Мақтарал ауданының 2015 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы PDF Печать E-mail

2015 жылдың 1 жарты жылдығы қорытындысымен даму көрсеткіштері

        Өнеркәсіп

        Аудандағы 31 өнеркәсіп орындары 2015 жылдың 6-айында жоспардағы 3 млрд 700 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 747,9 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, орта мерзімдік даму жоспары 101,3 % пайызға орындалды. Өнеркәсіп өнім көлемі 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 355,9 млн. теңгеге кеміген.
        Ал, заттай өнімге шаққанда, 2014 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы – 549 тоннаға кеміп отыр, мақта майы - өндірілген жоқ. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 97,3 %-ды құрап отыр.

        Ауыл шаруашылығы
 
2015 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 7 500,0 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 7 709,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 080,0 млн. теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 102,8 % пайызға артығымен орындалды. Нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 100,2 % пайызды құрады.
Ауданда ауыл шаруашылық дақылдарының егістік жер көлемдерін әртараптандыру мақсатында, 2015 жылдың 6 айында 77,1 мың га жерге мақта, 26,5 мың га жерге бақша, 3,5 мың га жерге түрлі көкөністер, 0,4 мың га жерге картоп, 10,0 мың га жерге дәндік жүгері, 1,2 мың га жерге сүрлемдік жүгері, 2,5 мың га жерге күріш, 3,5 мың га жерге жаңа жоңышқа, 0,2 мың га жерге бидай мен арпа, 0,4 мың га жерге күнбағыс, 0,3 мың га жерге маш, 9,0 га жерге жаңа жеміс-жидек, 88,17 га жерге жаңа жүзім екпелері егіліп отыр. Көп жылдық екпелердің үлесі 6,9 мың га (оның ішінде: ескі жоңышқа 5,8 мың га, жеміс-жидек 559,2 га, жүзім екпелері 522,5 га) жерді құрап отыр.
        2015 жылдың 1 қаңтарына жалпы жылыжайлар көлемі 73,2 га құраған. Биылғы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 6,0 га ұлғайту тапсырмасы берілген  болса, ағымдағы жылдың  6 айында  4,65 га жерге жылыжайлар құрылды ( 77,5 %)
Аудан көлемінде 2015 жылы қосымша 550 га жерге тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы берілсе, 2015 жылдың 6 айында 80,6 га жерге тамшылатып суару технологиясы ендірілді (14,7 %)
        Ауданда мал саны біршама кеміген, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, ауданда заңды және жеке тұлғалардың иелігінде 106,0 мың бас ірі қара мал, оның ішінде 38,4 мың бас сиыр, 264,1 мың бас қой-ешкі, 15 687 бас жылқы, 1 292 бас түйе, 1 689 бас шошқа, 127,9 мың бас құс бар. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ірі-қара 572 басқа, қой-ешкі 6 898 басқа, жылқы 532 басқа, құс 116 басқа артса, сиыр 596 басқа, түйе 42 басқа, шошқа 109 басқа кеміген.
Жыл басынан 32 064 бұзау, 93 585 қозы-лақ, 4 119 құлын, 289 бота төлдерімен қатар 1 334 торай алынды. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұзау 65 басқа, қозы-лақ 9 454 басқа, құлын 79 басқа, артқанымен, бота 32 басқа, торай 22 басқа кеміген.
Есеп беру кезеңінде 6 693,8 тонна ет, 43 542,7 тонна сүт, 7 050 мың дана жұмыртқа, 271,1 тонна жүн өндірілді. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 148,3 тоннаға, жұмыртқа 279 мың данаға, жүн 8,1 тоннаға артық өндірілсе, сүт 1 230,3 тоннаға кем өндірілді.
Мал тұқымын асылдандыру, оларды аурудан сақтандыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Ауданда 10 шаруа қожалығы мал тұқымын асылдандырумен  айналысуда. Оның ішінде: 2 шаруа қожалығы қаракөл, 8 шаруа қожалығы қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойын өсірумен айналысуда. Ондағы мал басы саны 38 417 басты құрайды (оның ішінде аналығы 18 657 бас).
                   
        Құрылыс
        Аталған мерзімде негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 3 млрд. 925,2 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 36,1 млн. теңгеге артып отыр. Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың құрылымында 56,7 % пайызды республикалық бюджет, 34,5 % пайызды жергілікті бюджет, 8,8 % пайызды кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражаты құрайды, ал шетел инвестициясы мен қарыз қаражаты қазірге тартылған жоқ. 
        Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша 2015 жылдың 6-айында 115 жер учаскесі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Есепті кезеңде жалпы көлемі 6 601,3 шаршы метрді құрайтын 69 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда берілген учаске саны 39-ға кемігенімен, іске қосылған тұрғын үй саны 17-ге, жалпы алаңы 272,2 шаршы метрге артқан.
        Тұрғын үйлерді салып пайдалануға беру бойынша 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қалыбековте 2, Қарақайда 3, Ералиевте 2, Қызылқұмда 1, Атакентте 5, Бірлікте 1, Мақтаралда 3 үйге азайып отыр. 

        2014 жылы құрылысы басталып, 2015 жылы пайдалануға тапсырылған  нысандар;

       Республикалық  бюджет есебінен:

        1. «Жамбыл а/о Тегістік елді мекенінен 300 орындық «Ш.Бектасов» атындағы орта мектебінің  құрылысы» Нысанның құрылыс монтаж жұмыстарына 2014 жылға 372 320,0 мың теңге қаржы қаралған. Нысан 2015 жылға өтпелі, қалған қаржысы облыстық бюджеттен 70 001,0 мың теңге толығымен игерілді. Жалпы конкурстық құны 442 321,0 мың теңге. 2015 жылы 29 сәуірде №509 Аудан әкімінің қаулысымен нысан пайдалануға тапсырылды.
2. «Жаңа ауыл  а/о, Қарой елді мекенінен 300 орындық «Рудаки» атындағы орта мектебінің құрылысы» Нысанның құрылыс монтаж жұмыстарына 2014 жылға 400 435,0 мың теңге қаржы қаралған.  Нысан 2015 жылға өтпелі, қалған қаржысы облыстық бюджеттен 70 000,0 мың теңгесі толық игерілді. Жалпы конкурстық құны 470 435,0 мың теңге. 2015 жылы 22 мамырында №589 Аудан әкімінің қаулысымен нысан пайдалануға тапсырылды.
3. «Мақтарал а/о, Береке ауылындағы 300 орындық  «Әл-Фараби» атындағы орта мектебінің құрылысы» Нысанның құрылыс монтаж жұмыстарына 2014 жылға 374 970,0 мың теңге қаржы қаралған.  Нысан 2015 жылға өтпелі, қалған қаржысы облыстық бюджеттен 69 907,0 мың теңгесі толық игерілді. Жалпы конкурстық құны 444 877,0 мың теңге. 2015 жылы 22 мамырында №598 Аудан әкімінің қаулысымен нысан пайдалануға тапсырылды.
4. Мырзакент ауылындағы 280 орындық бала-бақша  құрылысы»    Нысанның  құрылыс  монтаж  жұмыстарына  2014 жылға 30 000,0 мың тенге  қаралған. Нысан 2015 жылға өтпелі, қалған қаржысы 525 250,0 мың тенге. Жалпы конкурстық құны 555 250,0 мың теңге. 2015 жылдың маусым айына республикалық бюджет есебінен жоспар 160 000,0 мың теңге және облыстық бюджеттен жоспар 10 000,0 мың теңге. Жалпы 170 000,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

        Облыстық бюджет есебінен:
1. «Жетісай қаласындағы 3-қабатты тұрғын үй құрылысы» Нысанның құрылыс монтаж жұмыстарына 2014 жылға 85 372,0 мың теңге қаржы қаралған.  Нысан 2015 жылға өтпелі, қалған қаржысы 136 528,0 мың теңге. Жалпы конкурстық құны 221 900,0 мың теңге. Облыстық бюджет есебінен ағымдағы айға жоспар 115 000,0 теңге, аудандық бюджеттен жоспар 1 894,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысанның құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес аяқталу мерзімі 2015 жылдың қыркүйек айы.

        Жергілікті бюджет есебінен:
1. «Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылынан 200 орындық мектеп құрылысы» Нысанның құрылыс монтаж жұмыстарына 2014 жылға қаралған  қаржы 21 000, 0 мың теңге. Нысан 2015  жылға  өтпелі, қалған қаржысы 389 599,0  мың тенге. Жалпы конкурстық құны 410 599,0 мың теңге. Қазіргі таңда жергілікті бюджет есебінен маусым айындағы жоспар 166 274,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысанның құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес аяқталу мерзімі 2015 жылдың қараша айы.
2. «Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта құру (әкімшілік ғимараты мен спортзал құрылысы)» Нысанға 2015 жылға 97 274,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Жалпы конкурстық құны 236 948,0 мың теңге. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы қайта өткізіліп, маусым айында жоспардағы 56 274,0 мың теңге игеріліп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылда төмендеі нысандар бойынша құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.

        1. «Бірлік а/о, Табысты ауылындағы 300 оқушыға арналған И.Панфилов атындағы мектеп құрылысы» бойынша 24.12.2013ж. № 19-1353/13 санды  мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы конкурстық құны 493 206,0 мың теңге. Нысанға облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 5 194,0 мың теңге қаралған. Ағымдағы айға облыстық бюджеттен жоспарланған 38 300,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.
2. «Достық а/о, Бескетік ауылындағы 300 оқушыға арналған Ғабдулин атындағы мектеп құрылысы» бойынша  24.12.2013ж. №19-1352/13  санды мемсараптаманың оң  қорытындысы  алынған. Жалпы конкурстық құны 493 156,0 мың теңге. Нысанға облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 5 190,0 мың теңге қаралған. Ағымдағы айға облыстық бюджеттен жоспарланған 38 300,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.
3. «Ж. Нұрлыбаев а/о, Мырзатөбе ауылындағы 200 оқушыға арналған М.Өтемісұлы атындағы мектеп құрылысы» бойынша 26.12.2013ж. №19-1389/13 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы конкурстық құны 381 023,0 мың теңге. Нысанға облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 4 058,0 мың теңге қаралған. Ағымдағы айға облыстық бюджеттен жоспарланған 38 300,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.
4. «Ж. Ералиев а/о, Әлімбетов ауылындағы 200 оқушыға арналған «Сырдария» мектеп құрылыс» нысаны бойынша  26.12.2013ж. №19-1394/13 санды  мемсараптаманың оң қортындысы алынған. Жалпы конкурстық құны 382 955,0 мың теңге. Нысанға облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 4 082,0 мың теңге қаралған. Ағымдағы айға облыстық бюджеттен жоспарланған 38 300,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда.
5. «Атакент кенті Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аумағындағы М.Әуезов көшесі бойынан 300 орындық мектеп құрылыс» нысаны бойынша 31.12.2013ж. №19-1441/13 санды мемсараптаманың оң  қорытындысы алынған. Жалпы конкурстық құны 493 679,0 мың теңге. Нысанға облыстық бюджеттен 150 000,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 5 189,0 мың теңге қаралған. Ағымдағы айға облыстық бюджеттен жоспарланған 38 300,0 мың теңге толық игерілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда.
6. «Мақтарал а/о Есентаев е/м 300 орындық мектеп  құрылысы» бойынша 24.12.2013 жылғы №19-1360/13 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы конкурстық құны 470 936,0 мың теңге. Нысанға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлтық қордан 270 000,0 мың теңге,  қаралған. Ағымдағы айға 20 000,0 мың теңге жоспарланып, толық игерілген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталып, жалғасуда.

2014-2015 жылы төмендегі нысандар бойынша жоба сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

        1. Ж.Нұрлыбаев а/о Қарақыр е/м Тұяқбаев атындағы 200 орындық мектеп құрылысы бойынша 24.10.2014 жылы №19-0874/14 санды мемсараптамасының оң қорытындысы алынған. Құрылыс жұмыстарыныңбасталуы 2015 жылға жоспарланып, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 30 млн теңге қарастырылған. 
2. Иіржар а/о Наурыз е/м Н.Бекежанов атындағы 200 орындық мектеп құрылысы нысаны бойынша 10.07.2014 жылы  №19-0431/14  санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен 2016 жылға жоспарланған.
3. Ж. Нұрлыбаев а/о Ырысты е/м 200 орындық мектеп құрылысы нысаны бойынша 28.11.2014 жылы №19-1048/14 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен 2017-2018 жылдарға жоспарланған.
4. Ж. Нұрлыбаев а/о Өнімкер е/м Нұрлыбаев атындағы 200 орындық мектеп құрылысы нысаны бойынша 27.11.2014 жылы №19-1041/14 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған.
5. «Қазыбек би а/о Таубай ата  е/м Жұмабаева атындағы  200 орындық  мектеп   құрылыс»  нысаны бойынша  06.01.2015 жылы №19-0008/15 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен 2016-2017 жылдарға жоспарланған.
6. «Жамбыл а/о Октябрь е/м 200 орындық  мектеп құрылысы» нысаны бойынша 27.01.2015 жылы №19-0073/15 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен 2016-2017 жылдарға жоспарланған.
7. «А. Қалыбеков а/о, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебіне 5-сыныптық қосымша оқу корпусы құрылысы» нысаны бойынша 11.02.2015 жылы №19-0117/15 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған.
8. «Қазыбек би а/о қарасты Қазыбек би е/м аумағынан 200  орындық мектеп құрылысы» 09.02.2015 жылы №19-0107/15 санды мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен 2017-2018 жылдарға жоспарланған.
9. «Қызылқұм а/о, Қарасақал е/м 5-сыныптық оқу  корпусы құрылысы» нысаны  бойынша 12.02.2015 жылы №19-0118/15 санды  мемсараптаманың  оң  қорытындысы  алынған.
10. «Қызылқұм а/о, Ақтөбе е/м 300 орындық мектеп құрылысы» нысаны  бойынша 05.05.2015 жылы №19-0297/15 санды мемсараптаманың оң  қорытындысы  алынған. Құрылысы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен 2016-2017 жылдарға жоспарланған.

Көлік, байланыс, жол, ауыз су

        Көлік, байланыс салаларында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудандағы 3 жолаушылар тасымалдау автокөлік кәсіпорындары мен 500-ден астам жеке тұлғалар жолаушыларға аудан ішіндегі бағыт және қалааралық бағыттар бойынша қызмет көрсетуде.
Аудандағы кәсіпорындармен тасымалданған жолаушылар (көліктік емес ұйымдар және жеке кәсіпкерлер тасымалданған жолаушылар көлемін есептегенде) 2015 жылдың 6 айында жолаушылар айналымы 395,7 млн. жолаушы шақырымды құраса, (2014 жылы 384,3) 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 млн. шақырым жолаушыға артып отыр. Ал, жолаушы тасымалы 66 808,2 мың адамды құраса, (2014 жылы 65 172,5) 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 635,7 мың адамға артқан. Жүк айналымы есепті кезеңде 220,5 млн. тонна шақырымды құраса, (2014 жылы 218,4) 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,1 млн. тн. шақырымға артқан. Тасымалданған жүк 4 068,9 мың тоннаны құраса, (2014 жылы 3 923,3) 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 145,6 мың тоннаға артып отыр. 
Ауданның барлық автомобиль жолдарының жалпы тізбесі 2 185,83 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 108,0 шақырымы республикалық, 419,1 шақырымы облыстық, 161,64 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Сонымен қатар, елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 1497,53 шақырым. Аудан көлеміндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердегі көшелерді ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі жылдан жылға артуда.
        2015 жылы жалпы жергілікті бюджеттен 253 млн. 120,0 мың теңге бөлініп, 79 млн. 970,0 мың теңгесі игерілді. Оның ішінде ұзындығы 10,3 шақырымды құрайтын  ауданның 14 ішкі шаруашылықтағы  көшелерін орта жөндеуге 121 млн. 161 мың  теңге қаралған. Жетісай қаласының ұзындығы 11,21 шақырымды құрайтын 24 көшесін орта  жөндеуге жергілікті бюджеттен 131 млн. 959 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 2 кіре беріс автомобиль жолдарын орта жөндеуге бөлінген 3 млн. 422,5 мың теңгесі игерілді.
Аудан аумағындағы жолдарды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге бөлініп, Жетісай қаласындағы Қожанов, Яссауи, Ескендіров, Ерубаев көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында бағдаршам алдына тоқтау сызықтары, жүргіншілер сызықтары, жолақтар сызылып, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Атамекен ауылдық округі, Қоғалы елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолына 15,1 млн. теңге бөлініп, ағымдағы жөндеуден өткізілді. Аудан аумағындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және жөнеду жұмыстарына бюджет есебінен қаржы бөлу ағымдағы жылы жалғасын әлі де табатын болады.
Аудандық телекоммуникациялар торабы 2015 жылдың 6-айында абоненттерге 227,9 млн. теңгенің қызметін көрсетті, телефон нүктелерінің саны 14 121-ге жетті. 2014 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда қызмет көрсету 6,3 млн. теңгеге артса, ал телефон нүктелерінің саны 2 014-ке кеміген.
2015 жылға аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша, ауыз су жүйелері мен нысандарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына, сондайақ оның ішінде мембрана қондырғыларын орнатуға, ауыз су жүйелеріне су есептегіш қондырғыларын орнату және күтіп ұстауға жалпы жергілікті бюджеттен 105 285,0  мың теңге бөлініп, оның 76 729,0 мың теңгесі игерілген.
«Жетісай топтасқан су өткізгішіне қосылған елді мекендерінің сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта құру (ІІ-кезек)» жұмыс жобасындағы (Атамекен, Жеңістің 40-жылдығы, Талапты, Жемісті, Қоғалы, Мақташы, Сейфуллин, Құлшығаш) елді мекендерінің құрылыс жұмыстары 2014-2016 жылдарға өтпелі. Мердігер мекеме «Комби-Строй-1» ЖШС-гі,  жобаның жалпы сметалық құны 1 304 897,0 мың теңге. 2015 жылғ облыстық бюджеттен 772 457,0 мың теңге бөлініп, оның 730 000,0 мың теңгесі игерілген.
        Кәріз жүйесі:
«Жетісай қаласының канализация тораптары және имараттарының ішкі кварталдық жүйелерінің құрылысы» жоба-сметалық құжаттамалары аяқталып, 2015 жылдың 19 наурызында мемлекеттік сараптамадан өткен. Жобаның жалпы сметалық құны 534 252,0 мың теңге. Барлық тиісті құжаттары республикалық бюджеттен қаржының бөлінуі үшін салалық басқармаларға толығымен тапсырылған.

        Табиғи газ:
2015 жылы облыстық бюджеттен 22 елді мекендерді газдандыру құрылысына 1 792 179,0 мың теңге, одан игерілгені 27 089,6 мың теңге және 4 елді мекенге ЖСҚ дайындау жұмыстарына 32 565 мың теңге бөлініп, жұмыстар жоспарланған.  Бүгінгі таңға елді мекендерде газдандыру жұмыстары  конкурстық құжаттамалары әзірленіп, басталу үстінде.
        Атап айтқанда:
1. А.Қалыбеков ауылдық округіндегі 6 елді мекеніне (1 нысаны  жеткізуші газ өткізгіш құбыры) газ өткізгіштерінің құрылысына 597 354,0 мың теңге;
2. Ш.Ділдабеков ауыл округіндегі 8 елді мекендерге газбен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына 613 154,0 мың теңге;
3. Атамекен ауылдық округіндегі 2 елді мекенді газ өткізгіш жүйелерінің құрылысына 81 671 мың теңге;
4. Бірлік ауыл округіндегі 2 елді мекенді газбен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына 200 000,0 мың теңге;
5. Жамбыл ауылдық округіндегі 3 елді мекендерге газбен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына 300 000,0 мың теңге;

        ЖСҚ әзірлеу бойынша:
1. Мақтарал а/о Шапағат е/м газбен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу - 6 062,0 мың теңге;
2. Бірлік а/о Алғабас е/м газбен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу – 7 652,0 мың теңге;
3. Бірлік а/о Еркінабад е/м газбен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу – 7 717,0 мың теңге;
4. Жамбыл а/о Көкпарсай е/м газбен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау және мемлекеттік сараптамадан өткізу – 11 134,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жоспарланған.
        Көшелерді жарықтандыру: Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, жарықшамдарды күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен  37 000,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген. Оның ішінде: Атакент кентіндегі Бекжанов көшесінің - 300м, Н.Төрекулов көшесі толығымен – 1400м,   Мырзакент кентіндегі Мадиходжаев көшесінінің - 400м, Жеңіс көшесінінің - 400м, Әл-Фараби көшесінің – 300м, Қазақстан көшесінің – 750 м жарықтандырылды.
1. «Ынтымақ ауылдық округінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жұмыстарына  3 500,0 мың тенге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары облыстық бюджет қаржылары есебінен 2016 жылға жоспарланған.
2. «Мырзакент кенті аумағынан жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жұмыстарына  3 500,0 мың тенге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары облыстық бюджет қаржылары есебінен 2016 жылға жоспарланған.
3. «Асықата кенті аумағынан жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жұмыстарына  3 500,0 мың тенге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
4. «Достық ауылдық округінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жұмыстарына  3 500,0 мың тенге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аудандық бюджет қаржылары есебінен 2017 жылға жоспарланған.
5. «Ділдәбеков ауылдық округінің жаңадан түскен көшелеріне электр желілерін жүргізу және КТП орнату құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу» жұмыстарына  3 500,0 мың тенге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары облыстық бюджет қаржылары есебінен 2016 жылға жоспарланған.
6. «Жетісай қаласы №2 мөлтек ауданын электр қуатымен қамтамасыз ету және жинақталған трансформаторлы қосалқы стансасын орнату құрылысы (жалпы сметалық құны 87 009,0 мың теңге) жұмыс жобалары жасақталып жұмыстар жүргізілуде.
        Көркейту, көгалдандыру,абаттандыру:
2015 жылға жоспар 108 га, көшет саны 62,5 мың дана. Орындалғаны 73,9 га, көшет саны 35,7 мың дана. Жетісай қаласында жаңа үлгідегі 3 дана (Ескендиров пен Қожанов көшесінің қиылысына, Ауезов пен Ерубаев көшесінің қиылысына және Ерубаев пен Амангелді көшесінің қиылысында) бағдаршамдар орнатылды. Жаяу жүргінші жолаяқтар қала ішіндегі 5 (Ескендиров, Ерубаев, Тоқбергенов, Ауезов және Қожанов) көшенің бойына орналастырылды. Қаладағы 5 көшенің (Тоқбергенов, Ерубаев, Қашаубаев, Ескендиров және Рысқұлов көшелері) бойына арнайы бағаналар мен жарықшамдар орнатылды. Көпқабатты тұрғын үйлер алдындағы 17 балалар ойнайтын алаңшалар жоспарланып, бүгінгі таңға 9 алаңша пайдалануға тапсырылды.  
Жылу. Нысандарды жылу беру маусымына дайындығы, білім беру саласындағы 122 мектептің 117-сі бүгінгі таңда дайын, 5 мектептің кіші қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған, денсаулық мекемелері 262, қысқы жылыту маусымына 100 % дайын, дене шынықтыру және спорт мекемелері 5 мекеме  100 % дайын, мәдениет 69 мекме бүгінгі таңда 100 % қысқы жылыту маусымына дайын. Қатты отын білім беру мекемесі 12 471 тонна жоспарланған 1 тонаның бағасы 8 490 теңге, нақты тасымалданғаны 5 700 тонна, мәдениет 610 тонна жоспарланғаны 1 тонаның бағасы 9 500 теңге. Сұйық отын білім беру мекемесі 28 тонна жоспарланған 1 литр бағасы 107 теңге.      
        Тұрғын үй саласы бойынша: 
Тұрғын үйді жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2013 жылы 51 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны болып тіркелген, оның ішінде 2014 жылы  3 үйде күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, мерзімінде  аяқталып, қазіргі таңда тұрғындардан қайтарым қаражаты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңға қайтарылған қаржы 1 075,0 мың теңге. Сонымен қоса 2015 жылға 10 үйдің құжаттары толық өткізіліп, 2016 жылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінетіні шешілді. Үстіміздегі жылы жаңадан қабылданған «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында  2017 жылға 8 үйдің құжаттарын рәсімдеуге облыстық басқарма тарапынан тапсырма беріліп, бөлім тарапынан тағы 12 үйге қосымша тапсыру үшін барлығы 20 көпқабатты тұрғын үймен  толықтырып, жыл аяғына дейін  құжаттарын толық рәсімдеп, республикалық бюджетке ұсыну жоспарлануда.
Есепті кезеңде түрлі санаттар бойынша  1 230 адам  тұрғын үй кезегіне тіркелді.      

            Шағын кәсіпкерлік
        Ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 26 661-ге жетті, оларда 33,2 мың адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 1 млрд. 404,6 млн. теңге болды, бюджетке жалпы 80,7 млн. теңге салықтық төлемдер құйылды.  
2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 368,4 млн. теңгеге, салықтық төлемдер көлемі 5,1 млн. теңгеге артты.
Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Ауданда кәсіпкерлік саласындағы басты өзекті мәселелер жаңа технологияны қолдану арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару жағы дамымай отыр.
Аудан бойынша орташа жалақы 2015 жылдың 1 шілдесіне 68 860 теңгені құраса, 2014 жылдың 1 шілдесіне 64 288 теңгені құраған. Яғни 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 572 теңгеге артып отыр.

Бюджет
        Аудан әкімдігі, ауданның салық комитеті, қала, кент, ауыл әкімдерінің аппараттары бюджеттің кіріс бөлігін орындау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізді. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2015 жылдың 6-айында салық контингенті бойынша болжамдағы 2 млрд. 385,2 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 980,8 млн. теңгеге орындалды. Ал, жергілікті салық бойынша жоспардағы 1 млрд. 323,0 млн. теңгенің орнына 2 млрд. 142,7 млн. теңгеге орындалды. Яғни, жоспардан артық түскен қаржы салықтық динамикаға әсер етпейтін табыс салығының бір реттік түсімі есебінен артығымен орындалып отыр. 
        Жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы 82,0 % пайызға, ал, жер салығы 74,1 % пайызға орындалды. Жалпы екі салық түрінен жоспар 78,7 % пайызға, немесе 6,2 млн. теңгеге кем орындалып отыр. Ал, көлік салығы жоспардағы 69 млн. 860 мың теңгенің орнына 40 млн. 727 мың теңгеге орындалды яғни 58,3 % пайызға орындалды.
        Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі жоспардағы 15 млрд. 514,6 млн. теңгенің орнына 15 млрд. 027,8 млн. теңгеге орындалды, яғни 96,9 % пайызға орындалды. 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 млрд. 171,1 млн. теңгеге артып отыр.
Негізінен қаржының қомақты мөлшері білім беру саласына  (9 млрд. 046,9 млн.) мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына (1 млрд. 842,6 млн.тг.) қаржыландыруға жоспарланған. Субьективті себептермен қаржының игерілуі туралы мәліметтер төмендегіше. Білім бөлімі 34,7 млн. теңгеге,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 9,1 млн. теңгеге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 3,6 млн. теңгеге, ветеринария бөлімі  12,0 млн. теңгенің қаржысын игермей отыр. Жалпы аудан бойынша 486,8 млн. теңге уақытылы жаратылмаған. Әрине бұл игерілмеген қаржының басым бөлігі, яғни 449 млн теңгесі обьективті себептермен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес облыстық мемсатып алу  басқармасының мемлекеттік сатып алу процедураларын кеш өткізуінен болып отыр.
        Қала кент және ауыл округтері бойынша қаржының игерілуі төмендегіше Қарақайда 884,4 мың теңге, Жаңа ауылда 507,5 мың теңге, Достықта 146,2 мың теңге, Нұрлыбаевта 420,6 мың теңге, Иіржарда 330,6 мың теңге, Нұрлыбаевта 257,2 мың теңгенің қаржысы игерілмей отыр. Жалпы барлығы қала, кент және ауылдық округтер бойынша 2,6 млн.  теңгенің қаржысы обьективті себептермен игерілмеді.   

        Әлеуметтік сала
        Ауданда кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес, аз қамтамасыз етілгендерге қолдау көрсету мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Жұмыссыздар саны 317-ден 732-ға дейін яғни 415 адамға артып отыр. Ақылы қоғамдық жұмысқа жоспардағы 655 адамның орнына 320 адам тартылып, жоспар 48,8 % пайызға орындалды. Кәсіби білімдерін көтеру бойынша жоспарланбаған. Жұмысқа орналастыру бойынша 695 адам жұмысқа орналастырыды.
Аудандағы 330 жалғызбасты асыраушысы жоқ қарияға қызметкерлер қажетті қызмет түрлерін көрсетті. Оларға 59 әлеуметтік қызметкерлер үздіксіз қызмет көрсетуде. 
2015 жылдың 6-айында атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 348 жаны бар 48 отбасына 4,3 млн. теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Бұл былтырғыдан 13 адамға кеміп, 479,2 мың теңгеге кем төленіп отыр.
        Ауданда 2006 жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлене бастады. 2014 жылдың 6-айында 38 517 жаны бар 9 345 отбасына 385,7 млн. теңге мөлшерінде балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Ал, 2015 жылдың 6-айында 39 713 жаны бар 9 680 отбасыға 436,7 млн. теңге мөлшерінде балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 51,0 млн. теңгенің жәрдемақысы артық төленді.   
2015 жылдың 1-жартыжылдығында 3 866 жаны бар 590 отбасыға 18 530 мың теңге аудан тұрғындарына тұрғын үй көмегі берілді. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 35 жаны бар 98 отбасыға 1,2 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі артық көрсетілді.       

Білім
        Білім беру саласы бойынша ауданымыздың сапалық көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Бұл бағытта 122 мектеп, оның 116-сы жалпы орта, 6-уы негізгі орта мектеп және 1 дарынды оқушыларға арналған мектеп жұмыс істейді. 2 саз мектебі, оқу-өндірістік комбинаты, әскери оқу орталығы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы және екі коррекциялық кабинет жұмыс атқаруда. 
Ауданда жалпы орта және негізгі орта білім беру ұйымдарында (дарын мектебін қоса алғанда) 73747 оқушы білім алды.
2014-2015 оқу жылында ауданда 8175 педагог мұғалімдер оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді. Олардың 7446-сы жоғары, 729-ы орта арнаулы білімі бар мамандар.
2015 жылы 940 педагог 1-2 апталық, 329 педагог 3 айлық деңгейлік, барлығы 1269 педагог қызметкерлерді біліктілік арттыру курстарынан өткізу жоспарланған. І жартыжылдықта Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы педагогикалық шеберлік орталығында 228 педагог 3 айлық деңгейлік курста,   609 педагог Шымкент қаласында 2 апталық курста оқып, барлығы 837 педагог курстан өткізілді.
Биылғы жылы 11-сыныпты 4503 оқушы бітіріп, оның 2656-сы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Орташа балл 77,18-ді құрады. 400 оқушы 100 және одан жоғары балл жинады. 97 оқушы «Алтын белгі», 48 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 19262 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 1-6 жас (38050 бала) бойынша балаларды қамту 50,6%,     3-6 жас (20751) бойынша балаларды қамту 76,8% құраған болса, 2015 жылдың    6 айында ауданда мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны негізіндегі    32 балабақшада 3385 бала, «мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі     196 балабақшада 17075 бала, 65 мектеп жанындағы шағын орталықта 2490 бала және бір арнаулы (коррекциялық) балабақшада 50 бала, барлығы 23000 бала мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылып, қамту 80,7 пайызды құрап отыр.
2015 жылдың 11 тоқсанына мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарға барлығы 62 048,5 мың теңге, «Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасына 8048,0 мың теңге қаралып, толық жаратылды.
2015 жылдың 1 жартыжылдығында жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындарына 9 млрд. 046 млн. 969 мың теңге қаржы қарастырылып 9 млрд. 012 млн. 213 мың теңгесі жаратылды. Оның ішінде: ыстық тамаққа 52 692,0 мың теңге бөлініп 2 987 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, отбасы жағдайы төмен балаларға киім кешекке пен жазғы демалысқа 11 тоқсанға қаржы қарастырылмады.

            Мәдениет, спорт
        Аудан халқына мәдени қызмет көрсету бағытында 31 мәдениет үйлері мен клубтар және 38 кітапхана, жалпы 69 мәдениет ошақтары жұмыс атқарады.
2015 жылдың I жартыжылдығында «Мақтаарал» мәдениет үйі МККҚ қарасты мәдениет ошақтарында жалпы 792 іс-шара ұйымдастырылып, оған 223 210 көрермен қатысты. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 495-іс шара өткізіліп, оған 18 110 көрермен қатысты. Тілдерді оқыту және дамыту орталығы мен бөлім тарапынан тілдерді дамыту бойынша түрлі тақырыптарда 20 іс-шара өткізілді.
Жалпы аудандағы мәдениет саласы бойынша 1 307 іс-шара ұйымдастырылып, оған 241 320 көрермен қамтылды. 
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен көпшілік спортты дамыту бағытында бүгінгі таңда аудан көлемінде 776 спорт нысандары анықталған, оның ішінде 4 стадион, 2 спорт кешені, 49 тир ату орны, 118 спорт зал (оның ішінде – 6 бейімделген спорт зал) және 603 қарапайым спорт алаңдары қала, кенттер, ауылдық округінің аумағында (оның ішінде – 34 футбол алаңы) 15 спорт зал орта арнаулы оқу орындары мен кәсіптік лицейлерде және мекемелерде орналасқан.  
Елбасының жолдауларында айтылған халықты бұқаралық – көпшілік спортқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, ауданда 2015 жылдың 6 айында 174 спортық іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 31 762 адам қамтылды. 
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 59 207 адам аудан халқының 19,5 % пайызын құрап отыр.

Құжат айналымы
2015 жылдың І-жартыжылдығында аудан әкімі аппаратында 1565 өтініш тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалардан 82, жеке тұлғалардан 1324 өтініш түскен. Өтініштер қаралып, 206 өтініш бойынша толық және ішінара қанағаттандырылған, 85 өтініш бойынша қанағаттандырудан бас тартылған 1167 өтініш бойынша түсініктеме берілген. Жыл басынан барлық тіркелген құжаттар 7583 болса, жоғары органдардан келгені 3727, аудандық мекемелерден 2319 хаттар келген. Жеке қабылдауға жыл басынан 157 адам қатысты.

            Қылмыспен күрес
        2015 жылдың 1-жартыжылдығында ауданда жалпы 974 қылмыс тіркелген. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 381 қылмысқа артып отыр.  
        2015 жылдың 1-жартыжылдығында 69 жол көлік оқиғалары тіркелген. Оларда 105 адам дене жарақатын алса, 14 адам қаза болған. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 22-ге, жарақат алғандар 33 адамға артса, ал қаза болғандар саны бір деңгейде қалып отыр.  
        2015 жылдың 1-жартыжылдығында ауылдық округтер бойынша жол көлік оқиғасы, қаза болғандар және жарақат алғандар саны 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы Жетісайда 14, Достықта 1, Жаңа ауылда 2, Қарақайда 1, Асықатада 2, Абайда 1, Ділдәбековте 1, Ынтымақта 4, Ералиевте 1, Мырзакентте 1, Нұрлыбаевта 1-ге артқан. Ал жарақат алғандар Жетісайда 27, Қалыбековте 2, Достықта 1, Қарақайда 2, Жаңа ауылда 1, Асықатада 2, Ынтымақта 8, Ділдәбековте 4, Абайда 1, Нұрлыбаевта 1, Иіржарда 2, Мақтаралда 3 адамға артып отыр.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!