Құрылыс PDF Печать E-mail

   2013 жылға ауданымызда 1 688 259,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлініп,  3 мектеп құрылысы 2012 жылдан ауыспалы болып құрылысы жалғасуда, ал  2  мектеп құрылысы жаңадан басталуда. Атап айтқанда:

  1. Мақтарал ауданы Көрікті (Береке) ауылындағы 600 орындық Еңбек мектебінің құрылысы жұмыстары «АША-А» ЖШС тарапынан жүргізілді. Конкурстық сома – 617 920 мың теңге. 2012 жылға республикалық  бюджеттен–142 138 мың теңге, облыстық  бюджеттен – 20 000 мың теңге бөлініп, жалпы – 162 138 мың теңге толығымен игерілді. Нысан 2013 жылға  ауыспалы болып, республикалық бюджеттен – 426 268 мың тенге, облыстық бюджеттен-32884,0 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылы нысанды пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
  2. Мақтарал ауданы Жаңа ауыл ауылындағы 600 оқушыға арналған Яссауи атындағы мектеп құрылысы жұмыстары «БРАЙМ Керамик» ЖШС тарапынан жүргізілді. Конкурстық сома – 62063,0 мың теңге. 2012 жылға республикалық  бюджеттен–142 137 мың теңге, облыстық  бюджеттен – 20 000 мың теңге бөлініп, жалпы – 162 137 мың теңге толығымен игерілді. Нысан 2013 жылға  ауыспалы болып, республикалық бюджеттен- 423 903 мың теңге,облыстық бюджеттен 39 183,0 мың теңге бөлініп, ағымдағы жылы пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
  3. ОҚО Мақтарал ауданы Қоңырат ауылындағы 600 орындық Болашақ мектебінің құрылысы жұмыстары «Югстройсервис-Н» ЖШС тарапынан жүргізіліп, 2012 жылға республикалық  бюджеттен–142 137 мың теңге, облыстық  бюджеттен – 20 000 мың теңге бөлініп, жалпы – 162 137 мың теңге толығымен игерілді. Нысан 2013 жылға  ауыспалы болып, республикалық бюджеттен- 438 088 мың теңге, облыстық бюджеттен 36782,0  мың теңге бөлініп, ағымдағы жылы пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

4. «ОҚО, Мақтарал ауданы Абай ауыл округінің Алтын кемер елді мекенінде орналасқан Жеңістің 50 жылдығы орта мектебіне Халықтар Достығы елді мекенінен 300 орындық орта мектеп құрылысы» нысанына республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңге бөлінген. Нысан құрылысы бойынша қазіргі таңда жеңімпаз анықталып, «УниверсалПроТехКомпания» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады.
5. «ОҚО, Мақтарал ауданы Ділдәбеков ауылдық округі Сұлубұлақ ауылындағы 300 орындық «Қызылтаң» мектебінің құрылысы» нысанына республикалық бюджеттен 200 000,0 мың теңге бөлінген. Нысан құрылысы бойынша қазіргі таңда жеңімпаз анықталып, «Стройсервис-7» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады.
2013 жылға облыстық  182 602,8 мың теңге қаржы бөлініп, оның ішінде 4 мектеп құрылысы 2012 жылдан ауыспалы. 2013 жылға облыстық бюджет есебінен 3 жаңа мектеп және  2 бала бақша құрылыстары  салынады. 2013 жылдың 1- тоқсанға бөлінген 55 000,0 мың теңге толық игерілді. Атап айтқанда:
1. Қызылқұм ауылдық округі Бірінші мамыр ауылындағы Я.Есенбеков атындағы мектепке 300 орындық оқу корпусы, спорт залы, мәжіліс залы және шеберхана құрылысы. «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС жүргізуде. Конкурстық сома (оңтайландырылған) - 373 234 мың теңгені құрады. 2012 жылға облыстық бюджеттен–295 605 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 15 698 мың теңге бөлініп, жалпы – 311 303 мың теңге толығымен игерілді. 2013 жылы облыстық бюджеттен- бөлінген 64 838 мың теңге. Нысан 2013 жылы жалғасып, қазіргі таңда нысанды мерзімінен бұрын пайдалануға  тапсыру мақсатында құжаттар рәсімделуде.
2. Еңбекші ауылдық округінде Жантақсай  ауылындағы 200 орындық №116 мектебінің құрылысын «Асыл-Кенес» ЖШС жүргізуде. Конкурстық (оңтайландырылған) сома – 303 487 мың теңгені құрады. 2012 жылға облыстық бюджеттен–228 945 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 14 924 мың теңге бөлініп, жалпы – 243 869 мың теңге толығымен игерілді. Нысан 2013 жылы жалғасып, қазіргі таңда нысанды мерзімінен бұрын пайдалануға  тапсыру мақсатында құжаттар рәсімделуде.
3. Ж.Ералиев ауылдық округі Сейфуллин ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысын «Аван-гард-К» ЖШС жүргізуде. Конкурстық (оңтайландырылған) сома – 418 340 мың теңгені құрайды. 2012 жылға облыстық бюджеттен–274 667 мың теңге, жергілікті бюджеттен –  16 579 мың теңге бөлініп, жалпы – 291 246 мың теңге толығымен игерілді. Нысан 2013 жылға ауыспалы.2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген – 129 857 мың теңге.
4.  Ш.Ералиев а/о, Ғ.Муратбаев ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысын «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС жүргізуде. Конкурстық сома – 464 187 мың теңгені құрады. 2013 жылға бөлінген қаржы-285 000 мың тенге. оның ішінде 1-тоқсанға бөлінген- 20 000 мың теңге игерілді.
5. Жылы су а/о, Мырзашоқы ауылындағы 300 орынға арналған Жансүгіров орта мектеп құрылысы- облыстық бюджеттен бөлінген қаржы-285 000 мың тенге. Нысан құрылысы бойынша қазіргі таңда  жеңімпаз анықталып, «Брайм Керамик» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады.
6. Ш.Ділдәбеков а/о, Жеңісті ауылындағы 200 орындық оқу корпусы, спортзал,шеберхана,мәжіліс залы және асхананың құрылысы-облыстық бюджеттен бөлінген қаржы-50 000 мың тенге. Нысан құрылысы бойынша қазіргі таңда жеңімпаз анықталып, «Мрамориал Плюс» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады.
7. Мақталы а/о Тың ауылдағы 200 орындық мектептің құрылысы- облыстық бюджеттен бөлінген қаржы-367 703 мың тенге бөлініп, қазіргі таңда тендер жеңімпазы «Нүрі-Л-Жетысай» ЖШС  құрылыс жұмыстарын бастады.                   
8. А.Қалыбеков а/о 75 орынға арналған балабақша құрылысы- облыстық бюджеттен бөлінген қаржы - 170 038 мың тенге. Нысан құрылысы бойынша қазіргі таңда жеңімпаз анықталып, «Өркениет-К» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады.          
Төмендегі нысандар бойынша  конкурс өткізілуде.
3. Жетісай қаласынан 140 орынға арналған балабақша құрылысы- облыстық бюджеттен бөлінген қаржы-302 570 мың тенге.

       2013 жылға жергілікті бюджеттен білім нысандарына 40 279,2 мың теңге қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып жатқан нысандар.

  1. Атакент кенті Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институты аумағындағы М.Әуезов бойынан 300 орындық мектеп құрылысы;
  2. Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылынан 200 орындық мектеп құрылысы;
  3. Мақатарл ауылдық округі Есентаев елді мекені «Тоқжігітов» атындағы 300 орындық мектеп құрылысы;
  4. Жетісай  қаласы  С.Қожанов көшесі бойындағы стадионды жаңғырту (2 кезең);
  5. Мырзакент кентінен С.Қожанов көшесі бойындағы стадионды жаңғырту (1кезең);

       6.  Жетісай-Атакент тас жолы бойынан көп қабатты 36 пәтерлі   коммуналдық  тұрғын үй;
7. ОҚО,  Мақтарал ауданы Мақтарал ауылдық округі Азаттық ауылы            аумағындағы су қорының жерінен ипподром құрылысын салу үшін.
 

Жоба сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) біткен нысан:
   1. Мақтарал ауылдық округі, Береке ауылындағы 300 оқушы орынға арналған Әл-Фараби атындағы орта мектебінің құрылысы нысаны бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
2. Мақтарал ауданы Жаңа ауыл  ауылдық округі Қарой елді мекенінен 300 орындық мектептің құрылысы нысаны бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.
3. Жамбыл ауылдық округі Тегістік елді мекенінен 300 Ш.Бектасов   мекебінің құрылысы
4. Жамбыл ауылдық округі Андреевка ауылынан 100 орындық бастауыш                сынып блогының құрылысы
5. Мақтарал ауданы Мырзакет кентінен 280 орындық балабақша құрылысы
      
Сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) дайын, жоба сметалық құжаттарын дайындауға конкурс  жарияланып, жобалаушы мекемелер «Диас-проект» ЖШС және  «СуҚұрылысПроект» ЖШС-лары  нысанды жобалуды бастады.

  1. Бірлік ауылдық округі, Табысты ауылындағы 300 оқушыға арналған И.Панфилов атындағы  мектеп құрылысы-7060,0 мың теңге,
  2. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Мырзатөбе ауылындағы 200 оқушыға арналған М.Өтемісұлы атындағы мектеп құрылысы-5980,0 мың теңге,
  3. Достық ауылдық округі, Бескетік ауылындағы 300 оқушыға арналған Ғабдулин атындағы мектеп құрылысы-7060,0 мың теңге,
  4. Ж.Ералиев ауылдық ауылдық округі, Әлімбетов ауылындағы 200 оқушыға арналған «Сырдария» мектеп құрылысы-5980,0 мың теңге.

2013 жылға денсаулық сақтау саласы бойынша төмендегі ауылдық округтерде  құрылыс жұмыстары басталуда. Тапсырыс беруші ОҚО құрылыс басқармасы.
1. ОҚО Мақтарал ауданы Мақтарал ауыл округі Есентаев елді мекенінен      4 төсек орынды күндізгі стационарымен дәрігерлік амбулаториясы құрылысы;
2. ОҚО Мақтарал ауданы Мақтарал ауыл округі Береке елді мекенінен  5 төсек орынды күндізгі стационарымен құрылысы дәрігерлік амбулаториясы;
3. ОҚО Мақтарал ауданы Ж.Ералиев ауыл округі Үтіртөбе елді мекенінен 25 төсек орынды күндізгі стационарымен құрылысы дәрігерлік амбулаториясы;
4. ОҚО, Мақтарал ауданы, Жылысу ауыл округі, Байқоныс елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы;
5. ОҚО, Мақтарал ауданы Қызылқұм ауыл округі Түркебай елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
6. ОҚО, Мақтарал ауданы Қарақай ауыл округі Қарақай елді мекеніндегі Қарақай фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
7. ОҚО Мақтарал ауданы Мақтарал ауыл округ Жұлдыз елді мекеніндегі  фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
8. ОҚО, Мақтарал ауданы Мақтарал ауыл округі, Қазақ ССР-нің 40 жылдығы елді мекеніндегі Назарбек фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
9. ОҚО, Мақтарал ауданы, Иіржар ауыл округі, Дихан елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы;
10. ОҚО Мақтарал ауданы Қызылқұм ауыл округі Датқа елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
11. ОҚО Мақтарал ауданы Ш. Ділдабеков ауыл округі Сұлубұлақ ауылындағы Чкалов фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
12. ОҚО Мақтарал ауданы Ералиев ауылдық округі Қызыләскер елді мекеніндегі Ералиев атындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы;
13. ОҚО Мақтарал ауданы Достық ауылдық округі Қалшораев елді мекенінен 4 төсек орынды күндізгі стационарымен дәрігерлік амбулаториясының құрылысы;
14. ОҚО, Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округі Амангелді елді мекенінен  25 төсек орынды күндізгі стационарымен дәрігерлік амбулаториясының құрылысы.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2012-2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын  іске асыру жөніндегі  2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мақтарал ауданында 2013 жылға «ОҚО Мақтарал ауданы  Мақтарал ауылдық округі Атакент ауылындағы оқу квартал аумағында орналасқан № 2 жатақхана ғимаратын қайта жаңғыртып, коммуналдық үй етіп қайта құру» 2013 жылға нысан құрылысына 155 971,0 мың теңге қаржы бөлініп, «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС жеңімпаз атанып құрылыс жұмыстары жүргізілуде.                                                    
«Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы Жетісай-Атакент тас  жолы бойынан көп пәтерлі көп қабатты коммуналдық тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін» жоба сметалық құжаттамасы дайындалуда.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!