Объявление
Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына PDF Печать E-mail

«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, тиісті субсидияларды төлеу мақсатында, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде АШТӨ-нен өтінімдері мен тиісті құжаттары, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер берген төлем туралы өтінімдер немесе АШТӨ-лер өтінімдерінің жиынтық тізілімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 24 тамызында басталып, ағымдағы жылдың 01 қарашасына дейін жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен бекітілген қағида қоса жарияланады.      

Жалғасы...
 
Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына PDF Печать E-mail

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген қағидаға және «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 12.06.2015 жылғы № 168 қаулысына сәйкес, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында,  ауданда құрылған ведомствоаралық комиссиясының төрағасы бекіткен жұмыс тәртібіне сәйкес, жергілікті ауылдық округтерінде суда тез еритін отандық, шет елдік тыңайтқыштарды алатын АШТӨ-нің өтінімдері мен тиісті құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың 10 тамызы мен 31 тамызы аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Жалғасы...
 
Конкурс туралы хабарландыру PDF Печать E-mail

Орта білім беру ұйымдарында 
білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша          

Конкурс туралы хабарландыру

«Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, Жұмыс телефоны (факс): 8(72534) 6-52-61, ұялы телефон: 8 (702) 761-04-57, электрондық поштасы: http://maktaral.gov.kz/
орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
      Қызмет: Мақтарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептердегі аз қамтамасыз етілген оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурсы: оқушылар саны 2435, бөлінген қаржы – 45 778 000,00 (кырық бес миллион жеті жүз жетпіс сегіз мың) теңге 00 тиын теңге. Барлығы 121 лот.
     Қызметті көрсету мерзімі: 2015 жылдың 01 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында.
     Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық
әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
      Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2015 жылғы 24 тамыз күні дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинет сағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін және/немесе «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің http://maktaral.gov.kz/ интернет-ресурсынан алуға болады.
      Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді
әлеуетті өнім берушілер «Мақтарал ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша индекс-160500, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, №5 үй, №4 кабинет жібереді.

Жалғасы...
 
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1, 2 топтағы 52 260 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие PDF Печать E-mail

     Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйден шықпастан құжат толтырып, орталық қызметіне жүгіне алады. Жылдың басынан Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 230 тұрғын мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпастан алды. Облыс бойынша 275 мемлекеттік қызмет түрі үйге бара отырып көрсетілді. Өтінімдердің басым бөлігі Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларынан келіп түсті.
Мүгедектерге үй жағдайында қызмет көрсету мәселесі ХҚКО облыстық филиалының өкілдері және мүгедектерді оңалту орталығының өкілдерінің қатысуымен  өткен дөңгелек үстел барысында талқыланып, қолға алынған.
«Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған. 1, 2 – топтағы мүгедектерге үйлеріне барып, есту қабілеті нашар азаматтарға SMS көмегімен қызмет көрсетудеміз.Сонымен қатар, мүгедектердің компьютерлік сауатын ашып, көрсетілетін қызметті өз ыңғайына қарай пайдалана алуы үшін Электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді үйретудеміз.
Үйде көрсетілетін қызметтердің ішінде мекенжай анықтамалары, жылжымайтын мүлкінің жоқ/бар екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар көп сұранымға ие. Сол сияқты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу және кезекке қою, төлқұжаттар мен жеке куәліктер ресімдеу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты қызметтерге де сұраныстар түседі.» - дейді «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып қызмет көрсету, қызметін қадағалауға жауапты қызметкер Даурен Мауленов.
«ХҚКО- ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414»  бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті мемлекеттік қызметтер туралы кеңес алып, өзіңізге керекті мемлекеттік қызметке тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.»
Халыққа қызмет көрсету орталығы Асықата бөлімі

 
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1, 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында алу мүмкіндігіне ие PDF Печать E-mail

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйден шықпастан құжат толтырып, орталық қызметіне жүгіне алады.
«ХҚКО»-ның ұсынатын барлық мемлекеттік қызметтерін үйінен шықпай-ақ алу үшін «1414» бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалсаңыз болады. Осылайша сіз қажетті тапсырыс бере аласыз. Осыдан кейін ХҚКО қызметкерлері Сізге хабарласып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін ұсынады және бару үшін қолайлы уақытты белгілейді. Бұл үдеріс 72 жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.»
Сонымен қатар ескеретін жайт, «Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз мемлекеттік қызметтерді ешқандай тосқауылсыз алуына мүмкіндіктер қарастырылған. ХҚКО-ларға «кедергісіз» кіру үшін пандустар мен шақыру батырмалары орнатылған.

Халыққа қызмет көрсету орталығы Мақтарал аудандық бөлімі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!