Сейсенбі, 19 Қаңтар 2016

Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 52-328-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы PDF Печать Email

Аудандық мәслихат шешімінің
жобасы

 

 Мақтаарал аудандық мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы «2016-2018
жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№ 52-328-V шешіміне өзгерістер
енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы №46/382-V «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №44/351-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3530 тіркелген шешіміне сәйкес Мақтаарал аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №52-328-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3485 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мақтаарал ауданының 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 29908915 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1605047 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 34474 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 28259394 мың теңге;
2) шығындар – 29909566 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 307500 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 381780 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 74280 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы – -308151 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру– 308151 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 381780 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 73629 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 тенге.».
Көрсетілген шешімнің 1қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 7 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын..
3. Осы шешім www.maktaral.gov.kz. ауданның ресми веб-сайтында жариялансын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады, алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы:                                                     Е. Жумадилов

 

Аудандық мәслихаттың
хатшысы:                                                                              О.Дәндібаев

 


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!