Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың орнын толтыру жөнінде жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Печать

Мақтарал ауданы әкімдігі бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың орнын толтыру мақсатында аудан тұрғындары /жастары/ арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 7 тамыз күні Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен біргелікте аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, жастар орталығының өкілдері, мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіруші азаматтар, аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жастар және  БАҚ өкілдерінің қатысуымен арнайы семинар өткізіліп, оған 183 адам қамтылды. Аталған семинар аудандық «Мақтаарал» газетінің 14.08.2015 жылғы №37(8789) санды нөмірінде «Дипломмен мемлекеттік қызметке» атты тақырыбымен жарияланды және «Шымкент-Қазақстан» телеарнасында көрсетілді.
Сондай-ақ, 2015 жылғы 19 тамыз күні сағат 11.00-де Мақтарал аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен біргелікте аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Мақтарал ауданы әкімдігі бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар туралы» азаматтармен кездесу өтетіндігі жөнінде және бос лауазымдардың тізімдерімен қоса аудандық «Мақтаарал» газетіне арнайы хабарландырулар берілді.
Аудандық «Мақтаарал» газетінің 14.08.2015 жылғы №37(8789) санды нөмірінде Мақтарал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі бөлімінің басшысы А.Әжібектің «Мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу-азаматтардың конституциялық құқығы» атты тақырыппен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібі туралы мақаласы жарияланды.
Сырдария университетімен түзілген меморандумға сәйкес бітіруші студенттер арасында мемлекеттің қызметке кіру тәртібін түсіндіру жөнінде семинарлар өтуде.
Сонымен қатар 2015 жылдың 17 қыркүйек күні Жетісай қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің, жастар орталығының өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың, көше билерінің, мемлекеттік қызметке орналасуға ниет білдіруші азаматтардың және БАҚ өкілдерінің жалпы 88 адамның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да жоспарға қойылып, бақылауға алынған.

 

Мақтарал ауданы әкімі аппаратының
персоналды басқару жөніндегі бөлімі