Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №46-291-V «Б» корпусындағы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы PDF Печать E-mail

Мақтаарал аудандық мәслихатының шешімі (жоба)

 

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №46-291-V «Б»  корпусындағы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №46-291-V «Б» корпусындағы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3310 тіркелген, 2015 жылғы 28 тамыздағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Б» корпусындағы Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінде:
13 тармақта:
орыс тіліндегі мәтінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтінде өзгеріс енгізілмеді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы                                                      А.Сатыбалдиев

Аудандық мәслихат
хатшысы                                                                             О.Дәндібаев

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!