Конкурс өткізу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды іске асыру жөнінде Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У PDF Печать E-mail

«Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесі (160500 ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі №1 интернет-ресурс: maktaral.gov.kz) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ерекше тәртіппен өткізілетін жүріп-тұруында қиындық көретін бірінші топ мүгедектері үшін жеке көмекшілердің, нашар еститін мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін мемлекеттік сатып алуға конкурс өткізу туралы жариялайды.
Жоғарыда аталған қызметтер Мақтарал ауданында  тұратын мүгедектерге көрсетілуі қажет.
Сатып алатын қызметтердің толық тізілімі, олардың саны мен ерекшелігі туралы толық ақпарат конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Қызметтерді көрсетуді талап ететін мерзім – 2015 жылғы наурыз-желтоқсан.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін 2015 жылдың 23 ақпанына сағат 15.00 дейін алуға болады, мекен-жайы: 160500 ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі №1, № 5 кабинет, сағат 09:00 – 19:00 дейін немесе мына интернет-ресурстан: maktaral.gov.kz.
Конкурстық құжаттаманы алу үшін әлеуетті жеткізушінің өкілінде конкурстық құжаттаманы алуға арналған сенімхаты болуы қажет.
Конкурстық құжаттамалар тегін беріледі.
Конверттерге салынып-желімделген конкурсқа қатысу өтініштерін әлеуетті жеткізушілер «Мақтарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тапсырады: ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі №1  № 5 кабинет.
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2015 жылдың 25 ақпан сағат 13-00 дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштері салынған конверттер 2015 жылғы 25 ақпанында сағат 15.00 ашылатын болады, мекен-жайы: ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Ш.Айманов көшесі №1, «Мақтарал ауданының  жұмыспен  қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі» ММ, № 1 кабинет.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға  болады: 8 (72534) 6-11-59,6-12-20 факс:6-12-20
Конкурстық комиссияның хатшысы: Қошқаров Нұржан Байбалаевич – ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс жасау  секторының жетекші мамны, тел. 8 (72534) 6-11-59 

Конкурстық құжаттама

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!