Бір тал кессең - он тал ек! Печать

2015 жылдың 18 сәуірі бүкіл еліміз бойынша ағаш егу күні болып жариялануына байланысты аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен аудандағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарын тарта отырып, ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында студент жастар қала көшелеріне, әсіресе Л.Тоқбергенов атындағы көше бойына ағаш көшеттерін отырғызып, қаламызды жасыл желекке айналдыруда өз үлестерін қосуға ат салысты. Игі шараға «Сырдария» университетінің, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық, Жетісай медициналық, «Жанықұл» колледждерінің 100-ге жуық тәрбиеленушілері белсенді қатысты.