Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл тұрғындарына жыл басынан 51 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді PDF Печать E-mail

Оңтүстік Қазақстан облысының мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары ағымдағы жылдың соңғы тоғыз айында 188 шалғай елді мекендердің тұрғындарына 51 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

ОҚО «ХҚКО» РМК филиалы директорының орынбасары Ғалымжан Нұрмағанбетовтың айтуынша, шалғай елді мекен тұрғындарынан 960 тапсырыс түсіп, 51 мыңнан астам құжат берілді.

Ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері АХАЖ саласы бойынша мыңнан астам құжат және жергілікті басқару мекемелері бойынша 5 500 құжат берілсе, электрондық цифрлық қолтаңба 12 817 рет берілген. Сонымен қатар баланы балабақшаға кезекке қою қызметі бойынша 500 астам құжат тіркелді.

Ғалымжан Нұрмағанбетовтың айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты мақсаты – шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу.

Ауыл тұрғындары аудан орталығына шықпай-ақ, мобильді ХҚКО тобын шақырту арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін 212 мемлекеттік қызметің алуға мүмкіндіктері бар. Осы жылдың наурыз айынан бастап ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлерімен Мобильдік ХҚКО бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтерін көрсетуде.

Атап айтсақ, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы қызметінің ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады.

Мобильдік ХҚКО сапарларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілген және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланады. Мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталында табуға да болады.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!