Есту қабілеті төмен жандар кедергісіз қызмет алу мүмкіндігіне ие Печать

Мемлекет басшысы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Ең бастысы, олар  да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері тиіс.
«ХҚКО» РМК  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Серік Тургунбайұлының айтуынша, есту қабілеті төмен жандарға кедергісіз қызмет алуына мүмкіндік тудыру үшін ХҚКО қызметкерлері арнайы сурдоаудармашы курстарынан өткен.
– Бүгінде Халыққа қызмет көрсету орталығы қала және ауданның 67 қызметкерлері сурдоаудармашы курсын өткендігі туралы сертификаттарға ие болды. Бір ай ішінде кәсіби педагогтардан олар ымдау көмегімен «электрондық анықтама», «электрондық кезек», «дайын құжат», «электрондық цифралық қолтаңба» және т.б. сөздерді көрсетуді үйренді. Осыған дейін инспекторлар орталыққа келген есту қабілеті нашар жандарға қызмет көрсеткенде түсіндіре алмай ыңғай­сызданса, енді мұндай қиындық жоқ. Саңырау жандар да кедергісіз қызмет ала алады.
Сонымен қатар, Серік Тургунбайұлының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ХҚКО-ларда – мүгедек жандарға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет алу жөнінде кеңес беріп, сондай-ақ, «e-Gov» порта­лымен, электронды сандық қолтаңбаны көрсетіп, салық, айыппұл, баланы бала­бақша кезегіне қою, мекен-жай анық­тамасын, мүгедектігін растау анықта­маларын алу секілді қызметтерді сурдоаударма тәсілдерін меңгерген инспекторлар жұмыс істейді.
«ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалының «Мырзакент» бөлімі