Мақтарал ауданының экономика және құаржы бөлімі тұрғын емес бос жайды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендер өткізеді PDF Печать E-mail

ОҚО Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Жаңа  ауыл елді мекенінде орналасқан №34 Қ.А.Яссауи жалпы орта мектебінің ғимаратының жалпы алаңы – 495,0 шаршы метр тұрғын емес жайын.
Тендер 2014 жылдың 3 ақпан күні, сағат 10.00 де аудан әкімшілігінің ғимаратында Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 20 үйде өтеді.
Жалға берілетін тұрғын емес  жайдың орналасқан жері: ОҚО, Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі, Жаңа ауыл елді мекені.
Мүліктік жалдау мерзімі – 1 жыл
Айлық жалдау ақысының бастапқы мөлшері 49 500 (қырық тоғыз мың бес жүз) теңгені құрайды.
Тендерге қатысу үшін міндетті түрде 4 950 (төрт мың тоғыз жүз елу) теңге кепілдік жарнаны төлеуі қажет.

Тендер өткізу кезінде жалға беруші өзіне ұсынылған бастапқы талаптар негізінде мүліктік жалдауға ұсынылған объект үшін жоғары ақыны ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасады.
Тендерге қатысуға өтініштерді қабылдау хабарламалар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталуына бір күн қалғанда аяқталады.
Тендерге қатысу үшін міндетті түрде кепілдік жарнаны төмендегі реквизиттерге төлеу қажет.
Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімі, , БСК KKMFKZ2A Кбе 12,  Депозиттік шот KZ760705034593507001 ,  БСН 100240002162, ММ Коды 4593507, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ.
Тендер өткізу шарттары туралы барлық мәліметтерге тілек білдірушілердің еркін қолжетімдігі үшін Мақтарал аудан әкімішілігінің ғимаратында №26 кабинет немесе 6-25-24 сымтетігі арқылы толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Тендерге қатысу шарттары мен өтiнiм беру үлгісі
Тендерге жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген қатысушы өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн өз өтiнiмiн өзгертпейтiнiне немесе қайтармайтынына және егер оның өтiнiмi жеңген жағдайда, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру туралы шарт жасасуына кепiлдiк беретiн кепiлдiк жарнаны төлейдi.
Кепiлдiк жарнаны қатысушы тендер ұйымдастырушының тиiстi есеп шотына төлейдi.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшiн төмендегi құжаттарды тапсырылады:
1) ақпараттық хабарлануда көрсетілген тендер шарттары мен тендер қатысушының өзі ұсынысымен келісім-шарттқа отырудың, ол тендер жеңімпазы болып анықталған жағдайда осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тендерге қатысу үшін жазбаша міндеттемесі болып табылатын өтінімі;
2) баға ұсынысы – қолымен және мөрімен (егер жеке тұлғада бар болса) расталған жазбаша түрде жабық конверттiң iшiнде тапсырылатын объектiнi жалдау бағасын көрсететін ұсыныс, басқа құжаттардан бөлек және ықтимал қатысушының мекен-жайы мен «(Объекттің атауы) ОБЪЕКТ БОЙЫНША КОНКУРС  және (конвертті ашу күні мен уақыты көрсетіледі) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ» деген  мәтін жазылған жабық конвертте осы хабарландырудың  2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тапсырылады.
3) заңды тұлғалар үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң; жарғының; құрылтайшыларының келісім шартының; Қазақстан Республикасы салық төлеушiсi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; кепiлдi жарнаның салынғанын растайтын құжат;
4) жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің; жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшiрмелерi; кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжат;
5) өтінімді беру сәтінде салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасы.
Тендерге қатысу өтінімі тендерлік құжаттамада анықталған талаптар мен шарттарға сәйкес жасалады. Өтінім қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте баға ұсынысынан басқа айтылған құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сәтте жабық және үміткермен мөрленуі тиіс.
Тендерге қатысу өтінімді қабылдаған кезде тендерлiк комиссия хатшысы ішкі конвертке салынғандарды қоспағанда, құжаттардың толықтығын тексереді. Егер құжаттар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, тендерлiк комиссия хатшысы өтінімді қабылдаудан және тіркеуден бас тартады.
Тендерге қатысу өтінімін  (баға ұсынысын қоспағанда) ықтимал қатысушының мекен-жайы көрсетілген бөлек жабық емес конвертте тендерлік комиссия хатшысымен тіркелу үшін тапсырылады  (тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған және соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған (егер жеке тұлғада бар болса). Тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу Тіркеу кітабында көрсетіледі.
Тендер басталғанға дейiн тендерге қатысушылар жөнiндегi мәлiметтердi жариялауға болмайды.
Комиссия төмендегi жағдайларда тендерге қатысу үшiн ұсынылған өтiнiмдi қабылдамауға құқылы:
1) тендерге қатысушы өзi туралы жалған мәлiмет бергенде;
2) сенiмхат тиiстi түрде рәсiмделмегенде (өкiл үшiн);
3) кепiлдiк жарнаның салынғанын растайтын құжат болмағанда;
4) өтiнiмді көрсетiлген мерзiм бұзылып берiлгенде;
5) егер тендерге қатысушы бұрынғы тендер жеңiмпазы бола тұрып коммуналдық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартын жасасу және орындау бойынша мiндеттемелерiн орындамаса.
Басқа негiздер бойынша өтiнiмдi қабылдамауға жол берiлмейдi.
Егер жалған ақпарат ұсынған жағдайда тендерге қатысушы осы факт анықталған сәттен бастап бiр жыл бойына тендерлерге қатысуға жiберiлмейдi.
Тендерге қатысушы:
1) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берiлетiн объект жөнiнде тегiн мәлiмет алуға;
2) объектiнi алдын-ала қарауға;
3) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шарты жобасының талаптарымен танысуға;
4) жеке өзi немесе тиiстi түрде рәсiмделген сенiмхат негiзiнде өзiнiң өкiлi арқылы тендерге қатысуға;
5) жалға берушiге жазбаша хабарлап өзiнiң тендерге қатысу өтiнiмiн ол басталғанға дейiн бiр тәулiк бұрын қайтарып алуға;
6) өзiнiң құқықтары бұзылған жағдайда сотқа жүгiнуге құқылы.

 

 

 

1-қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының коммуналдық мүлкін
мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендерге қатысу үшін
ӨТІНІМ

  1. Мен______________________________________________________

 

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
(өтінімді берген жеке тұлғаның толық аты-жөні, мекен жайы және төлқұжатының немесе жеке  тұлғаны куәландыратын құжаттары туралы мәліметтер)

________________________________________________________________________________
(алаңы көрсетілген объекттің атауы)
шаршы метр жайын жалға беру туралы жарияланған хабарламаны қарап, тендерге қатысу үшін өтінімді қабылдауды сұраймын.


2. Егер  мен тендер жеңімпазы болып анықталған жағдайда өзіме тендердiң хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күннен кешіктірмей келісім-шарт жасасуға міндеттенемін.
3. Егер тендерге өзiмнің ұсынысымнан бас тартсам нeмece оны тендер мерзiмi өткенге дейiн өзгерткенде, тендер жеңiмпазына тендерге қатысу кезiнде мәлiмделген ұсыныстарға жауап беретiн талаптарда тиiстi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда кепілді жарнаның қайтарылмайтындығы туралы ескертілдім.
4. Тендерді өткізу талаптарымен таныстым және келіскенім туралы растаймын.
5. Менің өтінімімді қарау нәтижелері бойынша шешімді
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
мекен жайға хабарлауды сұраймын.
6. Осы өтінімге келесі құжаттарды тіркеймін.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төлем реквизиттері: _____________________________________________________________________________________
(банк реквизиттері, банк атауы, СТН, ЖСК, БСК)
_____________________________________________________________________________________
(алушының реквизиттері, атауы, СТН, ЖСК, КБе, ағымдағы шот)

 

7. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлға туралы мәлімет, орналасқан жері (мекен-жайы, сымтетігі, факс және т.б.)  ________________________________________________________________
(қолы) (сенімхат негізінде әрекет ететін өкілетті тұлға)
«_____»_____________20__ жыл     ________________________________
(қолы, аты, жөні)

Қабылданды: «____»________20__ жыл ______________________________
(қолы)  (тендерлік комиссия хатшысының аты-жөні)

 

Коммуналдық мүлкін жалға беру бойынша
БАҒА ҰСЫНЫСЫ
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

(Ықтимал қатысушының атауы (жекке және заңды тұлға үшін)

(Бастықтың  немесе  өкілетті тұлғаның аты-жөні)
________________________________________________________________________________
(СТН)
._______________________________________________________________________________
(Жеке куәлік № )
________________________________________________________________________________
(Жеке кәсіпкердің куәлігі № )

________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________
( Объектінің орналасқан мекен-жайы және  жалданатын жайдың алаңы, ш/м)

тұрғын емес бос жайын жалға алуға ұсынылатын баға:

Айына  ________________________________________________________
(санды және жазбаша түрде көрсету керек)
Жылына _______________________________________________________
(санды және жазбаша түрде көрсету керек)

____________________________
м.о.                 (аты-жөні, қолы)

 

 

 

 

Ескерту: Баға  ұсынысы  жабық  конвертте  тапсырылуы керек. 

 

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!