Объявление
«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» PDF Печать E-mail

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады. 
«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі.
Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз:
1) сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
5)     мүгедектігі туралы анықтама;
6)     банктегі шоттың болуы туралы құжат;
7) сәйкес нысан бойынша мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
ХҚКО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттікқызметтеркөрсетумәселелеріжөніндегіақпаратты – 1414 нөміріненбілсеңізболады.

 
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты қалай алуға болады? PDF Печать E-mail

Жылжымайтын мүлік құжаттарын ресімдеу қажеттілігіне тап болғанда, меншік иесі мынадай сұрақпен кезігеді: техникалық төлқұжат ресімдеу процедурасы қалай жүзеге асырылады? Жылжымайтын мүлік нысанының техникалық төлқұжатының бар болуы жылжымайтын мүлік нысанының иесінің мәртебесін растау үшін қажет. Ол құжатсыз сату, жалға беру және кепілге беру мүмкін емес.
Техникалық төлқұжат - бұл үйдің физикалық күйін көрсететін ақпараттық-анықтамалық құжат. Техникалық төлқұжатта үй-жайдың ауданы, бөлмелердің саны, үй-жайдың қабырғалары қандай материалдан жасалғаны туралы мәліметтер, барлық техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары көрсетілген.
Техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын анықтауға бағытталған және техникалық төлқұжатты алуға қажетті барлық жұмыстар алғашқы және кейінгі бақылауға бөлінеді.
Алғашқы бақылауға жаңа жылжымайтын мүлік нысандары жатады. Оның нәтижелері бойынша техникалық төлқұжат жасалады.
Кейінгі бақылау жылжымайтын мүлік нысанының сәйкестендіру және техникалық сипаттамаларының өзгеруі немесе қайта жабдықтау жағдайында жүргізіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты беру»  мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға өзімен бірге келесі құжаттар болуы тиіс:  Жеке куәлігі және жылжымайтын мүлік объектісінің құқығын анықтайтын  құжаттар.      Қызмет-ақылы. Төлем өтініш берген кезде және дайын техникалық паспортты алған кезде қызметтің базалық  құны түрінде жүргізіледі. 
Сонымен бірге бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай өз компьютеріңізде отырып алуға болады. Осы үшін тиісінше, ғаламторға шығып, порталға тіркелу керек және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы шарт.  Құжаттар тізімі ХҚКО ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.
Қызметті көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты:
1) пәтерге, жатаханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт 3 жұмыс күні ішінде беріледі;  
2) жеке  тұрғылықты үйлерге, жеке  гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт 7  жұмыс күні ішінде беріледі;   
3) жалпы алаңы 1000 шаршы метр жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 10 жұмыс күні ішінде беріледі;     
4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын  жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт 20 жұмыс күні ішінде беріледі.     
Осы қызметті ресімдеген кезде  тұтынушы техниктердің мамандарымен байланысқа шығуы және олардың үйге бару уақыты жөнінде келісіп алуы үшін  деректерді дұрыс көрсету қажет.

 
Мобильді үкімет қосымшасы PDF Печать E-mail

Мобильдік үкімет  - халыққа қызметтерді ұсынудың қосымша каналы. Қызметті енді смартфондар, планшеттер, сондай-ақ дәстүрлі телефондар арқылы алу мүмкіндігі бар.  Мобильдік үкімет – жасына, әлеуметтік мәртебесіне, біліміне және тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың үлкен санымен өзара байланысқа арналған қолайлы жол, себебі ол жаппай қол жетімді.
Мобильдік үкіметтің қызметтерін және сервистерін пайдалану үшін, сізге азаматтардың Мобильдік базасында тіркелу қажет. Тіркеу мыналар арқылы қол жетімді :
1.www.egov.kz электрондық үкімет порталы
2.ҚР халыққа қызмет көрсету орталықтары
            3.egov.kz мобильдік қосымшасы
«Мобильдік үкімет» пайдаланушысы бола отырып, сіз:
мемлекеттік деректер қорынан өз дербес деректеріңізді қарай аласыз, ол – мобильдік жеке кабинет деп аталады. Мобильдік жеке кабинетте сіз ақпаратты көре аласыз:
1.сіздің орналасқан орныңыз туралы;
2.тұрғылықты және тіркелген мекенжайлары;
3.жеке басты куәландыратын құжаттардың деректері;
4.заңды тұлғаларға қатысу айғағы;
5.некені тіркеу туралы мәліметтер;
6.әлеуметтік мәртебесі;
7.сіздің жылжымайтын мүлкіңіз туралы мәліметтер;
8.жүргізуші куәлігінің деректері;
9.сіздің ЖСН тіркелген лицензиялар бойынша мәліметтер;
10.көліктік ақпарат;
11.ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың болуы/болмауы.
Өз ұялы телефоныңа хабарламалар алу, мысалы : ХҚКО және «электрондық үкімет» порталында құжаттардың дайын екендігі туралы, ЖҚЕ бұзылуы және айыппұл сомасы туралы, сондай-ақ т.б. туралы;
сонымен қатар, мобильдік үкімет пайдаланушылары, мобильдік қосымшаны жүктеместен ақпаратты  SMS-хабарлама арқылы ала алады, келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін  1414 қысқа нөміріне мәтін жіберу қажет:
1.1414 «автомобиль техтексеріс нөмірі» мәтінін жіберіп, техтексерістен өтудің қолданыс мерзімдерін қарау;
2.1414 «тұрғын үйге кезек ЖСН» мәтінін жіберіп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезек нөмірін қарау.

Мобильді үкімет қосымшасын жүктеу және толық ақпарат үшін аудандық ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторының» инспекторларына жолығуларыңызға болады
 
«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жер құрылысы жобаларын бекіту». PDF Печать E-mail

Бүгін жер қатынастары бағыты бойынша қызметтерді алу үшін тікелей қызмет берушіден ғана емес, сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да алуға болады, ал ЭЦҚ болған жағдайда оларды электрондық үкімет порталында онлайн тапсырыс беруге болады.
Оның бірі тұрғындар арасында жиі кездесетін «Жер учаскелерін қалыптасытру бойынша жер құрылысы жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі.
Инспекторға тиісті құжаттар пакетін тапсыру үшін сізге 15 минут қажет. Құжаттар ішінде өтініш, жеке куәлік, жер құрылысының жобасы, жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жерді қолдану құқығын сұрату кезіндегі жер учаскесін ұсыну туралы комиссияның оң қорытындысының көшірмесі болу қажет. Егер қызметті сенімді тұлға алатын болса, онда сенімхат қажет.  Егер сізде ХҚКО келу үшін уақытыңыз болмаған жағдайда, қызметте электрондық үкімет порталының  е-лицензиялау бөлімінің «Ауыл шаруашылығы» қосымша бетінен алуға болады. Сіздің  ЭЦҚ бекітілген онлайн-өтінішіңізге бөлімдегі инспекторға ұсынатын құжаттарыңызды электрондық түрде ұсынуыңыз қажет.
Дайын құжаттарды 7 жұмыс күні өткеннен кейін алуға болады. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Сонымен бірге қызметті өзбетінше Connection Point секторында Электрондық үкімет порталында онлайн ресімдеуді байқап көруге болады. Ең бастысы электрондық-цифралық қолтаңба болса болғаны.

 
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет. PDF Печать E-mail

Елбасы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуға шақырды. Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті. Олар үшін Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы қажеттігін айтты. Осындай бастаманың бірі ретінде I-II топ мүгедек жандарға қызмет көрсету мәселелері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінде бірыңғай байланыс орталығы 1414  нөміріне тегін қоңырау шалып өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерге өтініш бере алады. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып 1414 кеңесшісі 10 минуттың ішінде тұтынушының Т.А.Ә қабылдау күнін, мемлекеттік қызмет түрін, тұрақты тұратын жерін, байланыс телефонын базаға енгізіп, өтінішін қабылдап, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керектігін айтады. Бірыңғай байланыс орталығының кеңесшісі РМК-ның Халыққа қызмет көрсету орталығының жауапты қызметкеріне жібереді.
Мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға жауапты маманы келіп түскен өтініш иесіне хабарласып баратын уақыты мен келісіп, алынып жатқан мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардын керек екендігі туралы толық мағлұмат беріп 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уйлеріне барып Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы қабылданып дайын болған құжаттарды мобильді топ арқылы апарып береді. Тұтынушының келісімімен Электронды Үкімет Порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

 

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!