Аудан әкімі С.Тұрбековтың ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған актив мәжілісінде жасалған баяндамасы PDF Печать E-mail

С.Тұрбеков – Мақтарал ауданының әкімі

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған актив мәжілісінде жасаған баяндамасы

Жаһандық дағдарыстың елімізге тигізер қаупін сейілту мақсатында Елбасы биылғы Жолдауын ерте  жариялап отыр. Бұл, біріншіден, елім деп жаны күйген Елбасының елгезектігі болса, екіншіден, жаһанда болып жатқан саяси ахуалды терең талдай алатын саясаткерлігінің, қырағылығының нәтижесі.
Жақында ғана Ұлытаудағы сұхбатында қазақ елінің тарихи дамуына ерекше тоқталған болатын. Міне, бүгін Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол» Жол дамуында «Мәңгілік Ел» идеясының стратегиялық нақты бағдарламасын жасап көрсетті. Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болды. Жаңа экономикалық саясат халықтың, әсіресе әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталғанын көреміз. Бұған дейін де дағдарыстан шығудың кілтін ұсынған Елбасының арқасында халқымыз қысылып – қымтырылып көрген емес. Әлеуметтік жағдайы болсын, экономикалық көрсеткіші болсын, артпаса төмендеген жоқ. Жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындары, шағын және орта бизнестің дамуы қарапайым халықтың күнкөріс өлшемін өсіре түсті.
Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялады. 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауды осыған арнайды. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді?
Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келді. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады.
Жолдауда басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырып отыр. Олар:
Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы  технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырды.
Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды.   
Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыруып Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жасампаз Жолдаудан туындайтын мақтаралдықтардың да атқарар ауқымды істері бар екенін жақсы сезінеміз.
Ауданның 2014-2016 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды яғни бағдарламаларды іске асыруға бағытталған аудандық бюджет дамуынан да көруге болады.
Білім беру саласына 2014 жылғы 2568,614 теңге, республикалық бюджеттен 1691,722 бөлініп 6 нысан пайдалануға берілетін болады. (3 мектеп аяқталса, 1 бала бақша құрылысы бітіп пайдалануға берілсе, 3 мектептің құрылысы жүргізілуде). Таяу уақытта пайдалануға берілетін болады.
Облыстық бюджеттен 269636 теңге бөлініп осы бағыттағы нысан құрылыстары жүргізілуде.
Жолдауда атап көрсеткендей ауданда 3 жылға тұрғын үй коммуналдық шаруашылыққа 2014-2016 жылдарға 2 778 471 теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылуда.
Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау су беру жүйелерін дамыту жұмыстарына да қомақты қаражаттар қарастырылған, жұмыстар атқарылуда.
Президент Жолдауында Жолдар – ол Қазақстан үшін өмір желісі деп атап көрсетті. Жолдар салу есебінен шамамен 200 000 жұмыс орыны құрылса, Астанадан барлық бағыттарға автомобиль, темір жол және авиациялық магистарлдар тарайды, әрбір отандастардың әл – ауқаты мен өмір сапасы артады.
Ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 688,6 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 108,0 шақырымы республикалық, 419,1 шақырымы облыстық, 161,5 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Сонымен қатар, елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 1497,5 шақырым. Аудан көлеміндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердегі көшелерді ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі жылдан жылға артуда.
        2014 жылы жалпы жергілікті бюджеттен 287 млн. 410 мың теңге бөлінген. Оның ішінде ұзындығы 14,8 шақырымды құрайтын ауданның 20 ішкі шаруашылықтағы көшелерін орта жөндеуге 168 млн. 736,4 мың  теңге қаралған. Ал, ұзындығы 13,4 шақырымды құрайтын ауданның 26 көшесін ағымдағы жөндеуге 118 млн. 673,6 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржылар толығымен игерілді.
Сонымен қатар инфрақұрылымдық индустриялық дамыту жобаларды іске асыруда жолдауда атап өтілді. Және де энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Бұл Қазақстандық электор стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Адамдарға аса қажет су және жылумен қамтамасыз ету. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де Жолдауда орынды қаралған. Баспананы қамтамасыз етуде делдалсыз тікелей несиеге барынша төмен бағамен арзандату жолдарын атап өткен. Сондықтан Жолдауда 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға 180 миллиард ұлғайттуға тапсырма берді.
Бұл үлкен, әрі нақты қолдау болып саналады 2014 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтауға жергілікті бюджеттен жалпы 252 113,1 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілген. Бұл жұмыс жалғасатын болады.
Әсіресе Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуда апатты мектептер және үш ауысымда оқыту проблемаларын шешуді оған қосымша 70 миллиард теңге қаржы бөлуді Үкіметке қадап тапсырғаны да жанымызды жылытады. Бізде де мектеп салу мәселесі жылдан жылға арттып шешу жолында жұмыстар атқарылуда.
Біздің аудан бастап жіберген жеке секторды тарта отырып бала бақша жітіспеушілікті шешуді әкімдерге тапсырды. Жоғары оқу орындары базасын нығайтуға да қаншама қаражат бөлуге назар аударды.
Тығыз орналасқан Мақтаралдықтар үшін де шағын және орта бизнесті дамыту қандай қажет болса Жолдауда арнайы тоқталып бұрынғы жұмыстарды жалғастыра отырып қаржы несиелеу көлемі арттады. (2015-2017 жылдарға 155 миллиард) пайдалануға ұсынды.
Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 29 009-ке жетті, оларда 33,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 33 203,9 млн. теңге болды, бюджетке жалпы 397,8 млн. теңге салықтық төлемдер құйылды.
Президент осындай күрмеуі қиын экономикалық дағдарыстан шығу үшін қосымша қаржы көздерін кезінде құрылған Ұлттық қордан бөлінетінін кезең – кезенге бөлді. (2015-2017 жылдары 3 млрд долларға дейін)
Қаржы көздері қатаң бақылауда болып, барлық әкімдерге, «Нұр Отан» партиясына партиялық бақылау орнатуды қатаң тапсырды.
Қадірлі қауым! Президент алда тұрған жауапты жұмыстарды атқару үшін елде топтасқандық, тұрақтылық, тыныштық қажет екенін баса көрсетті. Бұл қасиетті сөздерді Елбасы үнемі қайталаумен, айтумен келеді.
Әлемдік экономикадағы жағдай мынадай, дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз екенін ерекше атап көрсетті.
Этносаралық келісім – өміршеңдік тақырып болып қала береді.
Алдағы жылы тарихи мерекелер жыл болып тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз.
Бұл мерекелер елді біріктіретін, рухын көтеретін Жаңа Қазақстандық Патриотизмді нығайтатын мереке ретінде атап өтілетініне мән берілді.
Біздегідей халықтар достығы, ұлтаралық, дін аралық келісім өзге мемлекеттерде кем де-кем. Ел тұрғындарының алдындағы бүгінгі басты мақсат – тәуелсіздік алған жылдардан бері қол жеткізген игіліктерді одан әрі ұлғайтып, келешек ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыру. Көреген Елбасымыз осының барлығын өз Жолдауында нақты түрде атап көрсетті. Бұл Жолдау тек қана алда болатын 2-3 жылдық дағдарыстан шығудың жолы ғана емес, Қазақстанның түпкі дамуының бағдары деп айтар едім.
Құрметті аудан активі. Осынау тарихи Жолдауды оқып, тыңдап отырып әрбір отандастар үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасайды деп қабылдаймыз. Ауданымызда да атқарылатын қыруар істер, жобалар аз емес. Мемлекет басшысының қолдауына Мақтаралдықтар да іспен жауап беру қажет.
Жолдаудың маңызды Жолдарын елге, елді мекен тұрғындарына, жасына қарамай жеткізуде түсіндіруде насихаттауда осында қатысып отырған азаматтар, ел ағалары, әкімдер, бөлімдер, мектеп директорлары, мекеме басшылары, депутаттар белсенділік көрсету тиіс.
Президент Н.Әбішұлы Жолдауда – Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болу керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз дегені баршамызды ойландырады.
Сондықтан көпэтносаясаты ауданымыз тұрғындар арасында өзара түсінушілікті, ынтымақ пен бірлікті сақтай отырып тұрғын халықтың әл – ауқатын арттыруға, бейбіт өмірде жақсы өмір сүруді қамтамасыз ету баршамыздың қасиетті борышымыз бен парызымыз деп білеміз.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!