Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат PDF Печать E-mail

Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін баланың құқығын анықтайтын туу туралы куәлік құжаты қажет.
Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзақ күрделі атауға ие-"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";
Сонымен, ХҚКО-ға жүгіне отырып мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін: ата-ананың жеке куәліктері, неке туралы куәлік, туылуы туралы медециналық куәлік немесе туылу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі қажет.
Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. 2 жұмыс күннен кейін нәрестенің ең алғашқы ресми құжаты дайын болады.
Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүгіну уақытын Электрондық Үкімет порталында кезекті онлайн брондауға болады.

Анықтама үшін: осы жылдың 11 айында, «ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалымен 12621 туу туралы куәлік берілген.

ХҚКО ОҚО Баспасөз қызметі
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!