«Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №42-252-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы PDF Печать E-mail

Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің жобасы

«Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы
31 наурыздағы №42-252-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №196 қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №2-26-3/1936 хатына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 мамырдағы №42-252-V «Мақтаарал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3157 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы «Мақтаарал» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімдегі «және «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысына» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы:                                               

Аудандық мәслихаттың хатшысы:                            
 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!