Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімі аудандағы Үкібаев, Рысқұлов, Абай және Туяқбаев атындағы орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды PDF Печать E-mail

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімі (160500, Мақтарал ауданы, Жетісай қ., М.Әуезов к-сі, №20 үй, www.maktaral.kz) аудандағы Үкібаев, Рысқұлов, Абай және Туяқбаев атындағы орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды.
Жұмыстардың аяқтау мерзімі 20.08.2011 жыл.
Конкурсқа 21.07.2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу» туралы №303-III ҚР Заңында және 27.12.2007 жылғы Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу №1301 Ережелерінде көрсетілген біліктілік талаптарға сай келетін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттамаларды 2011 жылғы 12 мамыр сағат 11.00-ге дейін Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов к-сі, №20 үйден алуға болады. Конкурстық құжаттамалар тегін беріледі. Қосымша мәліметтерді ОҚО, Мақтарал ауданы әкімдігінің веб-сайтынан – www.maktaral.kz алуға болады.
Ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға арналған конкурс өтінімдері салынған конверттерді 2011 жылы 13 мамыр күні сағат 10.00 - дейін Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов к-сі, №20 үйдегі Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөліміне табыс етеді.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурс өтінімдері салынған конверттер 2011 жылы 13 мамыр күні сағат 11.00-де Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов к-сі, 20 үйде аудан әкімі орынбасарының бөлмесінде ашылады.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде ықтимал өнім берушілер қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, М.Әуезов к-сі, №20 үйден сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін алуға болады.
Сымтетік (872534) 6-25-08, факс 6-29-22.
Мақтарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің уәкілетті өкілі – бөлім бастығының орынбасары Ж.Уразымбетов, телефоны 6-25-08

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!