Көлік, байланыс, жол PDF Печать E-mail

         

Көлік, жол салаларында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудандағы  жолаушылар тасымалдау бойынша 7 автобекет және 3 автокөлік кәсіпорындары мен 500 –ден астам жеке тұлғалар жолаушыларға аудан ішіндегі бағыт және қалааралық бағыттарға қызметін көрсетуде.
Ауданның көлік жолдарының жалпы ұзындығы 688,6 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 108 шақырымы республикалық, 419,1 шақырымы облыстық, 161,5 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Сонымен қатар, елді мекендердегі көшелердің жалпы ұзындығы 1381,7 шақырым. Аудан көлеміндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердегі көшелерді ағымдағы жөндеуге жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі жылдан жылға артуда.
2015 жылы жергілікті бюджеттен ауданның көшелеріне орта жөндеуге            295 млн. 171,0 мың  теңге бөлініп, 295 170,6 мың теңгесі игерілді. Облыстық бюджет есебінен көшелерді орта жөндеуге 3 423,0 мың теңге бөлініп, 3 422,5 мың теңгесі игерілді.
2015 жылы аудандағы заңсыз жолаушы тасымалдайтын автокөліктер мен жолаушы тасымалдаумен айналысатын автокөлік кәсіпорындарының жұмысын заң шеңберінде қадағалау мақсатында аудандық ІІБ  ӘПБ ЖПП қызметкерлері және бөлім мамандарымен бірлесіп атқарған рейдтік іс-шалар нәтижесінде  заңсыз жолаушы тасымалдайтын және тұрақты бағыттарға қызмет көрсету куәлігінсіз жүрген  70 автокөлікке  ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі,  590-бабы 9-бөлігі, 591-бабы 1-бөлігі, 593-бабы 1-бөлігі, 602-бабы 1-бөлігі, 609-бабы 1-бөлігі, 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар түзіліп,  652980 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!