Жолдау – ел дамуының жоспары PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы заман ағысына қарай межелерді белгілеп, жоспарларды реттеп отыру керектігін еске салады. Биылғы Жолдау жалпы жұртшылыққа үлкен серпіліс әкелді.  
     Елбасының әрбір Жолдауы өз алдына ел дамуы үшін құнды, барлық азаматтар үшін үлкен маңызға ие.
     Жолдаудың басты ерекшелігі – халықтың әл-ауқатын төмендетпеуге арналып отыр. Қазақстанның даму жолын айқындайтын құжат еліміздің түкпір-түкпірлерінде, ауданымызда, соның ішінде аудандық партия филиалының барлық  33 бастауыш партия ұйымдарында, барлық партиялық топтарында, оқу орындары мен өзге де орындарда кеңінен қолдау табуда. Ауданымыздағы Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлері бойынша құрылған төрт үгіт-насихат тобы Жолдау аясында өткен жиындарға қатысып,  насихаттау бағытында жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Ә.Байдуллаев «Достық» ауылдық округіндегі елді мекендерде болып, Жолдауды насихаттау әрі түсіндіру бойынша тұрғылықты халықтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ә.Ә.Байдуллаев Жолдаудың маңыздылығына, мақсат-міндеттеріне тоқталып, баяндама жасады және насихаттық топтардың Жолдауды халыққа түсіндіруде белсенді жұмыс жүргізулері керектігіне тоқталды. Өткен жиындарда «Гүлстан» ауылының ауыл биі Кучаров Базарбай, «С.Айни» атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары Жайнаров Еркебай, «Достық» ССТК төрағасы Курбанов Ахатбек, шаруа қожалығының төрағасы Дадаев Хомроқұл, «Тұрсынзаде» атындағы жалпы орта мектеп директоры Уразова Зульфия, «Х.Тугушев» ауылының ауыл биі Алимов Акажан сөз алып. өз ойларын ортаға салды. Өткізілген жиналыстарды қорытындылай келе Ә.Ә.Байдуллаев Елбасының Қазақтан халқына Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікпенен қолдап-қуаттап, әрбір азаматтың өз үлестерін қосуға шақырды.

«Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық
филиалының консультанты М.Қожабекова

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!