«Жетім-балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу» және «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім-баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» қызметтерін ХҚКО –д PDF Печать E-mail

Баланың дені сау, тәрбиелі, инабатты, білімді болып өсуінде ата-ананың рөлі өте зор. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі- мейірімге мұқтаж жетімдер санын азайту болып табылады. Халқымызда «Жетім көрсең жебей жүр» дейтін қасиетті сөз бар. Қуаныштысы, кейінгі кезде бала асырап алушылар саны артуда. «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім-баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау» және «Жетім-балаға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық  және қорғаншылық белгілеу»   мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары  арқылы  ала аласыз. получить услугу через канцелярию услугодателя
«ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Еркебұлан Алсеитовтың айтуынша, ХҚКО-на бұл қызметтерді енгізгеннен кейін тұтынушылар таңдау мүмкіндігіне ие болды.; қызметті қызмет берушінің кеңсесінен,  ХҚКО немесе электрондық  үкімет порталы арқылы ала аласыз. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді  түскі үзіліссіз таңертеңгі сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін алуға болады, - дейді  Еркебұлан Алсеитов
Ал электрондық үкімет порталы арқылы қызметке тәулік бойы тапсырыс бере аласыз, тек ЭЦҚ болса жеткілікті. Қызметтің екеуі де тегін көрсетіледі
Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу – 30 күнде  қарастырылса,  жәрдемақы тағайындау – 10 жұмыс күнін алады.  Портал арқылы тапсырыс берілсе ол үшін құжаттар электрондық форматта болуы керек.
Ағымдағы жылдың 11айы ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары 318 астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

ХҚКО баспасөз қызметі
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!