«Тәуелсіздік тұғырым» мерекелік кеші Печать
15.12.2015 12:48

Ауданымызда алғаш рет желтоқсанның 14 жұлдызында Тәуелсіздік күніне орай жастарға арналған мерекелік кеш өтті. «Жас Отан» Жастар қанаты мен  ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған іс – шара қара шаңырақ өнер ордасы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында болып, оған қала, кент, ауылдық округретдегі жастармен жұмыс жасайтын мамандар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласы қызметкерлері, «Алтын белгіге» үміткер оқушылар, құқық қорғау  және  арнаулы орта оқу орындарының жастары белсенді қатысты. Тілек-лебіздерімен  Мақтаралдық жастарды мерекемен құттықтап аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков әр салада  өзіндік еңбектерімен еленіп жүрген «жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар» жастарды салтанатты түрде марапаттады. «Үздік жас кәсіпкер» Ұлықбек Бахтияров, «Үздік мемлекеттік қызметкер» Досжан Асхарұлы, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» Алтынбек Тоқтыбаев, «Үздік жас шекара қызметкері» Абзал Қалыбеков, «Үздік жас дәрігер» Ақшолпан Досымбетов, «Оқу орындарындағы жастар коммитеттерінің үздік қызметкері» Мейіржан Қалдыбаев, «Үздік жас өнерпаз» Марат Сарсенбаев, «Үздік жас мұғалім» Ақниет Мусилимов, «Үздік  оқушы» Бекнара Ибраева, «Үздік жас спортшы» Раушан Ордабек, «Үздік театр әртісі» Сағитжан Арипханов, «Үздік студент» Айдана Маханбет, «Үздік жас ерікті» Нұрсұлтан Үсенов деп танылып, оларға аудан әкімінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік кеште республика көлемінде танылып үлгерген, талай өнер додаларында  ауданымыздың намысын қорғап жүрген, «Жайдараман» әзіл – сықақ клубы ойындарының биылғы жоғары лига финалында III-орынға ие болған  «Сырдария» университетінің КВН құрамасы және «Үздік ойыншысы» атағына лайық деп танылған, жақында Тараз қаласында өткен республикалық «Әулие ата» орталық лигасының финалында I-орынды иеленген «үздік әзіл» номинациясына ие болған  «Жетісай құрамасы» жайдарман тобы, «Салтанат» би  тобы секілді жас өнерпаздарымыз, Б.Момышұлы атындағы мектеп  гимназиясының оқушылары қойылым қойып,  өзге де білім ордаларының оқушылары  мен жоғары оқу орындарының студенттері өз өнерлерін көрсетті. Ауданымыздағы  жас әншілер де өз өнерлерін көрсетті.   

Г.Сұлтанова 
«Жастар орталығы» коммуналдық мемлекттік мекемесі