Сейсенбі, 15 Желтоқсан 2015

Жолдау – ел дамуының жоспары PDF Печать Email

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы заман ағысына қарай межелерді белгілеп, жоспарларды реттеп отыру керектігін еске салады. Биылғы Жолдау жалпы жұртшылыққа үлкен серпіліс әкелді.  
     Елбасының әрбір Жолдауы өз алдына ел дамуы үшін құнды, барлық азаматтар үшін үлкен маңызға ие.
     Жолдаудың басты ерекшелігі – халықтың әл-ауқатын төмендетпеуге арналып отыр. Қазақстанның даму жолын айқындайтын құжат еліміздің түкпір-түкпірлерінде, ауданымызда, соның ішінде аудандық партия филиалының барлық  33 бастауыш партия ұйымдарында, барлық партиялық топтарында, оқу орындары мен өзге де орындарда кеңінен қолдау табуда. Ауданымыздағы Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлері бойынша құрылған төрт үгіт-насихат тобы Жолдау аясында өткен жиындарға қатысып,  насихаттау бағытында жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Ә.Байдуллаев «Достық» ауылдық округіндегі елді мекендерде болып, Жолдауды насихаттау әрі түсіндіру бойынша тұрғылықты халықтармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ә.Ә.Байдуллаев Жолдаудың маңыздылығына, мақсат-міндеттеріне тоқталып, баяндама жасады және насихаттық топтардың Жолдауды халыққа түсіндіруде белсенді жұмыс жүргізулері керектігіне тоқталды. Өткен жиындарда «Гүлстан» ауылының ауыл биі Кучаров Базарбай, «С.Айни» атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары Жайнаров Еркебай, «Достық» ССТК төрағасы Курбанов Ахатбек, шаруа қожалығының төрағасы Дадаев Хомроқұл, «Тұрсынзаде» атындағы жалпы орта мектеп директоры Уразова Зульфия, «Х.Тугушев» ауылының ауыл биі Алимов Акажан сөз алып. өз ойларын ортаға салды. Өткізілген жиналыстарды қорытындылай келе Ә.Ә.Байдуллаев Елбасының Қазақтан халқына Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікпенен қолдап-қуаттап, әрбір азаматтың өз үлестерін қосуға шақырды.

«Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық
филиалының консультанты М.Қожабекова

 


«Тәуелсіздік тұғырым» мерекелік кеші PDF Печать Email

Ауданымызда алғаш рет желтоқсанның 14 жұлдызында Тәуелсіздік күніне орай жастарға арналған мерекелік кеш өтті. «Жас Отан» Жастар қанаты мен  ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған іс – шара қара шаңырақ өнер ордасы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында болып, оған қала, кент, ауылдық округретдегі жастармен жұмыс жасайтын мамандар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласы қызметкерлері, «Алтын белгіге» үміткер оқушылар, құқық қорғау  және  арнаулы орта оқу орындарының жастары белсенді қатысты. Тілек-лебіздерімен  Мақтаралдық жастарды мерекемен құттықтап аудан әкімінің орынбасары А.Есенбеков әр салада 

  Подробнее...


«Спорт – жігер, cпорт - бірлік» атты турнир өтті PDF Печать Email

Қазақ Хандығының 550 жылдығы мен 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданында ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жүлдесі үшін «Спорт – жігер, Спорт - бірлік» атты ұранымен еркін күрестен жасөспірім арасында аудан біріншілігі өтті. Жетісай қаласындағы спорт кешенінде болып өткен іс-шараға аудандық «Жас Отан» Жастар қанаты мен ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымы да қолдау көрсетті.
Жарысқа Мақтаарал ауданының спортшылары қатысты. Сайыс негізінен 2003–2005 жылдары  туылған  29кг, 32кг, 35кг, 38кг, 42кг салмақта, 2001-2002 жылдары  туылған 38кг, 42кг, 46кг, 50кг, 54кг салмақтағы жасөспірімдер арасында өтті. 

  Подробнее...


Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына PDF Печать Email

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі      № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, «Мақтаарал» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 09.10.2015 жылғы № 45 санды нөмерінде жарияланған хабарландыруға өзгерістер енгізіліп, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде АШТӨ-нің өтінімдері мен тиісті құжаттарын қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартылғандығын хабарлаймыз.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі.

 


Жолдау – жаңа міндет жүктейді PDF Печать Email

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы қарсаңында Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:  өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Елбасы Тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктерімізді айта отырып, мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін орындап келгенін, тарихымызды түгелдеп, мәдениетімізді өркендетуге қол жеткізгеніміз туралы айтып өтті.
Елбасы Жолдауда әлемдік саясат пен сырт елдерде болып жатқан жағдайларға елімізді шарпытпай, әлем көшінен қалмай ілгерілеп, ел экономикасының еңсесін түсірмей, халықтың әл-ауқатын  көтеру мен бірлік жайында баса айтты. Сонымен қатар, қиын да күрделі кезеңде, көз алдымызда мың құбылып жатқан қоғамда өмір кешіп отырғанымыз жасырын еместігін де еске салып, тиісті министрліктерге халыққа оңтайлы бағыттарды ұсынды. Жаңа индустриялық және инновациялық жобалардың қарқынын күшейтуді тапсырды.

  Подробнее...


Ауа райы

Баннерлер

Free template 'Feel Free' by [ Anch ] Gorsk.net Studio. Please, don't remove this hidden copyleft!