Объявление
Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады PDF Печать E-mail

Кәсіпкерлерге арналған ақпарат. Кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ,  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні.
«ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес. 
ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс:  патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі.
Сондай-ақ, бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өз компьютеріңізде отырып алуға да болады. Ол үшін ғаламторға кіріп порталға тіркелесіз және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек.  Құжаттар тізімі ХҚКО-ға ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

 

       «ХҚКО» РМК ОҚО бойынша филиалының «Мырзакент» бөлімі

 
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» PDF Печать E-mail

Қазіргі таңда әр тауарды тұтынушыларға жарнамалау кеңінен таралған. Өмірде адамның денсаулығына қажетті дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, құралдарды жарнамалау үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Жарнамалауға рұқсат алғыңыз келсе, өз өніміңізді тұтынушыларға жарнамалау керек болса, халыққа қызмет көрсету орталығы сіздерге «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» қызметін ұсынады.

Ол үшін тұтынушы орталыққа:
1)мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдағыштағы жарнамалық ақпараттың мәтінін;
2) жарнаманы теледидар арналары мен радиоға орналастыру кезіндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейне,-аудиожазбадағы жарнамалық ақпараттың мәтінін;
3) мемлекеттік тіркеу кезінде бекітілген нұсқаулықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі мен түпнұсқасы, пайдалану құжатының көшірмесі мен түпнұсқасын;
4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті берген тіркеу куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасын;
5) жарнамалық материалдарға сараптама жүргізуге арналған төлемді растау құжатын;
6) қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасын алып,  жарнамаға рұқсат алуға арналған өтініш толтыру қажет.
Аталған қызмет жеке және заңды тұлғаларға отыз күнтізбелік күнде  тегін негізде көрсетіледі.
Бұл қызметті Электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы да алуға болатынын хабарлаймыз.

 
ОҚО бойынша 1, 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие PDF Печать E-mail

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйден шықпастан құжат толтырып, орталық қызметіне жүгіне алады.
«ХҚКО- ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.»
Сонымен қатар ескеретін жайт, «Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған.

 
ҚР- ның аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру PDF Печать E-mail

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көптеген мемлекеттік қызметтерді ұсынады, сонын ішінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру». Бұл күнделікті өмірде екінің бірінен қажетті орынға талап етілетін құжат болып саналады. Сол себепті, бұл қызметке сұраныс көп.
ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін:
сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі туралы мәліметтерді ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
Көрсетілетін қызметалушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Егер аталған  мемлекеттік қызмет бойынша  мәлімет қажет болған жағдайда, ақпаратты бірыңғай байланыс  орталығының 1414  телефоны бойынша алуға болады

 
Запастағы сарбаздарға, сержанттарға ХҚКО-ры арқылы әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру PDF Печать E-mail

Отан қорғау әркімнің азаматтық борышы, міндеті. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса-ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.  Аман есен отан қорғап әскерден оралған соң өзіңіздің жергілікті қорғаныс істер бөліміне құжаттар топтамасын өткізу қажет екенін ұмытпаңыз немесе ХҚКО-ға да жүгінуге болады.
Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билетер беру мерзімі 30 жұмыс күні. Құжаттар топтамасын әзірлеу уақыты 15 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде.
Әскерге шақыру кейінге қалдырылғанына байланысты әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға,
ішкі істер, қаржы полициясы, қылмыстық-атқару жүйесі органдары оқу орындарының және өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімшелерін бітіргендерге, әскери-есептік мамандықтарын алған және әскери есепке қоюға жататын әйелдерге, әскери қызметтен запасқа шығарылғандарға, басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендерге, ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде,  жоғалту фактісі орын алып жатса, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен азаматтар ХҚКО арқылы тиісті  құжатын алуға өтініш бере алады. Ол үшін 
жеке куәлік
әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы қорытындысы бар медициналық анықтама білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;
3х4 екі фото суретін өзімен әкелуі шарт.

Қосымша ақпаратты www.con.gov.kz сайтынан және «ХҚКО» РМК әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан немесе бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны бойынша алуға болады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!