2013 жылы әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлінген бюджеттік қаржылар туралы мәлімет PDF Печать E-mail

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау
2013 жылы бұл бағдарлама бойынша жалпы 3 млрд 797 млн 394 мың теңге қарастырылып толығымен 100 % игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 771 млн. 375 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. 949 млн. 820 мың теңге, 76 млн. 199 мың теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды.
Келесі жұмыстар атқарылды:

  • Ынтымақ ауылдық округі, Көрікті (Береке) ауылындағы 600 орындық «Еңбек» мектебінің құрылысына 460393 мың теңге
  • Жаңа ауыл ауылдық округі, Жаңа ауыл ауылындағы 600 оқушыға арналған Яссауи атындағы мектеп құрылысына 460476 мың теңге
  • Бірлік ауылдық округі, Қоңырат ауылындағы 600 орындық  «Болашақ» мектебінің құрылысына 476138 мың теңге
  • Абай ауылдық округі, Алтын Кемер аулындағы Жеңістің 50 жылдығы орта мектебі үшін Халықтар достығы аулындағы 300 орындық мектептің құрылысына 220 млн. теңге
  • Ш.Ділдабеков ауылдық округі, Сұлубұлақ ауылындағы 300 орындық «Қызылтаң» мектебінің құрылысына 311428 мың теңге
  • Енбекші ауылдық округі, Жантақсай ауылындағы 200 оқушы орындық №116 мектеп құрылысына 60394 мың теңге
  • Қызылқұм ауылдық округі, Бірінші май ауылындағы Есенбеков атындағы мектептің 300 орындық оқу корпусы, спортзалы және мәжіліс залының құрылысына 64838 млн теңге
  • Ж.Ералиев ауыл округі, С.Сейфуллин ауылындағы 300 оқушыға арналған орта мектеп құрылысына 129857 мың теңге
  • Ш.Ділдабеков ауылдық округі, Жеңіс ауылындағы 200 орындық оқу корпусы, спортзал, шеберхана, мәжіліс залы және асхананың құрылысына 250000 мың теңге
  • Ш.Ералиев ауылдық округі, Ғ.Муратбаев ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысына 466313 мың теңге
  • Жылы су ауылдық округі, Мыршоқы ауылындағы 300 орынға арналған Жансүгіров орта мектеп құрылысына 185000 мың теңге
  • Мақталы ауылдық округі, Тың ауылындағы 200 орынға арналған мектеп құрылысына 185000 мың теңге
  • А.Қалыбеков ауылдық округі 75 орынға арналған балабақша құрылысына 171313 мың теңге
  • Жетісай қаласынан 140 орынға арналған балабақша құрылысына 119111 мың теңге
  • 41469 мың теңгеге құрылысы болашақта өтетін аудандағы 13 мектептің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптама жасалынды.

Мәдениет объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 21599 мың теңгеге Мырзакент кентіндегі «Ақалтын» кинотеатр қазандығының құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Cпорт және туризм объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен Мырзакент кентіндегі стадионды қайта құруға 3 млн. теңге, Жетісай қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта құру жұмыстарын аяқтауға 2 млн. теңге, Мақтарал ауылдық округіндегі ипподром құрылысына 1 млн. теңге жалпы 6 млн. теңге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және оны сараптама жасауға бөлініп толығымен игерілді

 

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!