Коммунальное хозяйство
Құрметті аудан тұрғындары! PDF Печать E-mail

Құрметті аудан тұрғындары Мақтарал ауданында орналасқан  қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын Мақтарал ауылдық округі, Жаңа жол ауылдық округі, Мақталы ауылдық округі, Достық ауылдық округтеріндегі полигондарды күтіп ұстау және қызмет көрсетуге қатысты қоғамдық тыңдалым өткізіледі. Қоғамдық тыңдалым өткізілетін орын Жетісай қаласы М.Әуезов №20 аудан әкімдігінің үлкен залы 05.02.2016 жыл сағ 10.00

Төмендегі мекен-жай бойынша ескертулер мен ұсыныстар қабылдананды.
Тел: 6-14-73 электронды почта maktaral.jkh@mail.ru

 
Коммуналдық шаруашылық PDF Печать E-mail

Ауыз су

             Аудан бойынша 182 елді мекенінің 224 дана ауыз су құдығы (скважина) 1451,82 шақырым ауыз су құбыры, 192 ауыз су мұнарасы, 110 орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Жетісай қаласы, 3 кент  тұрғындарын 4 мекеме ауыз сумен қамтамасыз етуде, қалған 20 ауылдық округ тұрғындарын «Мақтарал-Сервис» МКК мен селолық тұтынушылар кооперативтері қамтамасыз етуде. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы жергілікті бюджеттен су құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 102238,0 мың теңге  бөлініп, 91230,4 мың  теңге игерілген, және Омега су тазартқыш қондырғыларына 2500,0 мың теңге игерілді. Асықата елдімекені су құбырларының құрылысына 66 млн 645 мың тенге бөлініп, 63330,2 мың теңге игерілген. Жетісай қаласының су құбырларының құрылысына 2013 жылға 333 млн 027 мың тенге бөлініп, оның 291267,9 мың теңгесі игерілген.

Кәріз жүйесі

Жетісай қаласының кәріз жүйелерін және имараттарын қайта құруға республикалық бюджеттен 770 млн 121 мың теңге бөлініп, 671101,0 мың теңгесі игерілген,  облыстық бюджеттен 77 млн 012 мың теңге бөлініп, 67559,0 мың теңгесі игерілген.

Көгалдандыру, көріктендіру және санитарлық тазалық

Көгалдандыру, көріктендіруге 123709,0  мың теңге қаралып, игерілгені 93007,7 мың теңге. Жарықтандыруға 29 млн 210,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 29209,0 мың  теңге және санитарлық тазалау жұмыстарына 28 млн. 804,0 мың теңге қаралып, игерілген 2875,7 мың теңге.

Электр қуаты

Аудандағы тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етумен «Оңтүстікжарық» ЖШС Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент бөлімшелері айналысады.
2013 жылдың 10 айында аудан бойынша 86 874  309 кВ/сағ. электр қуаты жеткізіліп берілді.
                                                   
Газдандыру

Қазыбек би ауылдық округі Ә.Оспанов елді мекенінің газ құбырларының құрылысына 198 млн. 044 мың теңге бөлініп, 171041,0 мың теңге игерілді.
Ділдәбеков ауылдық округінің газ өткізгіш трассасының құрылысына 246 млн. 574 мың теңге бөлініп, 212432,0 мың теңге игерілген.
Мақтарал ауылдық округі, Есентаев елді мекенінің газ өткізгіштерінің құрылысына 126 млн. 476 мың теңге бөлініп, 121526,0 мың теңге игерілген.
Атамекен ауылдық округі, Мақташы, Атамекен, Гагарин, Жемісті және Қоғалы елді мекендеріндегі (жоғары қысымды газ өткізгішін жеткізу) кентаралық газ өткізгіштерінің құрылысына 150 млн. теңге бөлініп, 138500,0 мың теңге игерілген.
Мырзакент кенті жоғарғы қысымды жеткізуші газ құбыры құрылысына республикалық бюджеттен 372 млн. 326 мың теңге қаралып, одан 312826,0 мың теңгесі игерілген. Облыстық бюджеттен 43 млн 011,0 мың теңге қаралып, оның 43011,0 мың теңгесі игерілген.  
Қазыбек би, Жамбыл е/м кентаралық және газ тарату өткізгіштерінің құрылысына 248 млн. 589 мың теңге қаралған, оның 221270,0 мың  теңгесі игерілген. 

                                                                      
Тұрғын үй

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берілуге мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдері.

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!