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі,
ауылдық округі әкімі аппараттары

Жыл сайын

 

13

Кондоминимум объектісіне қызмет көрсететін ұйымдардың халық қаражатын жұмсау тәртібін  регламенттеу

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық бөлімі, Мақтарал ауданының автомобиль жолдары бөлімі,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

14

Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі  комиссиялардың  жұмыс жоспарларында  қоғамда  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті қалыптастыру мәселелерін көздеу.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

тұрақты

 

15

Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізіп, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту.

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Мақтарал ауданының білім бөлімі, ішкі саясат және мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі, жастар орталығы,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Жыл сайын

 

16

Арнайы мониторингтеу тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қаматасыз теу

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 1ақпаннан кешіктірмей

 

17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуы туралы жыл сайынғы есепті БАҚ-та немесе интернет-ресурс сайттарына орналастыру

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасы (келісімі бойынша),
Мақтарал ауданының ішкі саясат бөлімі,
Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

Жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 1ақпаннан кешіктірмей

 

18

Сауда базарларын заманауи форматқа кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі мәселені пысықтау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімі, Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

19

Инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне ірі сауда объектілерінің «дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын енгізу мәселесін пысықтау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімі, Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

20

Елді мекендердегі сауданы ұйымдастыру және аудандастыру бөлігінде ішкі-сауда қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімі, Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

21

Коммуналдық сауда алаңдарын ұлғайту және коммуналдық сауда алаңдарына мұқтаждарды қамтамасыз ету

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімі, Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

22

Сауда объектілері әкімшіліктерінің мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген немесе ресми еңбек қатынастарын рәсімделмеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беруі бойынша бақылауды жетілдіру мәселесін пысықтау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал АІІБ-сы (келісімі бойынша), Мақтарал ауданының кәсіпкерлік бөлімі, Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

23

Жеке қосалқы шаруашылықтарда мал басын есепке алуды жетілдіру мәселесін пысықтау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары бөлімі, Мақтарал ауданының ветеринария бөлімі,  қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

24

Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, ауыл шаруышылығында жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша жағдайлар жасау және ынталандыру шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мақтарал ауданы халықты жұмыспен қамту орталығы, Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары бөлімі, қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

25

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын ұйымдастырушылардың интернет-ресурсында жариялау

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының дербес бөлімдері

ІІІ тоқсан 2015 жыл

 

26

Қала, кенттер және ауылдық округтерде  жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру үшін өткізілетін конкурс, аукциондарды ашық түрде өткізу және оған қатысушылар санын арттыру үшін шаруа қожалықтарын тікелей хабардар ету

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары бөлімі, Мақтарал ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі

Тұрақты

 

27

Салық базасын ұлғайту мақсатында, жеке тұлғалардың тіркелмеген жылжымайтын мүліктерін анықтау бойынша аула аралау жұмыстарын ұйымдастыру

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

Мақтарал АІІБ-сы (келісімі бойынша), Мақтарал аудандық Әділет басқармасы (келісімі бойынша),Мақтарал аудандық жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы(келісімі бойынша), Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары

тұрақты

 

28

«Нұр Отан» партиясының ауданды, қалалық филиалдары мемлекеттік мекеме басшыларымен тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша бірлесікен қабылдаулар өткізуін жалғастыру

Мақтарал ауданы әкімі аппаратына ақпарат

«Нұр Отан» ХДП (келісімі бойынша), Қала, кенттер және ауылдық округі әкімі аппараттары, дербес бөлім басшылары

Кестеге сәйкес айына 2 рет

 

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!