Объявление
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты PDF Печать E-mail

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – ХҚКО) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
      2) дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) ХҚКО;
      2) құжаттарды портал арқылы қабылданған кезде – көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-да көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей.
      Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ХҚКО-ға жүгінген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);
      .Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру.
     

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Заңнамамен белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, Бірыңғай байланыс-орталығы 1414 арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде;
      2) ХҚКО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) порталдың – www.egov.kz орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігі мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық сұрау салуды беру жолымен алу кезінде көзделеді.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

 
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет. PDF Печать E-mail

Елбасы «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуға шақырды. Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті. Олар үшін Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы қажеттігін айтты. Осындай бастаманың бірі ретінде I-II топ мүгедек жандарға қызмет көрсету мәселелері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінде бірыңғай байланыс орталығы 1414  нөміріне тегін қоңырау шалып өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерге өтініш бере алады. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласып 1414 кеңесшісі 10 минуттың ішінде тұтынушының Т.А.Ә қабылдау күнін, мемлекеттік қызмет түрін, тұрақты тұратын жерін, байланыс телефонын базаға енгізіп, өтінішін қабылдап, тұтынушыға мемлекеттік қызмет алу үшін қандай құжаттарды ұсыну керектігін айтады. Бірыңғай байланыс орталығының кеңесшісі РМК-ның Халыққа қызмет көрсету орталығының жауапты қызметкеріне жібереді.
Мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға жауапты маманы келіп түскен өтініш иесіне хабарласып баратын уақыты мен келісіп, алынып жатқан мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардын керек екендігі туралы толық мағлұмат беріп 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уйлеріне барып Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы қабылданып дайын болған құжаттарды мобильді топ арқылы апарып береді. Тұтынушының келісімімен Электронды Үкімет Порталы арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

 
Родители будущих школьников могут получить адресную справку через портал электронного правительства egov.kz PDF Печать E-mail

Получить адресную справку через портал электронного правительства теперь можно и на своего ребенка. Это особенно удобно, к примеру, для родителей, чьи дети в этом году идут в школу. Адресная справка входит в перечень документов, обязательных к предъявлению для зачисления в первый класс.
Чтобы получить справку в электронном виде нужно зарегистрироваться на egov.kz и иметь электронную цифровую подпись, а также знать ИИН ребенка. При заполнении электронной заявки пользователь выбирает, на кого он получает справку, и вводит ИИН данного лица. Система устанавливает, действительно ли обладатель указанного идентификационного номера является вашим ребенком. После этого запрос заверяется ЭЦП и, через несколько секунд справка готова. По такому же принципу через портал электронного правительства справку можно получить на имя супруга или супруги, если брак был зарегистрирован в 2008 году и позже.

 
Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын өзектендіру жалғасуда PDF Печать E-mail

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында азаматтар туралы мәліметтерді өзектендіру жөнінде бүкіл елімізде кампаниялар жүргізуде. Олардың қызметкерлері жергілікті тұрғындардың пәтерлерін аралауда және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәліметтерін түзету немесе қайта құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жібереді.   
Деректер қорындағы көптеген сәйкессіздіктер оның құрылған сәтінен орын алған, ол кезде ақпарат жүйеге қағаз тасығыштардан түсірілген болатын. Біреулері жаңа тұрғылықты жері бойынша қайта тіркеуден өтпеген, енді біреулері басқа елге көшіп кеткен, бірақ құжаттарын тапсырмағандықтан, базада есепте тұра берген. Қайтыс болғандардың туыстары қайтыс болу туралы куәлікті алмағандықтан, деректер қорында тірі адамдар ретінде тіркелген жағдайлар да орын алды.
Сондай-ақ, бүгінгі күні қолданылу мерзімі өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында:
-   қолданылу мерзімі өткен жеке куәліктер;
- тұрғылықты жері нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтін, оның ішінде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетілген ескі үлгідегі жеке куәліктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.
Айта кетейік, өзекті деректері бар ескі үлгідегі жеке куәліктердің болуы және қолданылу мерзімі өтпеген жаңа үлгідегі куәліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Алайда, қоллданылу мерзімі өткен не деректері ескірген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшін ХҚКО-ларға (көші-қон бөлімдеріне) жүгіну керектігін естеріңізге саламыз.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі
Тел.: 74-03-43

 
Мобильдік эцқ көмегімен қызметтерді алу! PDF Печать E-mail

2015 жылдан бастап біздің елде қызметтерді алу бұрынғыдан да жеңілдеді, бастысы жылдамдады. Мобильдік қолтаңба технологиясы «мобильдік үкімет» жобасы жаңалықтарының бірі, сондай-ақ оның маңызды құрамдасы болып табылады.
Бұрын біз пайдаланушы ЭЦҚ компьютерде, тасымалды құрылғыда немесе жеке куәлікте жазылған түрде көріп үйрендік. Енді пайдаланушы ЭЦҚ оның  sim-картасына байланыстырылуы тиіс. Басты артықшылығы пайдалану оңайлығы және мобильділік болып табылады. Пайдаланушы сұранысын растау үшін мәтіндік хабарламалар жіберуге қабілетті ең қарапайым телефон қажет. Мобильдік ЭЦҚ ұялы телефонның кез келген моделінен электронды қызметтер және сервистерді алуға мүмкіндік береді.
Тиісті sim-картаны  Астана, Алматы қаласындағы «Алтел» АҚ сату бөлімдерінен ағымдағы жылдың қыркүйек айында сатып алуға болады. ҚР қалған аумақтарында ЭЦҚ бар sim-карталарды тарату а.ж. қазан айына жоспарланған. Егер пайдаланушыда әдеттегі «Алтел» АҚ  sim-картасы болса, Алтел сату орталықтарына барғанда қарапайым  сим-картаны ЭЦҚ жазу мүмкіндігі бар  sim-картаға ауыстыра алады, осы ретте қызмет құны 101 тг. Құрайтын болады. Абоненттің қолданыстағы мобильдік нөмірі, тарифтік жоспары да сақталатын болады.
Егер пайдаланушы оған ЭЦҚ жазу мүмкіндігі бар sim-картаны бірінші рет сатып алса, оператордағы оның құны 200 тг. құрайтын болады.

Мобильдік эцқ көмегімен қызметтерді қалай алуға болады?
Мобильдік ЭЦҚ еgov.kz мобильдік қосымшасын  пайдалана отырып, сондай-ақ  қызметтерді алу үшін смс-хабарламалар жіберу арқылы қолдануға болады.
еgov.kz мобильдік қосымшасы арқылы мобильдік ЭЦҚ көмегімен қызметтерді алу
еgov.kz мобильдік қосымшасында   пайдаланушыға 17 электрондық көрсетілетін қызметтер/сервистері үшін мобильдік ЭЦҚ қол қою жетімді болады.
Мобильдік ЭЦҚ қоюмен пайдаланушыға қол жетімді қызметтер тізбесі:

  1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру
  2. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру
  4. Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру
  5. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру
  6. Некені тікреу туралы анықтама беру  
  7. Туу туралы анықтама беру
  8. Жер учаскесіне кадастрлік ақпарат алу
  9. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру
  10. Мекенжай анықтамасын беру
  11. Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама алу
  12. Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамаларына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтамалар беру
  13. Заңды тұлғаның филиалдары және өкілдіктері туралы анықтамалар алу
  14. «Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы» анықтама беру
  15. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктерге қатысуы туралы анықтама беру
  16. «Заңды тұлғаның, филиалы немесе өкілдіктерінің барлық тіркелген әрекеттері туралы» анықтама алу
  17. Электрондық өтініштер.

Қызметті алу үшін мобильдік ЭЦҚ арқылы еgov.kz мобильдік қосымшасын  пайдалана отырып, қызметті алу үшін мыналар қажет:

  1. «Мобильдік куәлік көмегімен қол қою» сұранысына қол қою тәсілін таңдау.
  2. Мобильдік ЭЦҚ бар мобильді телефонның нөмірін растау.
  3. Мобильдік телефонда «Қызмет көрсетуге ? қол қою» хабарламасы көрсетіледі. Қол қою процесін растау.
  4. Мобильдік телефонда «Кілт …. Әрі қарай?» кілт атауы көрсетіледі.  Қол қою процесін жалғастыруды растау.
  5. Мобильдік телефонда «PIN-кодты енгізіңіз» командасы көрсетіледі. ЭЦҚ PIN-кодын енгізу және қол қою процесін жалғастыруды растау.
  6. Мобильдік телефонда «Қолтаңба ойдағыдай қалыптасқан!» хабарламасы көрсетіледі. Қол қою процесін растау
  7. «Нәтижені қарау» батырмасын басу.
  8. Мобильдік жеке кабинетте («Өтініштер тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап ету орны бойынша ұсыну.
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңғысы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!