«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты PDF Печать E-mail

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 491 бұйрығымен
бекітілген

«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу
куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күн;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) тіркеу куәлігін электрондық құжат нысанында беру;
2) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірін орналастырып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері (жеке тұлғаларға) ақпаратты электрондық тасығышта (чип) қамтылған жеке куәлікке және (немесе) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қамтитын sim-картаға жазылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдарына жазылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен іске асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
тіркеу куәліктерін беру үшін:
1) жеке тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында ХҚКО-ға жүгінген жағдайда жеке куәлік беру үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірегей нөмірі көрсетілмеген тіркеу куәліктерін беруге өтініш ұсынылады;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
2) «Е-нотариат» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
өкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен расталған жұмыс орнынан анықтама (нотариустар үшін – аумақтық нотариаттық палата берген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, Республикалық нотариаттық палатаның, аумақтық нотариаттық палаталардың қызметкерлері үшін - лауазымы көрсетіліп жұмыс орнынан);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
3) қызметін бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер:
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
қызметін бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
заңды тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
заңды тұлға үшін - көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғасын заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (болған жағдайда);
қызметін бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлға үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама не заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі;
4) интернет-ресурстың домендік атауының иеленуші (жеке тұлғалар):
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
төменде тізімделген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың біреуінің көшірмесі:
домендік атауын иелену туралы сертификат;
доменді тіркеушіден анықтама;
домендік атауын тіркеу туралы шарт;
домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;
басқа да растайтын құжат;
5) интернет-ресурстың домендік атауының иесі (заңды тұлғалар):
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
төменде тізімделген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың біреуінің көшірмесі:
домендік атауын иелену туралы сертификат;
доменді тіркеушіден анықтама;
домендік атауды тіркеу туралы шарт;
домендік атауды тіркеу туралы жария офертасы;
басқа да растайтын құжат;
6) «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті мен клиенттің арасында ЭЦҚ пайдалану туралы қағаз тасығыштағы келісім немесе қосымша келісім (келісімге қол қою күні мен келісімді немесе қосымша келісімді ҚР ҰКО ұсыну күні келісімге (қосымша келісімге) қол қою күнін қоспағанда, 3 жұмыс күнінен асқан болса, аталған келісім қабылданбайды);
7) резидент емес жеке тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
аталған резидент емес тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын төменде тізімделген құжаттардың бірі
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі;
8) резидент емес заңды тұлғалар:
порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
аталған резидент емес заңды тұлғаның өкілі Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын төменде тізімделген құжаттардың бірі:
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ыхтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі;
аталған резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын және бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын төменде тізімделген құжаттардың бірі:
филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құрып) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін - филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (болған жағдайда);
мыналар:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын;
Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне иелік ететін;
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 191-бабы 8-тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын;
филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;
резидент банктерде ағымдағы шоттарды ашатын резидент емес заңды тұлғаларға арналған тіркеу куәлігі.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі.
Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін:
1) жеке тұлғалар:
порталдан алынған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
2) «Е-нотариат» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
3) қызметін бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер:
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш, не көрсетілетін қызметті алушыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзіндіні берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
қызметін бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
заңды тұлға үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
4) интернет-ресурстың домендік атауын иеленуші (жеке тұлғалар):
порталдан алынған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
5) интернет-ресурстың домендік атауын иеленуші (заңды тұлғалар):
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
6) «Қазынашылық–клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш, не көрсетілетін қызметті алушыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
7) резидент емес жеке тұлғалар:
порталдан алынған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат;
8) резидент емес заңды тұлғалар:
порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен (ол болған жағдайда) расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш, не көрсетілетін қызметті алушыны жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзінді берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкіліне сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген кезде порталдағы мемлекеттік қызметті алуға арналған сұрау салудың нысанын толтырады және ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Порталға екінші рет жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы («Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушыларды қоспағанда) ашық кілтт(ерд)і қамтитын және көрсетілетін қызметті алушының қолданысындағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында сұрау салуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қолданысындағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға сұрау салуды жіберіп, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігін порталда кері қайтарып алу мүмкіндігі бар.
Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚКО-ның немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен тексеріп салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Құжаттарда тазартып өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздер мен өзге де айтылмаған түзетулердің болуына рұқсат етілмейді.
Жеке басты куәландырушы құжаттар (жеке тұлғалар үшін), құрылтай құжаттары және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО жұмыскері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы тапсырған кезде ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
1) сұрау салу қабылданған күнін және нөмірін;
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;
5) құжатты ресімдеуге сұрау салуды қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын және оның байланыс телефонын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушыға өтініште көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарла–есеп жіберіледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар пакеті стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартына 13-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушілер басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымды қабылдаудың растауы болып табылады.
ХҚО-ның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты почта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электронды түрде жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетіндегі» өңдеу барысында жаңартылатын жүгіну туралы ақпаратқа (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткізе алады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелері мен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің немесе ХҚКО-ның: www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Заңнамамен белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсету, өзбетінше қозғалу, бейімделу қабілеттілігін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы мекенжайына барып жүргізеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі болады.
16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны, Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефондары немесе Министрліктің 8 (7172) 74-13-20 телефоны бойынша алуға болады.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!