Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар туралы Печать

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) белгіленген нысандағы өтініш; 
2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама; 
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 
 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Мемлекеттік қызмешілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Сонымен бірге, конкурсқа қатысушылар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. 
Азаматтар конкурсқа қатысу үшін  құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар құжаттарын хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.
Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады.

Мақтарал ауданы әкімінің аппараты
160500,  Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі 20 үй, 2-қабат, 5,7-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8(72534) 6-28-91 Е.Сейдалиев, 6-12-67 А.Әжібек
Электронды пошта: personal_ Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.