Ішкі саясат PDF Печать E-mail

          Мақтарал ауданында 56 діни бірлестіктері жұмыс жасайды. Оның – 45-і исламдық, 8-і православиялық, 3-і протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер.
“Нұр Отан” ХДП, “Ауыл” СДП, ЖСДП саяси партияларының өкілдіктері бар.  
Ауданда тоғыз мерзімді басылымдар: “Мақтаарал”, “Нарық әлемі”, “Жетісай жаңалықтары”, “Жетісай ақшамы”, “Ислами насихат”, “Жетісай жарнамасы”, “Орта Азия”, “Өркен”, «Жеті Сыр» газеттері жарыққа шығып аудан жұртшылығына таралады.. 
Он бес үкіметтік емес ұйымдар  «Мақтарал аудандық «Чернобыль ардагерлерінің кеңесі» ҚБ, «Азматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау» ҚБ,  «Мейірімді жүрек» ОҚО жүрек тамыр қоғамы»  ҚБ Мақтарал филиалы, «Мақтарал полиция ардагерлер ұйымы», «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Жергілікті және ауған соғысы ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің Мақтарал аудандық филиалы, «Қазақстан халқының емшілер асоциациясы» қоғамдық бірлестігі Жетісай қалалық филиалы, «Атақоныс» оралмандарды қолдау ұйымы, «Мүгедектер қоғамы», «Зағиптар қоғамы», «Ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры, «Аудандық ардагерлер кеңесі», «Қалалық ардагерлер кеңесі», «Аудандық әйелдер кеңесі», «Мақтарал жастары» қоғамдық бірлестігі ауданның қоғамдық өміріне белсене ат салысып келеді. 
Ауданымыздағы 60-тан астам ұлт өкілдері ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосуда. Тәжік, Славян, Өзбек, Әзірбайжан, Кәріс ұлттық-мәдени орталықтары бар. Олар ауданның қоғамдық – саяси өміріне мерекелік іс-шараларды өткізуде белсенділік танытады.
2013 жылдың 30 қазан күні «Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық – насихаттық топтың мүшесі, ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрайымының орынбасары Сәркеев Бақытжан Құрманбайұлы Мақтарал ауданында тұрғындармен кездесті.

 

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!