Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған дөңгелек үстел Печать
14.12.2015 00:00

Жуырда Мақтарал аудандық «Жастар  орталығы» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі  мен  «Жас  Отан»  жастар  қанатының   ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жолдауына арналған «Елбасының Жолдауы – дамудың даңғыл жолы» атты аудан жастарының арасында талқылау және түсіндіру жөніндегі дөңгелек үстел болып өтті. Жаңа Жолдау «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атауымен Қазақстан халқына жол тартты. Елбасының баршамызға үлкен жауапкершілік  жүктейтін, келешекке   бағыт – бағдар   беретін   негізгі   құжатты  жастардың   арасында   кеңінен   насихаттауға   бағытталған   мәжіліске  қала кенттер мен ауылдық округтерінің жас мемлекеттік қызметшілері мен белсенді жастары және «Жас Отан» Жастар қанаты, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының  жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары   қатысты. Мәжіліске «Жастар  орталығының»  директоры  М.Бейсенбаев   төрағалық етті. Аталған жиында «Сырдария» университетінің профессоры Н.Қадырбаев, «Асықата» ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Ә.Сарыбаев, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің 2 курс студенті А.Маханбет, Жетсіай медициналық колледжінің студенті М.Тұрғанбек баяндама жасады. Мемлекет басшысының Жолдауы жастар арасында жан-жақты талқыланып, кең қолдау тапты.  
Сонымен қатар, мәжілісте Елбасының Жолдауын жүзеге асырудан туындаған Жастар орталығының іс–шаралар жоспары таныстырылып, оған қатысты жастардан түскен ұсыныс–пікірлер сарапқа салынды, ұтымды ұсыныстар аталған жоспарға енгізілетіндігі айтылды. Мәжілісті   қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы П.Есенбеков Елбасы Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттер мен мақсаттарды іске   асыруға өз үлесімізді қосып, мәдениетімізді, тарихи  мұраларымыз  бен   тілімізді сақтап, Тәуелсіз   еліміздің   қарқынды   даму   жолында   аянбай   еңбек   етуге   шақырды.

Гүлнұр Сұлтанова

Мақтарал  аудандық  «Жастар орталығы» КММ қызметкері