Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа Печать
11.12.2015 00:00

9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік  қызмет істер жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл басқармасы мен  «Жастар  орталығы»  коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі  мен  «Жас  Отан»  Жастар   қанатының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа» тақырыбында   жайдарман әзіл-сықақ   ойыны   болып   өтті. Жастардың  бойындағы   өнерге, білімге   деген   шығармашылық   ізденістерін   дамыту, жастардың   танымдық   қызығушылығын   қалыптастыру, жастар   арасында    қазақ    тілінің    дамуына   және   жандануына   үлес   қосу, жастарға сыбайлас жемқорлық түсінігін ұғындыру, талантты жастарға   қолдау   көрсету   мақсатында  қаламыздағы   Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында  өткен   ойынға   қала   мектептері   мен   арнаулы   орта   оқу   орындарынан   10 команда   қатысып,  бүгінгі   таңда   еліміздің   жастары   үшін  үлкен маңызға   ие  болған   жайдарман   ойынын   тамашалауға   көрермендер    көп   жиналды. Намысты   қолдан   бермеуге   тырысқан   әр   команда   ұтымды   әзіл, тапқыр   сөзбен   сайысты   қызықты   өткізе  білді. Құрамына   аудандық   «Жастар   орталығы»  КММ  директоры   М.Бейсенбаев, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Тұрсынханов, Мақтарал ауданы КВН филиалының директоры С.Кенжебаев, білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбекова, мәдениет үйінің әдіскері А.Оралбеков  енген   төрешілер   ойынды   әділ   бағалады. Сайысты   қорытындылаған   аудан әкімі орынбасары А.Есенбеков және «Жастар орталығының» КММ – нің директоры  М.Бейсенбаев жастарды марапаттады. Әділ қазылардың    шешімі   бойынша  ІІІ – орынды   Жанықұл медициналық колледжінің    «Абзал жандар»  командасы   мен   Агробизнес колледжінің     «Атакент жастары»   командасы   өзара   бөлісті. ІІ – орын   Б.Момышұлы   мектеп-гимназиясының   «Бауыржан мақтаныштары»   командасына   бұйырды. Ал    І – орынды     «Жетісай құрамасы»   командасы   иемденді.  Жеңімпаз   командаларға   арнайы   дайындалған   дипломдар   табысталды. Өзінің   даралығымен, актерлік   шеберлігімен   көзге   түскен   «Атакент жастары»   командасының   ойыншысы   А.Батырханов   «Үздік   ойыншы»   аталымымен   марапатталды.
Гүлнұр Сұлтанова                                                                        «Жастар орталығы» КММ қызметкері